
- •1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3.Азаматтық қоғам.
- •Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
- •Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6.Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8.Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •9.Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10.Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11.Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12.Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13.Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15..Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
- •23. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •67. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68. Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Қылмыстық заңның құрылымы
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы
- •76. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •77. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
- •78. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80. Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •82. Табиғат пайдалану құқығы.
- •Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •Жерге меншік құқығының түсінігі, түрлері.
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89. Қылмыстық процесске қатысушылар
- •90.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.
1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
Мемлекет- егемендікке ие, құқықтың негізінде аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын, заңдастырылған мәжбүрлеу және күштеу қолдану құқығы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түрі.
Мемлекеттің қызметтері: Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.
Ішкі:
Мемлекеттің ішкі қызметтеріне: -экономикалық, -әлеуметтік, -қаржы реттеу, - мәдениет бағытындағы, -экологиялық, -құқықтық тәртіпті реттеу жатады.
Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады. Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады. Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді. Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. Сыртқы қызметтеріне: Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау. Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету. Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б. Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту. Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
Құқық- қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жиынтығы.
Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады. Ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Құқықтың 2 түрлі түсінігі болады: біріншісі-құқықтың объективтік түсінігі-қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі- құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқық белгілері:
1.Еріктілік сипатта болуы.
2.Жалпыға міндеттілігі.
3.Нормативтілігі.
4.Мемлекетпен байланысы.
5.Жүйелілігі.
6.Формальды анықталғандығы.
1.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
1.Заңның үстемдік етуі.
2.Мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара-қатынасын қатаң сақтау.
3.Қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана- сезімінің жақсы дамуы, яғни азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.
4.Мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы.
5.Қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау.
6.Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
7.Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
8.Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптеріне сәйкес келуі. Адамдар «заңның құлы» болмайынша құқықтық тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес, бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:
«Заң- мемлекеттің ақылы,
Сот- мемлекеттің жүрегі,
Мәдениет- мемлекеттің тәртібі».
Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп, қалыптасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде құқықтық мемлекет орнайды. Қорыта келе, құқықтық мемлекет дегеніміз- жеке тұлға мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.