- •Информатиканың пәндік аймағы, міндеттері
- •Деректер, ақпарат және информатика
- •Ақпараттың түрлері мен қасиеттері
- •4. Информатика мен есептеу техникасының даму тарихы.
- •5. Информатиканың математикалық негіздері. Санау жүйелері.
- •6. Ақпараттық ресурстар және қоғамды ақпараттандыру. Ақпараттық қоғамға өту болашағы.
- •7.Ақпараттық ресурстардың ерекшеліктері, түрлері мен формалары.
- •8. Дербес компьютердің құрылымы. Базалық аппарат бөлігі. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары.
- •9. Дербес компьютердің құрылымы, аналық тақшада орналасқан жүйелер.
- •10. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары.
- •11 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •[Өңдеу]Нұсқалары
- •82.Ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың негізгі қағидалары.
- •84.Ақпараттық технологияларды қолдану мысалдары.
4. Информатика мен есептеу техникасының даму тарихы.
Информатика ғылым ретінде XXғ ортасында пайда болды. "Информатика" термині 60-жж орт деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде "Информация" және "Автоматика" сөздерінен пайда болды.
Есептеу техникасының дамуын келесі кезендерге болуге болады:
1. қол-б.з.д. 50 мынжылдықтан бастап;
2. Механикалық-XVIIғ. ортасынан бастап;
3. Электромеханикалық-XIXғ. 90-шы жылдарынан бастап;
4. Электрондық-XXғ 40-шы жылдарынан бастап.
Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. ЕNIAK(Electronic Numerical IntegratorAnd Computer) деп аталатын бірінші электронды-цифрлық ЭЕМ құрастырылды. Машина 30 т тартты, 200 м² жерді алып жатты, 18 мың лампадан тұрды. Оның жұмыс істеуінде 10 жүйе қолданылды.1971 ж американдық инженер М.Хофф бір кремнилік кристалда-микропроцессорда-ком-ң негізгі элементтерін біріктірді.
5. Информатиканың математикалық негіздері. Санау жүйелері.
Есептеу техникасының дамуы, жылдам әсер етуші және бағдарлама арқылы басќарылатын электронды машиналардың пайда болуы, бағдарламалау өнерінің пайда болуы ондық және басқа санау жүйелерінің терең әрі маќсатты зерттелуін талап етті.
50-ші жж математиктер мен есептеу машиналарын құрастырушылардың алдындағы өзекті мәселе қолданбалы бағдарламалау және жаңа есептеу ќұрылѓыларын, шыѓарушылардың талаптарына сай келетін санау жүйелерін табу болды. Белсенді іздену нәтижесінде санау жүйелеріне және есептеу тәсілдеріне деген көзқарас қысқа мерзімде өзгерді. Сандарды бейнелеу әдісін және оған сәйкес сандарға қолданылатын ережелер жинағы санау жүйесі деп аталады. Барлық санау жүйелері позициялы және позициясыз болып екіге бөлінеді. Сандарды бейнелеуге қолданылатын таңбалар цифрлар деп аталады. Позициясыз санау жүйесінде сандардың көлемі берілген санның жазылу орнына байланыссыз. Римдік санау жүйесінде сандардың орнына латын әріптері қолданылады. Позициялы санау жџйесінде бір ғана берілген цифр санның жазылуындағы орнына байланысты әр түрлі мәнді анықтайды. Ќолданылатын цифрлардың саны позициялық санау жүйесінің негізі деп аталады. Санау жүйесi төртке бөлiнедi: 1.ондық санау жүйесi; 2.екiлiк санау жүйесi; 3.сегiздiк санау жүйесi; 4. оналтылық санау жүйесi.
