- •Информатиканың пәндік аймағы, міндеттері
- •Деректер, ақпарат және информатика
- •Ақпараттың түрлері мен қасиеттері
- •4. Информатика мен есептеу техникасының даму тарихы.
- •5. Информатиканың математикалық негіздері. Санау жүйелері.
- •6. Ақпараттық ресурстар және қоғамды ақпараттандыру. Ақпараттық қоғамға өту болашағы.
- •7.Ақпараттық ресурстардың ерекшеліктері, түрлері мен формалары.
- •8. Дербес компьютердің құрылымы. Базалық аппарат бөлігі. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары.
- •9. Дербес компьютердің құрылымы, аналық тақшада орналасқан жүйелер.
- •10. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары.
- •11 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •[Өңдеу]Нұсқалары
- •82.Ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың негізгі қағидалары.
- •84.Ақпараттық технологияларды қолдану мысалдары.
[Өңдеу]Нұсқалары
1988 — Excel 2.0
1990 — Excel 3.0
1992 — Excel 4.0
1993 — Excel 5.0 (Windows NT)
1995 — Excel 7 (Windows 95)
1997 — Excel 97
1999 — Excel 2000 (9) — Microsoft Office 2000
2001 — Excel 2002 (10) — Microsoft Office XP
2003 — Excel 2003 (11) — Microsoft Office 2003
2007 — Excel 2007 (12) — Microsoft Office 2007
2010 — Excel 2010 (13) — Microsoft Office 2010
№36 Қандай да бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау деп атайды. Бір ғана ақпаратты әртүрлі жолда жазуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атайды. Ақпараттың сақталу, қабылдану, берілу және өңделу жолдары ақпараттың кодталу түріне көп тәуелді болады.
Бір ақпарат өлшемін Клод Шеннон бір бит (ағылшын тілінде. bit — binary digit — екілік таңба ) деп қабылдады. Ақпарат теориясында Бит — ақпараттың өлшемі.Есептеу техникасында "0" мен"1" –ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады.
Бит — ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. ЭЕМ –де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік сан — байт, сегіз битке тең. Үлкен көлемдегі ақпараттың өлшем бірліктері:
• 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,
• 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,
• 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.
Соңғы кездерде мына төмендегі өлшем бірліктер де қолданылады:
• 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,
• 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.
Ақпаратты сақтау және iздестiру (Сохранение и поиск информации; information storage and retrieval) – ақпаратты сақтау дегенiмiз келешекте пайдалану үшін оны қосалқы сақтауыш құрылғы – магниттiк таспаға немесе магниттiк дискiге жазып алу. Сақтау – ақпаратпен жүзеге асырылатын негiзгi операциялардың бiрi және бiр шама уақыт аралығы өткеннен кейiн оны қайта пайдалануға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн негiзгi тәсiл. Ақпаратты iздестiру дегенiмiз сақталған ақпаратты тауып алу және оны өңдеу мақсатында жүзеге асырылатын негiзгi операциялардың бiрi.
Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады. Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады. Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә» және «жоқ», «+» және «–», «сигнал бар» және «сигнал жоқ»). Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт (Кбайт) – 1024 байт; мегабайт (Мбайт) – 1024 Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады. Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес, нөл мен бір санының көмегімен ұсынылады. Басқаша айтар болсақ, компьютерлер екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды компьютерге енгізіп, шығаруды адамдар үшін үйреншікті болып табылатын ондық жүйеде де жүзеге асыруға болады, қажетті түрлендірулердің барлығын компьютердегі бағдарламалар атқарады.
№37 Мәліметтер құрылымы (Структура данных; data structure) — 1) мәліметтерді ұйымдастыру схемасы; мысалы жиым немесе жазба құрылымын сатылы түрде өрнектеу тәсілі; 2) қабылданған тәсілдердің бірі бойынша біріктірілген және реттелген мәліметтер элементтерінің жиыны; мәліметтердің арасындағы физикалық немесе логикалық қатынас.
