
- •8.Математикалық қабілеттердің негізгі компоненттері. Оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту.
- •10.Математиканы есептер арқылы оқыту.
- •11.Оқушыларға теориялық білім беруге ,математикалық іскеерлікті қалыптастыруға бағытталған есептер.
- •13.Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі
- •14 .Өз бетімен жұмыстың математиканы оқытуда алатын орны.Ты Өз бетімен жұмыс ұйымдастыру жолдары.
- •15.Математикадан факультативтік сабақтар және оларды жүргізу әдістемесі.
- •16. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері. Математикалық үйірме.
- •17.Математиканы тереңінен оқытатын мектептерде ,орта арнаулы кәсіби оқу орындарында және т.Б мектертерде математиканы оқыту ерекшеліктері.
- •19. Жиын уғымы. Жиынның элементтері
- •21.Есептеу және тепе-тең түрлендірудің тәсілдері және оларға қойылатын талаптар. Ауызша есептеу және тепе-тең түрлендірулер.Жазбаша есептеулер.
- •Функцияның берілу тәсілдері
- •23.Мектеп курсы математиксында теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйесін оқыту әдістемесі.
- •30.Туындының қолданбалы жерлері
- •32.Көпжақтарды оқытудың мазмұны мен құылымы.
- •39. Чева теоремасы.
17.Математиканы тереңінен оқытатын мектептерде ,орта арнаулы кәсіби оқу орындарында және т.Б мектертерде математиканы оқыту ерекшеліктері.
Мектептерде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр. Олардың бірі – математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл оқушылардың математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады. Математиканы оқыту әдістемесінің көмегімен келесі үш сұраққа жауап алуға болады: Математиканы не үшін оқу керек? Нені оқу керек? Математиканы қалай оқыту керек?Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері:
Сынып бойынша, сабақ тақырыбы бойынша математиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;
Оқу құралының мазмұны мақсаттарға және оқушылардың танымдық қабілеттеріне сәйкес келуін қадағалау;
Қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған сабақ берудегі жаңа ұтымды әдістер мен ұйымдастырушылық формаларды құру;
Оқытуға қажетті құралдарды қарастыру және мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде оларды қолдануға арналған көрсеткіштер шығару.
Математикалық зерттеудің басты әдістеріне жатады: бақылау және тәжірибе, анализ және синтез, салыстыру, жалпылау және специализация, абстрактілеу және конкретизация.
Математиканы оқытуда қолданылатын қазіргі замандағы әдістер: проблемалы (перспективті) әдіс; зертханалық әдіс; бағдарламаланған оқыту әдісі; эвристикалық әдіс; математикалық модельдерді құру әдісі; аксиоматикалық әдіс және т.б.Оқытудың ақпараттық дамушы әдістері екі класқа жіктеледі:
1.Ақпаратты дайын түрінде беру (дәріс, түсіндіру, оқуға арналған кинофильмдер мен видеофильмдерді демонстрациялау және т.б.);
4.білімді өз бетінше табу (оқулықпен өз бетінше жұмыс, оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмыс, берілгендердің ақпараттық базасымен жұмыс – ақпараттық технологияларды қолдану).
Проблемалық-іздеуші әдістерге мыналар жатады: Оқу материалын проблемалы талқылау (эвристикалық әңгімелесу), оқу дискуссиясы, зертханалық іздеуші жұмыс, кіші топтармен жұмыс істеген кезде ұжымдық ойлау қабілеттерін (ҰОҚ) ұйымдастыру, зерттеуші жұмыс, ұйымдастырушылық-әрекет етуші ойын.
