Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык шпор дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
09.12.2019
Размер:
852.48 Кб
Скачать

45.Некеге туру шарты және тәртібі.

Неке дегеніміз-ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында, тараптардың еркі мен келісімі арқылы жасалған, еркек пен әйелдің тең құқықты одағы.

Неке қию шарттары:

  1. Екі тараптың келісімі мен еркінің болуы

  2. Неке жасына толу(18 жас). Дәлелді себептер болған жағдайда(жүктілік, баланың туылуы) неке жасы 2 жылға шегертіледі.

Арасында неке қиюға жол берілмейтін жағдайлар:

  1. Бір жынысты адамдар

  2. Жақын туыстар

  3. Біреуі болсын тіркелген некеде тұрса

  4. Асырап алушы мен алынушы арасында

  5. Әрекетке қабілетсіз адамдар арасында

46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.

Некені тоқтату 2 түрлі жолмен жүзеге асады:

  1. АХАЖ(ЗАГС) органарында: 1) араларында кәмелетке толмаған балалары жоқ болса, өзара келісім болса, мүліктік дау болмаса; 2) екеуінің біреуі хабар-ошарсыз кетті деп танылса; 3) әрекетке қабілетсіз деп танылса(біреуі), әрекет қабілеттілігі шектелген болса; 4) қылмысы үшін 3 жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айырылса.

  2. Сот арқылы-араларында кәмелетке толмаған балалары болса, біреуінің келісімі болмаса, мүліктік және өзге де даулар болса, некені бұзудан жалтарса.

Некені жарамсыз деп тану негіздері:

  1. Жалған неке-ерлі-зайыптылардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз ҚР-ның заңдарына сай қиылған неке

  2. Мәжбүрлеп қиылған неке

  3. Екеуінің біреуі өміріне қауіпті ауруын жасырған болса.

47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

 Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

«Неке және отбасы туралы» Заңға сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы , қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім берумәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары және т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) және т.б. жатады.

48.Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.

Балардың тууы олар мен ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттердің туындауына алып келеді.

Бұл құқықтар мен міндеттер мынандай жағдайларда қолданылады:

  1. Баланың атын, тегін, әкесінің атын және сондай-ақ ұлты мен азаматтығын анықтау кезінде

  2. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналарының олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында

  3. Ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда.

Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді: баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын, баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын, баланың өз пікірін білдіру құқығын.

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүддесін қорғау олардың ата-анасының міндетіне жатады.

Ата-аналардың балалар тәрбиесіне байланысты құқықтары мен міндеттері: Бала тәрбиесіне байланысты құқық ата-аналардың ең маңызды жеке құқықтары болып табылады. Сонымен бірге бала тәрбиесі олардың міндеттеріне де жатады. «Неке және отбасы туралы» Заңда ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті де екенін, олардың денсаулығына қамқорлық жасауға, орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екенін көрсетеді.

Ата-аналар немесе олардың бірі бала тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерінен жалтаратын болса, баланы перзентханадан не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса, өздерінің ата-құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса, балаларға қатыгездік көрсетсе, сондай-ақ ата-ана заңда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылған болса, онда ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Неке және отбасы туралы жаңа Заң ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айырумен бірге, оларды құқықтарынан айырмай, оны шектеу мүмкіндіктерін де қарастырады.