Іріктеу алгоритмі-бұл тізімдегі элементтердің реттелуі үшін жасалатын алгоритм. Элементтер тізімі бірнеше өрістерден тұрған жағдайда реттің критерийі болып саналатын өріс іріктеу кілті деп аталады. Іс жүзінде кілт ретінде сандар қолданылады, ал қалған өрістерде алгоритмнің жұмысына әсер етпейтін мәліметтер сақталады.
№38Мәтіндік редактор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен катар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады.
Текстiк құжаттар редакторы – офистік программалардың кең қолданылатын түрі. Қазіргі кезде кең таралған текстiк редактор – MS Word болып табылады.MS Word – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша программасы. Ол – текстік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алады.
Word редакторының мүмкіндіктері:
· Текстті шекаралары бойынша автоматты түрде түзету;
· Автоматты түрде сөздерді тасымалдау;
· Сөздердің дұрыс жазылуын тексеру;
· Белгілі бір орнатылған уақыт аралығында текстті сақтау;
· Санаулы минуттарда іс қағаздарын, резюме, автобиография, факс және т.б. көптеген құжаттарды құруға мүмкіндік беретін шаблондардың болуы;
· Берілген сөз немесе текст фрагментін іздеу, оны көрсетілген фрагментпен ауыстыру;
· Ішкі буфер арқылы жою, көшіру мүмкіндіктері;
· Тексттке автоматты түрде құрылған күнін, уақытын, жазған адамның атын және т.б. қосуға болады;
· Макрокомандалардың көмегімен текстке мәліметтер қорын немесе графика обьектілерін, *.wav форматындағы музыкалық модульдерді қосуға болады.
№39 Мәтінді автоматты өңдеу орысша автоматическая обработка текста — ЭЕМ көмегімен жасанды немесе табиғи тілде мәтінді өзгерту. Мәтінді автоматты өңдеудін қолданбалы және теориялық жүйесі 20 ғасыр 50 жылы (АҚШ, КСРО, Франция, ГФРт.б.) жасала бастады да, жүйелі бағдарламаландыру, баспа ісі және есептемелі тіл білімі сияқты бірнешесалададамыды. Жүйелі бағдарламаландырудын мақсаты — ЭЕМ қызметін қамтамасыз ететін бағдарлама жасау. Баспа ісіндегі мәтінді автоматты өңдеу редакциялық-баспа процесін автоматтандыру бағыттарының бірі болып табылады. Бүл салаларда "Мәтінді автоматты өңдеу" термині неғұрлым тар мағынада, әдетте форманы өзгерту мағынасында қолданылады. Есептемелі тіл білімі неғұрлым кең мағынада мәтінді тілдік тұрғыда автоматты талдау, жинақтаумен және табиғи тілде ЭЕМ-мен жұмыс істеу жайымен шұғылданады. Мақсатына қарай мәтінді автоматты өңдеу бірнеше түрге бөлінеді: автоматтандырылған редакциялау, онда ЭЕМ есінде сақталған мәтінге түзетулер енгізіп, оны толықтырып өзгертуге болады; мәтінді форматтау, онда ЭЕМ баспасы үшін тақырыптарды белгілеу, қажет форматқа сай кітап беттері мен жолдарын, мәтін бөлімдерін калыптастыру іске асырылады; автоматты әріп теру мен верстка жасау процесінде ЭЕМ-ге енгізілген мәтін полиграфия жаб- дыктары арқылы кайта жаңғыртылып, түсінік түрінде өзгереді. Лексикографиялық өндеуде мәтін лексикографиялық түсінік түрінде өзгеріп, ондағы әрбір сөз колданыска сөздікте берілетін хабар сәйкестендіріліп отырады. Мәтінді автоматты өңдеуде мәтіннің лексика-морфологиялык, синтаксистік және семантикалық түсініктері өзгеріп отырады. Ал мәтінді автоматты жинақтауда өзгеру, керісінше, семантикалық, синтаксистік, лексика-морфологиялыктүсініктер арқылы мәтіннің өзіне бағытталады.[1]
[өңдеу]
№40 Формулалар редакторы (Редактор формул; equation) — Word мәтін процессоры құрамындағы математикалық формулалар мен символдар енгізетін сервистік программа. Мәтін арасына формула енгізу үшін керекті позицияны тандап алып, Кірістіру-Объект-Microsoft Equation командасын орындау қажет. Сонда формула теруге мүмкіндік беретін математикалық таңбалар тақтасы бар терезе ашылады. Формула теріліп болған соң, бос кеңістікте тышқанды басу — бұрынғы мәтіндік режімге қайтарады.
