
- •Microsoft PowerPoint программасы
- •PowerPoint программасын іске қосу
- •2.Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру
- •Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
- •3.2Бос презентация құру
- •4.Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу
- •5.Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері
- •Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері
- •Power Point программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру
- •2.Слайдтарды безендіру элементтері
- •2.1 Слайд белгіленуі
- •2.2Түрлі түстер схемасы
- •2.3Фондық түстерді өзгерту
- •3.Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері
- •4.Құрамдас мәтін анимациясын таңдау
- •5.Слайдта қарастырылған бөлімдерді ерекшелеп көрсету
- •6.Мәтінді безендіру
- •1.Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу
- •2.Музыка,дыбыс,бейнеклиптері енгізу
- •3.Слайдқа компакт-дискідегі жазбаларды қосу
- •4.Слайдтарды көрсетуге дауыстық және дыбыстық сүйемелдеу
- •1. Презентацияны көрсету кезінде уақытты қадағалау
- •2.Слайдқа ескертпелер жазу
- •3.Слайдтық шоуды жүзеге асыру
- •Презентацияны бөтен компьютерлерде өткізу
- •4. Жасырын слайдтар құру
- •5.Слайдтың айрықша бөліктерін ерекшелеу
- •6.Презентацияларды баспаға шығару
- •6.1 Беттерге жазылғын ескертпелерді қағазға шығару
Microsoft PowerPoint программасы
№1 лабораториялық жұмыс. Презентациялар құру
Жұмыстың мақсаты:
PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау;
Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру;
Шаблондар көмегімен және бос презентация құру;
Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық объектілер енгізу,
PowerPoint программасында жұмыс істеу режимдерінің ерекшеліктерін ескеру әрекеттерін меңгеру.
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық
материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Micrisoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультемедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.
PowerPoint программасын іске қосу
Powerpoint программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.
Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Offіce бумасындағы Microsoft Power Point жарлығын-да тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.
Power point программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны беретін сұқбат терезе ашылады(1.1 сурет ).
Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдаласа, жаңа презентация , белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері еңгізіліп
сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап,сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұныы автоматты түрде жасалады.
Перзентациялар шаблоны (шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияыңызды бұрыннан безндіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.
Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.
Презентация ашу ауыстырғышы бұрны құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.
2.Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру
Автомазмұн шебері( Мастер автосодержания)көмегімен:
Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; (Докпады по общим вопросам)
Қызмет бабы бойынша баяндамалар;(Доклады по служебным вопросам)
Мекеменің жұмыс істеу жөнінде мағлұмат;(Сведения о функционировании предприятия)
Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар;(деловые отчеты о продажах и маркетинге)
Жеке хабарламалар(личные сообщения)сияқты тақырыптарды кеңінен”””” ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап,өз презентациямызды құра аламыз.Microsoft Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап,ОК батырмасын шертеміз.Осы кезде Автомазмұн шебері”””іске қосылады.