
- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам.
- •Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6.Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68. Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Қылмыстық заңның құрылымы
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы
- •76. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •77. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
- •78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80. Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •82. Табиғат пайдалану құқығы.
- •Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89. Қылмыстық процесске қатысушылар
- •90.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.
Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:
Құқық қорғау міндетінің болуы
Құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану
Заңмен қатаң түрде регламенттеу
Белгіленген рәсім-іс жүргізу тәртібі болып табылады.
Құқық қорғау қызметінің мақсаты - құқықпен міндетті қорғау-олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және оларың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану.
Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары ауқымының, олардың құзыреті мен міндеттерінің үнемі өзгеріп отыратынын атап өткен жөн. Уақыт пен тәжірибе өз түзетулерін енгізіп отырады.
51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
Құқық қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау болып саналады. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып есептеледі.
Конституцияға және «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы заң күші бар Жарлыққа сәйкес, Республика Прокуратурасы:
Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің және бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тіркеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады
Сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды
Қылмыстық қудалауды іске асырады.
Прокуратура органдарының қызмтіне араласцға тыйым салынады. Прокурорлардың шешіміне ықпал етуге тырысудың кез келгеніне тыйым салынады және қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік туғызады.
Прокуратура қызметкерлері үшін мыналар міндетті талаптар болып есептеледі:
Қазақстан Республикасының азаматтығы
Заңгерлік жоғары білім
Сотталмағандық, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылмағандық
Денсаулық жағдайы
Іскерлік және моральдық қасиеттері.
52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттеріне мыналар жатады: жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекет саясатын жасауға және оны іске асыруға қатысу; шет мемлекеттердің және адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында барлау және өзге де дұшпандық қызметпен айналысуын ашу және оған жол бермеу бағытында жұмыс жүргізу; олардың қарауына жатқызылған қылмыстарды ашу, болдырмау, әшкерелеу және тексеру.
Ұлттық қауіпсіздік органдары тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағындырылған. Олардың қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның Заң алдындағы теңдігі, азаматтардың құқығы мен бостандығын сыйлау және сақтау, саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу принциптеріне сәйкес құрылады.