Кешенді мәтіндік құжаттар дегеніміз мәтіннің ішіне формула енгізу,кестелермен, диаграммалармен, суреттермен және басқа да графикалық объектілермен жұмыс жасауды айтады.
41 сұрақ. Word ортасында кестемен жұмыс жасау.
Кесте дегеніміз баған мен қатарда жинақталған мәліметтер жиынтығы. Қатар мен баған қиылысқан жерді ұяшық деп атайды. Word ортасында кестемен жұмыс жасау үшін «Стандартная» мәзірінен «Таблица»-ны таңдаймыз . Кесте жасау үшін:
«Нарисовать таблицу» арқылы кестені өзімізге салуға болады.
«Добавить таблицу» арқылы кетені құжатқа кірістіре аламыз.
Күрделі кесте жасау үшін құралдар тақтасынан «Таблицы границы»-дан керекті құралдар арқылы кестені пішіндейміз. Кестені пішіндеудің
Ұяшықтарды біріктіру
Ұяшықтарды бөлу
Ұяшықтарды жою және қосу
және тағы да басқа жатады.
42-сұрақ.Word ортасында графикалық нысандармен жұмыс істеу.
Word ортасында графикалық нысандарды өз қолымен жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін «Көрініс-Құралдар» командасы тақтасын шақырамыз. Шыққан тақтадан әр-түрлі құралдар арқылы суретті файлдан көшіруге немесе өзімізге салуға болады. «Автофигура», «Заливка» , және тағы басқа құралдар арқылы графикалық нысанның түрі мен түсін өзгертуге болады. Және де Word мәтіндік редакторында орнатылған суреттерді де қолдануға болады.
43-сұрақ. Баспа жүйелері. Олардың программалық жабдықтары.
Баспа жүйелерінің бірнеше түрі бар. Олар құжаттың электронды түрін қағазға немесе басқа материалға басып шығарады. Олардың екі түрі жиі кездеседі.
Принтер – құжаттың электрондық түрін қағазға немесе басқа матермалға басып шығару үшін қолданылады. Оның 3 түрі бар:
Лазерлік – құжатты басып шығару үшін қыздырылған тонер құлданылады. Срның арқасында басып шығарудың жо,ары жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Ағындық (струйный) – құжатты басып шығару үшін сұйық бояу қолданылады.
Матрицалық – құжатты басып шығару үшін инелерді қолданылады.
Плоттер – сызбалар, схемалар,диаграммаларды басып шығару үшін қолданылады. Оның басты айырмашылығы А1 форматында басу. Оның екі түрі бар. Векторлық және растрлық.
44-сұрақ. Автоматтандырылған жобалау жүйелері.
Автоматтандырылған жобалау жүйелері жобалау мен өнім шығаруды дайындау кезінде автоматтандыру тапсырмаларын оындау кезінде қолданылады.
АЖЖ басты мақсаты инженерлердің жұмысын жеңілдету:
Жобалау жұмыстарының көлемін кеміту
Жобалау жұмыстарының жасалу уақытын кеміту
Жұмсалатын қаражатты, кеміту, жобалаудың сапасын арттыру, текскруге жұмсалатын қаражатты кеміту.
Оның бәрі:
Құжаттар жүйесін автоматтандыру
Ақпараттық қамтамассыз ету мен шешім қабылдау процессін автоматтандыру
Көлденең жобалау жүйесін қолдану және т.б. амалдар арқылы жүзеге асады.
45-сұрақ. Компьютерлік графика. КГ түрлері.
Компьютердегі мәліметті көрсетудің жалпыланған түрі. Ол мәтіндік мәлімет пен графикалық объектілерден тұрады. КГ-ның екі түрі бар.
Біріншісі: графикалық объектілер түзулер, векторлар, нүктелерден тұратын түрі – векторлық графика деп аталады.
