Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10. Салта.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
115.63 Кб
Скачать

8. Дербес компьютердің құрылымы. Базалық аппарат бөлігі. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары.

ДК әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын қажетінше өзгертуге болады. Оның негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, клавиатура, тышқан.

Жүйелік блок негізгі болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады. Сыртқы қосымша құрылғылар перефириялық деп аталады.

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан

Жүйелік блоктың негізгі тақшасы – аналық тақшада мыналар орналасқан: процессор – математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема; чипсет (микропроцессорлық комплект) – ДК ішкі құрылғыларын басқарып, аналық тақшаның негізгі қызметін анықтайтын микросхемалар жиыны; шиналар – компьютердің ішкі құрылғылары арасында сигналдар (мәлімет) алмасу үшін қолданылатын өткізгіштер жиыны; оперативті есте сақтау құрылғысы (жедел жады) – компьютер токқа қосылып тұрғанда, процессор өңдейтін мәліметтерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны; тұрақты есте сақтау құрылғысы (тұрақты жады) – компьютер токқа қосылмай тұрса да, керекті мәліметтерді ұзақ мерзімде сақтауға арналған микросхема; ажыратып қосқыш тарақшалар (разъемы) – қосымша құрылғыларды (слоттар арқылы) жалғау үшін қолданылады. Бейнекарта (бейнеадаптер). Монитормен бірге бейнекарта компьютердің бейне көрсету жүйесін құрайды. Бейнеадаптер - экранды басқаратын барлық операцияларды орындайтын блок. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Негізінде экранды басқаратын барлық операциялар осы құрылғыға жинақталған.

9. Дербес компьютердің құрылымы, аналық тақшада орналасқан жүйелер.

ДК әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын қажетінше өзгертуге болады. Оның негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, клавиатура, тышқан.

Жүйелік блок негізгі болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады. Сыртқы қосымша құрылғылар перефириялық деп аталады.

аналық тақшада мыналар орналасқан: процессор – математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема; чипсет (микропроцессорлық комплект) – ДК ішкі құрылғыларын басқарып, аналық тақшаның негізгі қызметін анықтайтын микросхемалар жиыны; шиналар – компьютердің ішкі құрылғылары арасында сигналдар (мәлімет) алмасу үшін қолданылатын өткізгіштер жиыны; оперативті есте сақтау құрылғысы (жедел жады) – компьютер токқа қосылып тұрғанда, процессор өңдейтін мәліметтерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны; тұрақты есте сақтау құрылғысы (тұрақты жады) – компьютер токқа қосылмай тұрса да, керекті мәліметтерді ұзақ мерзімде сақтауға арналған микросхема; ажыратып қосқыш тарақшалар (разъемы) – қосымша құрылғыларды (слоттар арқылы) жалғау үшін қолданылады. Бейнекарта (бейнеадаптер). Монитормен бірге бейнекарта компьютердің бейне көрсету жүйесін құрайды. Бейнеадаптер - экранды басқаратын барлық операцияларды орындайтын блок. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Негізінде экранды басқаратын барлық операциялар осы құрылғыға жинақталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]