
- •8.Математикалық қабілеттердің негізгі компоненттері. Оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту.
- •10.Математиканы есептер арқылы оқыту.
- •11.Оқушыларға теориялық білім беруге ,математикалық іскеерлікті қалыптастыруға бағытталған есептер.
- •13.Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі
- •14 .Өз бетімен жұмыстың математиканы оқытуда алатын орны.Ты Өз бетімен жұмыс ұйымдастыру жолдары.
- •15.Математикадан факультативтік сабақтар және оларды жүргізу әдістемесі.
- •16. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері. Математикалық үйірме.
- •17.Математиканы тереңінен оқытатын мектептерде ,орта арнаулы кәсіби оқу орындарында және т.Б мектертерде математиканы оқыту ерекшеліктері.
- •19. Жиын уғымы. Жиынның элементтері
- •21.Есептеу және тепе-тең түрлендірудің тәсілдері және оларға қойылатын талаптар. Ауызша есептеу және тепе-тең түрлендірулер.Жазбаша есептеулер.
- •Функцияның берілу тәсілдері
- •23.Мектеп курсы математиксында теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйесін оқыту әдістемесі.
- •30.Туындының қолданбалы жерлері
- •32.Көпжақтарды оқытудың мазмұны мен құылымы.
- •39. Чева теоремасы.
15.Математикадан факультативтік сабақтар және оларды жүргізу әдістемесі.
Мектептегі факультативтік сабақтардың мақсаты – оқушылардың математикалық білімдерін одан әрі тереңдету, қабілеттерін дамыту, математиканың әр алуан қолданымдарын көрсету, олардың пәнге ынтасын арттырып, кәсіптік бағдар беру. Бүгінгі таңда математиканың факультативтік сабақтары орта мектептерде арнаулы сыныптарға енгізіліп, оқушылардың жалпы математикалық даярлығын арттыруда ерекше орын алады. Факультативтік курс математикаға ынталы, пәнге ықыласы мол, өзінің математикалық мәдениетін көтеруге, білімін тереңдетуге, ой - өрісін кеңейтуге ынталы оқушыларға арналған. Факультативтік сабақтарды оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдағанда, алдымен курстың мазмұнын, оқушылардың дайындық деңгейін, олардың бағдарламалық материалдарға ынта – ықыласын ескеру керек. Сонымен бірге олардың ой - өрісі мен дербестігіне де назар аударған дұрыс.
Факультативтік курстың кейбір материалдарын дәріс түрінде өтілуі мүмкін. Мұндағы мақсат – оқу материалының ішінен ең өзектілерін баяндау, есептер шешудің ең нақты әдістерін көрсету, оқушыларға материалды өздігінен оқып үйренудің жолын нұсқау. Дәріс сабақтарында оқушылардың тыңдау және ой түю машықтарын шыңдауға бағытталғаны пайдалы.
Факультативтік курстың маңыздылығын арттыру жолдарының бірі – практикалық жұмыстар орындау. Сабақтың бұл түрі оқу процесін білімді іс жүзінде қолданумен ұштастыруға жол ашады. Мұнда мұғалім ең алдымен оқушыларды практикалық жұмыстың мақсатымен, жұмыс істеу тәртібімен таныстыруы, қажетті нұсқаулар беруі тиіс. Берілетін практикалық тапсырмаларды жеке ерекшеліктеріне қарай берген дұрыс, ал жұмыс нәтижесін күллі топтың қызметі ретінде бағалау керек. Мәселен, «Көпжақтар» тақырыбы бойынша практикалық жұмыс жүргізгенде көпжақтардың эскизін, олардың жазбалары мен модельдерін салу керек. Дұрыс көпжақтардың модельдерін әр оқушы жеке, ал күрделі көпжақтарды 2-3 оқушы бірлесіп орындағаны дұрыс. Мұның өзі ұжымдық еңбекке баулиды.
Факультативтік курстың материалдарын терең игеру жолдарының бірі – күрделі есептерді эвристикалық жолмен шығару. Эвристикалық әдіс - оқыту процесінде оқушылардың белсенді танымдық қызметін пәрменді ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл әдісті қолданғанда оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемаларды шешіп, шағын жаңалықтар ашады. Алайда, есептерді оқушылардың ынта – ықыласына сай іріктеп алса, оның тиімділігі арта түспек. Алдымен даярлық есептер оқушылардың өздігінен шығармашылық қызмет ету қабілетін дамытатындай, проблемалық ахуал ретінде берілуі тиіс.
16. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері. Математикалық үйірме.
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар – жалпы білім беретін мектептердегі оқу–тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан–жақты дамыту.Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері: а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру; б) математикалық білімдерін тереңдету; в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны жағынан екі топқа бөлуге болады.
1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту. 2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі.Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады. Мұндағы мақсат – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу.Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш, математикалық сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.Математикалық үйірмелер - сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі түрі. Оларға математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті түрде қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама көлемінде және математикалық қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп, олардың білімін жан–жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағыттарды жүргізуге болады. Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің немесе оқушының белгілі тақырып бойынша әңгімесін, баяндамасын қамтып, аптасына бір рет жүргізіледі.Практикалық бағыттағы үйірме жұмысында әр түрлі мазмұндағы есептерді шешіп, мектеп және ауданаралық олимпиадаларға даярланады. Үйірме сабақтары барынша жүйелі, қарапайым, қызықты және ғылыми болуы тиіс. Үйірмеде оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өз ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет.
Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар; - математика тарихынан хабарлар; - ұлы математиктердің өмірі мен қызметі; - қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару; - қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер); - қолданбалы есептер қарастыру; - математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу; - оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру.Сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей, олардың ғылымилығынан гөрі қызықтылығы басым болуы керек.