Екіншісі: графикалық объектілер баған мен қатар бойынша жіктелген,түсі мен жарықтығы бойыгша жіктелетін нүктелер (пиксельдер) арқылы жасалатын түрі – растрлық графика деп аталады.
46-сұрақ. КГ. Растрлық графикамен жұмыс істеу құралдары.
Растрлық графикаға .bmp, .pcx, .gif, .tif, .jpg , .png және т.б. кеңейтілімдегі графикалық объектілер жатады. Онымен жұмыс істейтін ең танымал құрал – Paint графикалық редакторы. Ол Microsoft компаниясы жасаған ең қарапайым графикалық редактор. Ол негізінен Windows-тың .bmp кеңейтіліміндегі және Интернеттегі .gif пен .jpeg кеңейтіліміндегі файладрмен жұмыс істейді. Paint арқылы қарапайым графикалық объектілер (диаграммалар, графиктер, жобалар) жасауға және оларға мәтінді кірістіруге болады. Растрлық графикамен жұмыс істейтін құралдарға Adobe компаниясының Photoshop графикалық редакторын да айтуға болады. Ол программаның мүмкіндігі өте үлкен. Ол арқылы жарнама, шақыру және т.б. объектілер жасауға жіне графикалық объектілерді өңдеуге болады.
47-сұрақ. КГ. Векторлық графикамен жұмыс істеу құралдары. CorelDraw векторлық редакторы.
Векторлық графикамен жұмыс істейтін графикалық редакторлардың бірі канадалық Corel компаниясының CorelDRAW графикалық редакторы. Ол арқылы векторлық графика объектілерін жасауға және өңдеуге болады. Бірақ CorelDRAW-ның ішінде растрлық графикамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Corel PHOTO-PAINT сияқты қосымшалар бар. CorelDraw Windows, Linux (2000 жылға дейін), Macintosh (2002 жылға дейін) ОЖ арнап жасалған.
48-сұрақ. Жасанды интеллект жүйелері және сараптық жүйелер.
ЖИ бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын ЭВМ көмегімен семантикаға жүгінуді талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы шығармашылық міндеттерлі шешуге мүмкіндік беретін ғылыми зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізуде.
ЖИ саласында жұмыстың басталуын эектронды есептеуіш машинаның жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісінің қайталауы тиіс болды.
Алпысыншы жылдардың аяғында жасанды интерелектінің міндеттерін әдістемелік шешу өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламалар әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық бағыттаушы әдістердің базасында жүзеге асты.
Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестірудің өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі
ЖИ термині 1956 жылы Дартмурт университетінің конференциясында Джон Маккарти жариялады.
49-сұрақ.Деректерді нығыздаудың теориялық негіздері мен программалық жабдықтары.
Деректерді нығыздау дегеніміз – бір немесе бірнеше файлды бір файлға көлемін азайтып сақтау. Ол файл мұрағат (архив) деп аталады. Мұрағаттар дискіде бос орынды көбейту, файлдарды жинақтау үшін қолданылады. Мұрағаттардың бірнеше кеңейтілімдері бар: .RAR, .ZIP, .7Z, .ARJ, .JAR және тағы басқа. Программалық жабдықтамаларға WINRAR, WINZIP,7ZIP және тағы басқа жатады.
50-сұрақ. Архивтеу программалары (архиваторлар). Қажеттілік.
Жинақтауыш уатты дейінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға диеніде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал егерде қажет емес файлдын бәрін жайғаннан кейін де дискідегі орын болса, мұндай жағдайда дискіденгі орынды файлдан көлемін азайту үшін мәліметтерді сығылған түрде компьютерде саутауға орналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдын н/е файлдер топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметті – файлда қайталанып тұратын фрагменттердің орнына ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қолынға келтіретін мүмкіндікті пайдалану. Архиваторлар файл көлемін 10-70 %-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ART, RAR, PKZIP, PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға еңгіділген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдің бақылау коды болады.
Win RAR – алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32 разрядты нұсқасы. Әр түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нусқасы бар. Мысалы: DOS, OS/2, UNIX, BEOS. Windows-да арналған RAR-дын екі нұсқасы бар:
Win RAR.exe – графикалық интерфейсті қолдану нұсқасы;
Rar.exe – мәтіндік режимдеу арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.