18.Педагогикалық практика. Педагогикалық практика студенттің кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды сала. Педагогикалық практика мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес көрсетіледі және студенттің жеке оқу жоспарына енеді. Педагогикалық практиканың мақсаты: студенттерге оқушыларды оқыту және тәрбиелеуде мұғалімге қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру. Педагогикалық практика кезінде студент-практиканттар әдіскердің, психологтың және педагогтың көмегімен төмендегідей қабілеттерге ие болады: - педагогикадан, психологиядан, математиканы оқыту әдістемесінен және арнайы курстардан алған теориялық білімдерін практикада қолданады; - мектепте өз бетімен оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүргізеді. Ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оқушылардың тәрбие жұмысында кейбір проблемаларды шешуде белсенділік көрсетеді; - мектеп ұжымының өміріне араласып, сыныппен және ата-аналармен белсене жұмыс істейді; - мектеп оқытушыларының жинаған тәжірибесін бақылайды, талдайды және қорытындылайды. Педагогикалық практика студенттерді болашақ мамандыққа дайындауда алатын орны зор, яғни студентер: а) институтта алған білімдерін бекітеді және тереңдетеді; ә) педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілігі орнығады; б) педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығы туындайды; в) курстық және дипломдық жұмыстарға материалдар жинайды, мектепте эксперимент жүргізеді. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттер мектеп ұжымының жұмыстарының барлық салаларына қатысты тапсырмалар орындайды. Мұндай тапсырмаларды орындау студенттердің мектеп жұмысымен терең танысуларына жағдай жасайды, теориялық білімдерін жетілдіреді және педагогика ғылымдар саласынан, оның ішінде математиканың әдістемесінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ынталандырады. Студент-практиканттар сабақтың төмендегідей түрлерін жүргізіп үйренулері керек: а) оқушыларды жаңа материалмен таныстыру сабағы; ә) оқушылардың білім, білік және дағдыларын бекіту сабағы; б) оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру сабағы; в) жаттығу сабағы; г) аралас сабақтар және т.б. 9.2 Психология-педагогикалық теорияның көмегімен әр түрлі негізде құрылған сабақты талдаудың көптеген схемасы белгілі. Сабақты талдау схемасын таңдап алу үшін оқушылардың білімділік сапасының қазіргі өлшемдерін білу, оқыту мен тәрбиелеудегі сәттерді анықтаудағы және оны жеңудегі ой-ізденістік қызмет тәсілдерін игеру, педагогикалық қызметтің мәдени және адамгершілік мағынасын құру, оқытылатын білімнің мазмұнын таңдау және қайта құра білу, оқушылардың өз бетінше ұйымдастыруының негізгі құралдарын модельдеу және құру жеткілікті. Сабақты талдау схемасы: 1. Мектеп, сынып, сабақ, студент-практиканттың не мұғалімнің аты, тегі. 2. Сабақтың тақырыбы, сабақтың оқу-тәрбие мақсаттары, сабақ түсіндірудің жүйелілігі, қойылған мақсатқа жетуде оқушылар ұжымын ұйымдастырудың дұрыстығы. 3. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы моменті: а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақ конспектісі және толық сабақ жоспары, көрнекі құрал-жабдықтар және т.б. бар болуы); ә) оқушылардың сабаққа дайындығы (кезекшілік, оқушылардың сабаққа қажетті дәптерлері, оқулық, оқу-құралдары және т.б. болуы); б) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы (тазалық, тақта, бор және т.б.). 4. Сабақтың ұйымдастыру құрылымы: а) сабаққа оқушыларды түгел жұмылдыру; ә) сабақтың оқу материалының мазмұнына сәйкестігі; б) сабақты жүргізу жүйесі; в) мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы; г) сабақ уақытындағы оқушылардың белсенділігі. 5. Сабақтағы оқу материалының мазмұнын талдау:
а) оқу материалының ғылымилығы; ә) оқушылардың білім деңгейі бағдарламаға сәйкестігі; б) практикалық және теориялық материалдың сәйкестігі; в) оқу материалдың жүйелігі; г) сабақ материалының тәрбие мақсатына сәйкестігі; д) өмірмен және практикамен байланыс. 6. Сабаққа қойылатын жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптардың орындалуы. 7. Мұғалімнің іс-әрекеті.
8. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекеті. 9. Сабақты бағалау: а) сабақ жоспарының орындалуы; ә) сабақтың мақсатына жетуі;б) сабақтың міндетінің орындалуы; в) ерекше үлгі аларлық мәселелер; г) сабақты қайталап өткізгенде қандай өзгерістер енгізуге болады?10. Қорытынды жасау және баға қою.