Win RAR-ды екі түрде қолданылуымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршаушы режимінде және командалар қатарында.
51. Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары менқоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық),тұтастық,жасырындылық.
Ақпарат қорғау дегеніміз – ақпарттың машиналық тасымалдаушы да сақталатынын қамтамасыз ету және оған бекітілмеген рұқсатты болдырмайды.
1) Резервтеу қажеттілігі әртүрлі жағдайлардан туады. Мысалы, қатты диск толығымен тролып қалуы мүмкін, оған жаңа ақпарат жазу үшін ескіні бұзу керек немесе компьютермен жұмыс жасауда дискіде ақпарат толылығымен бұзылуы немесе бүлінуі жүруі мүмкін. Ол келесі әр алуан себептерден болуы мүмкін:
- компьютерлік вирустардың әрекет етуі;
- файлдармен дұрыс әрекет орындамау немесе файлды кездейсоқ жою;
- дискіні немесе қатты диск дисководының физикалық бұзылуы;
- кейбір адамдардың әдейі әрекет етуі;
Файлдарды резервтеу файлдарды бір компьютерден 2-ші компьютерге (егер олар желіге қосылмаса) ауыстыру кезінде пайдаланылады.
Файлдарды резервтеу деп ақпарат машиналық тасымалдаушыда олардың көшірмесін құруда және резервтелген файлдарда өзгеріс болған жағдайда оны жүйелі түрде жаңарту айтылады.
Қолданбалы программаларда резервтелген файладарды пайдалану үшін оларды алдын ала сақталған файлда ашып алу керек. Резерв файлдарын ашып алу прцесі файлдарды қалпына келтіру деп аталады.
Файлдарды резервтеу және қалпына келтіру үшін бір-біріне ұқсас 2 программалық өнім:
MS фирмасының MS Backup утилитасы және Symantee фирмасының NortonBackup утилитасы пайдаланылады.
52. Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Логикасына және әсер етуіне қарай оларды шартты түрде мыналарға жіктеуге болады:
«Ұстауыш- вирустар» - программалық жабдықтар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктер пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.
«Логикалық бомбалар» - қарапайым прогаммаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар орындалғанды ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.
«Құрттар» - жүйелік прогламмалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау прогламмаларына кіріп алып сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т.с.с
«Троян аттары» - қарапайым қолданбалы прогламмаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әркеттерді орындатады. Жасалу құрылмалы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компъютер желілерін жайлап алады.
53. Вирустардан сақтану үшін мынандай шаралар қолдануға болады:
Информация қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істейтін программаларды қолдануға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуін тырысу;
Профилактикалық шараларды пайдалану яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;
Вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану;
54. Вирустар әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізі топқа бөлуге болады
Файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;
Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар.
Вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.
Антивирус (латын тілінен анти – қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) -- Антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғыш программалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды. Ол вирустардың таралуы мен көбеюін болдырмайға арналған программа. Оның жұмыс істеу (сканирование) принципы: Компьютерді(C;D) толық сканированиеден өткізіп, вирутарды табу. Компьютердегі(C;D) өзіне сәйкес қимыл орындамайтын немесе вирустанған файл-программаларды табу, олардың қауіптілік дәрежесін анықтау
55. Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі. Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады. Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағаның азаю сызбасы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т.б.). Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы).
56. Excel-дің бір жақсы қабілеті сандық қатарлар мен бағаналар сандарын графиктер мен диаграммаларға айналдыра алады.Диаграммалар – деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы.Диаграммалар өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс парағының әр ұяшығын мұқият қараудан жеңіл әрі түсінікті.Диаграмма ұяшықтарда байқалмай қалған кестелерді көруге көмектеседі. Excel-де 14 түрлі екі-үш өлшемді диаграммалар бар.Диаграмманың мынадай типтері болады:Бағандық (гистограмма), сызықтық, дөңгелек, нүктелік, сақиналық көпіршіген, жапырақшалық, цилиндрлік, конустық, пирамидалық, биржалық, графикалық, аймақтық, беттік.Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі: горизонталь немесе категориялар осі және вертикаль немесе мәндер осі болады. Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось қатарлар осі қосылады.Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады: тор, тақырып және аңыз.Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.Диаграмма тұрғызу 4 қадамды орындау арқылы жүргізіледі.
57. Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады. Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады. Көптеген экономикалық есептерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция. Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция. Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі: • SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар; • ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар; • МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция; • LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер; • КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция; • ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар; • ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар. Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп. Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау. Excel програмасында бүкіл жұмысы кітабын кез-келген парақты немесе ұяшықты қайсыбір көлденең жағдайлардан, сақтап қоюға болады. Мәліметтерді қорғап қою оны өзгерістерден қорғау қасиетін алып тастағанға дейін сақталады. Әдетте жиі өзгермейтін мәліметтер ( есептеу формалары, кестенің тақырыптары, ұяшықтың аттары) ғана өзгертуден қорғалуы тиіс Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады: • өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғау қасиеттері алынады; • ағымдағы парақа немесе оның кейбір ауқымдарына қорғалу қасиеті енгізіледі. Бұдан кейін тек қорғалу енгізілген ұяшықтар мен ауқымдарға ғана мәліметтер енгіземіз. Ұяшықтардың қорғалу қасиетін енгізу. Қажетті ауқымды ерекшелеп алып, содан кейін Пішім > Ұяшықтар > Қорғау (Формат > Ячеики > Защита) командасын орындап, ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесінің Қорғау (Защита) қсытырмасындағы жалаушыларды орнатамыз немесе алып тастаймыз.
58. Мәліметтер базасы деп өзара байланысқан кестелер жиынтығын айтамыз. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Осындай мәліметтер базасы ретінде Excel электрондық кестесін алуға болады. Excel мәліметтер базасына тән барлық адамдарды орындайтын функциялар жиынтығын қамтиды. Мәліметтер базасындағы мәліметтер жазбалар жиынтығынан тұрады. Әрбір жазбаға бір өріс сәйкестендірілген. Жазбалар реттк нөмірімен, ал әрбір өріс оны сипаттайтын тақырыбымен анықталады. Excel-дің жұмыс парағын мәліметтер базасы ретінде қарастыру үшін, оған мынадай талаптар қойылады. Жұмыс парағының әрбір бағанына бір өріс сәйкестендіріледі. Мәліметтер базасының бағандары үзіліссіз, бірінен кейін орналасуы тиіс. Әрбір бағанның бірінші жолында қайталанбайтын өріс тақырыптары көрсетілуі керек. Өрістің тақырыбы бір ұяшықтан аспайтындай боуы керек. Мәлімететр базасының жазбалары тікелей тақырып жолдарының астына орналысуы қажет. Жазбаларды бос жол тастамай, бірінен соң бірін енгізеді. Егер бос жол кездессе бұл мәліметтер базасының соңы деп есептеледі. Осылайша құрылған кестеге мәліметтер базасына тән көптеген амалдарды қолдануға болады. Алдымен мәліметтер базасындағы кез-келген ұяшықты таңдап алып, қажетті амалды орындай беру қажет. Сонда мәліметтер базасының бүкіл жазбалар ауқымы таңдалынып алынады.
59. Құрама кесте тұрғызу. Құрама екстені тұрғызу Құрама кесте шеберінің ( Мастер сводных таблиц и диаграмм ) көмегімен іске асырылады. Ол үшін алдымен мәліметтер базасына қатысты ұяшықтарды ерекшелеп алу қажет. Сонан кейін Мәліметтер > Құрама кесте (Данные > Сводные таблицы) командасын орныдау қажет. Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының алғашқы сатысында мәліметтер типі мен құрама мәліметтерді безендіру түрін анықтап алады. Ары қарай (Далее) батырмасын шерткеннен кейін, мәліметтер базасындағы ауқым дұрыс таңдалғанына көз жеткізу керек. Тағы Ары қарай батырмасын шерткен соң құрама кестенің орны анықталады. Құрама кестені көбіне жаңа бетке орналастырады (Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып-қосқышын тағайындау арқылы). Құрама кестенің құрылымы. Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің маекті берілген. Ол төрт аймақтан тұрады: Бет(Страница), Жол(Строка), Баған(Столбец) және Мәліметтер(Данные). Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасының қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрама кестені толтырған кезде мәліметтер сәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданалады. Құрама кесте шеберін (Мастер сводных таблиц и диаграмм) іске қосып, шебер жұмысының бірінші сатысында Құрама диаграмма ауыстырып-қосқышын тағайындау керек. Содан соң Ары қарай (Далее) батырмасын басып, құрама диаграмма тұрғызылады. Диаграмманы пішімдеу мен баптау оның жанама меню арқылы іске асырылады. Диаграмманың түрін өзгерту үшін ол тұрған аймаққа тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден Диаграмма типі бөлімін таңдап алу қажет. Осылайша жанама менюден Пішім (Формат) бөлімін таңдап алып, диаграмма пішімін өзгертуге болады. 60. Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады. Дерекқор басқару жүйесі (ағылш. database management system (DBMS)) - мәліметтер базасын құру, күту және қолдану қызметін көрсететін бағдарламалық жасақтама.
81.Жаңа ақпараттық технология. Жаңа ақпараттық технологиялар деп компьютерлер арқылы информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады. Қоғамды ақпараттандыру (информатизация) – информациялық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, өкімет органдарының, қоғамдық ұйымдардың информациялық талаптары мен құқықтарын қанағаттандыру үшін тиімді шарттар жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Жаңа ақпараттық технология ұғымына ақпаратты тасымалдайтын телефон, телеграф, телекоммуникация, факс тәрізді құрылғылардан тұратын коммуникациялық технологиялар да кіреді. Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі сипаттамаларыМетодологиясы (әдіснамасы)Негізгі белгісі НәтижесіЖаңадан шыққан ақпарат өңдеу құралдарыБасқару технологиясына "кірістіру"Коммуникациялардың жаңа технологиясы
Біртұтас технологиялық жүйелерМамандар мен менеджерлер қызметін интеграциялауАқпарат өңдеудің жаңа технологиясыАқпаратты мақсатқа сәйкес түрде жасау, тасымалдау, ақтау және бейнелеуӘлеуметтік орта заңдылықтарын есепке алуБасқару шешімдерін қабылдаудың жаңа технологиясыЖаңа ақпараттық технология – дербес компьютерлер мен телекоммуникациялық құралдарды пайдаланатын, қолданушылармен "жылы жүзді" интерфейс арқылы жұмыс істейтін ақпараттық технология түрі.Жаңа ақпараттық технологияның үш негізгі қағидасы (принципі) бар, олар: компьютермен интерактивті режимде жұмыс істеу; басқа программалық өнімдермен бірігуі (байланысы, қатынас жасауы);мәліметтерді де, мәселені (есепті) қоюды да өзгерту процесінің икемділігі.
Ақпараттандырудың мақсаты – жұмыс өнімділігін арттыру мен еңбек ету жағдайларын жеңілдету мақсатында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Ақпараттандыру – елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағытталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауаттылықты жою, жаңа информациялық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сыяқты бағыттарда көп күш жұмсауды талап етеді. Ақпараттандыру ісін қолға алу АҚШ-та өткен ғасырдың 60-жылдарында басталса, ол 70-жылдары – Жапонияда, 80-жылдары – Батыс Европада етек ала бастады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастауымен 1998 ж. орта білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама елімізде компьютерлер негізінде білім беретін және қашықтан оқыту ісін ұйымдастыратын орталықтар ашуға мүмкіндік беріп келеді. Сонымен, “қоғамды ақпараттандыру" түсінігінің мағынасы "қоғамды компьютерлендіру" түсінігінен кең және ол информацияны өңдеу ісіндегі күннен күнге өсіп келе жатқан біздің талаптарымызды қанағаттандыруға бағытталған. “Қоғамды ақпараттандыру" түсінігінде техникалық құралдарға емес, әлеуметтік-техникалық прогрестің негізіне және оның орындалуға тиіс өзекті мәселелері мен мақсаттарына көп көңіл бөлінеді.
