- •Информатиканың пәндік аймағы, міндеттері
- •Деректер, ақпарат және информатика
- •Ақпараттың түрлері мен қасиеттері
- •4. Информатика мен есептеу техникасының даму тарихы.
- •5. Информатиканың математикалық негіздері. Санау жүйелері.
- •6. Ақпараттық ресурстар және қоғамды ақпараттандыру. Ақпараттық қоғамға өту болашағы.
- •7.Ақпараттық ресурстардың ерекшеліктері, түрлері мен формалары.
- •8. Дербес компьютердің құрылымы. Базалық аппарат бөлігі. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары.
- •9. Дербес компьютердің құрылымы, аналық тақшада орналасқан жүйелер.
- •10. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары.
- •11 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •[Өңдеу]Нұсқалары
- •82.Ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың негізгі қағидалары.
- •84.Ақпараттық технологияларды қолдану мысалдары.
82.Ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың негізгі қағидалары.
3негізгі қағидасы бар.олар:1)компьтермен интерактивті режимде жұмыс істеу 2)басқа программалық өнімдермен бірігуі(байланысы,қатынас жасауы) 3)мәліметтерді де,мәселені қоюды да өзгерту процесінің икемділігі.
83.Ақпараттық технологиялардың даму бағыттары.
Технологияның даму кезеңдерін ақпарат өңдеу процесі мен есептер түрлеріне қарай бөліп қарастырамыз.– есептеу орталықтарында мәлімет өңдеудің ұжымдық режимін қолдану.Ақпараттық технология дамуының негізгі бағыты-адамның жиі қайталанып орындалатын еңбек түрлерін автоматтандыру болды. 2-кезең – стратегиялық мәселелерді шешуге бағытталған ақпараттық технологиялар жасау. 1-кезең (1960 ж. аяғына дейін) аппараттық құралдар мүмкіндігінің шектеулілігі жағдайында мәліметтердің үлкен көлемдерін өңдеу істерімен сипатталады.2- кезең – (1970 ж. аяғына дейін) ЭЕМ- дердің IBM-360 сериясының қолданылу кезеңі, ол программалық жабдықтамалар деңгейінің аппараттық құралдар деңгейінен артта қалып қоюымен сипатталады 3- кезең – (1980 ж. басынан) компьютерлер маман емес жандардың пайдалануымен, ал ақпараттық жүйелер солардың шешім қабылдауына әсер етуімен сипатталады.. 4 кезең – (1990 ж. басынан) мекеме аралық байланыстар орнатылуы мен заманауи ақпараттық жүйелер жасалуымен сипатталады. Мұнда стандарттар мен протоколдар жасалып, мәліметтерді қорғау жұмыстары жүргізіле бастады.
84.Ақпараттық технологияларды қолдану мысалдары.
86.Деректерді өңдеудің ақпараттық үдерістері.
90.Ақпараттық жүйелер түсінігі. Олардың қызметі.-компьтерлік ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы шешім қабылдауды сүйемелдеу және ақпараттық өнім өндіру істерінің адамдық-компьтерлік жүйесі.АЖ-ң құраушы элементтері компьтерлер,компьтерлік желілер,программалық өнімдер,мәліметтер базасы,адамдар, байланысудың техникалық және програмалық жабдықтары болып келетін орта болып табылады.АЖ-ң негізгі мақсаты- ақпаратты сақтау мен өңдеуді ұйымдастыру.АЖ –ге бағытталған ақпараттық технологияны білмей жұйе функцияларын жүзеге асыру мүмкін емес.
90. Ақпараттық жүйе (Информационнная система; information system) — қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу жане басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге жөне беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор.
91. Ақпараттық жүйелер компьютерлерден, сақтаулы ақпараттар, адамдар мен процедуралардан тұрады.
Ақпараттық жүйелер бес бөліктен құралады:
Management Information System (MIS) - Менеджмент Ақпараттық Жүйесі
Decision Support System (DSS) - Шешім Қабылдау Жүйесі
Executive Information System (EIS) - Атқарушы Ақпараттық Жүйесі
Transaction Processing System (TPS) - Транзакция Процесстеу Жүйесі
Negotiation Support System (NSS) - Талқылау Ақпараттық Жүйесі
92. Ақпараттық жүйелердің сыныптамасы.
Ақпарат жүйесі (А.Ж) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады: -Ақпараттық-анықтамалық_жүйелер; -Ақпараттық-кеңес_беретін_жүйелер; -Ақпараттық-қадағалаушы_жүйелер. Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды. Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. Ақпаратты – қадағалаушы жүйелерде мәліметте,р адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
93. Ақпараттық жүйе – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ – ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен тұратын күрделі жүйе.
АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты – нақты объектіні басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу жүйесі жабдықтары мен экономика-математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ні жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару функциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ні жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ні тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі – бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады. 1. Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда циркуляцияланатынақпараттық ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу метадологиясы. Қажаттамалардың унифисирленген жүиесі мемлекеттік, республикалық,салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі сфераларындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпараттытұрғызып, ұдайы жанартып отыру. Осындай мақсаттв құжаттаудың унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттын пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын бейнелейді. 2. Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенініңн: кез келген модельдегі компьютерлер , ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс линиялары, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар және тағы басқалар құрайды. 3. Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыруғаарналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды. Математикалық қамтамасыз ету құралдарына: -басқару үрдістерін модельдеу құралдары; -басқарудың типтік есептері; -математикалық бағдарламалау, математикалық статистика,массалық қызмет көрсету теориялары және тағы басқалар жатады. 4.Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын бағдарламалар жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге- ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға бағытталған бағдарламалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үрдістерін басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету- нақты ақпараттық жүйелерді құру барысында
94. Құжаттық ақпараттық-іздеу жүйелері.
Құжаттық (библиографиялық, кітапханалық) ақпараттық-іздестіру жүйесі (Документальная (библиографическая, библиотечная) информационно-поисковая система; documentary (bibliographic, library) information retrieval system) — пайдаланушылардың сұранысы бойынша қүжаттық мәліметтерді сақтауға, іздестіруге және беруге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
96. Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.
97. Экономикалық, техникалық, жоспарлау есептерін шешуге, бухгалтариялық ведомость құруда және басқа көптеген жағдайларда берілгендерді кесте түрінде дайындап, өңдеу қажет. Кестенің бағандар мен жолдық қатарлардан тұратыны белгілі. Кесте ұяшықтарына сан, мәтін, формула және т.б. берілгендерді енгізуі мүакін.
Менеджмент міндетті түрде процестің қалай орындалатынына жетекшілік етеді. ХХ ғасырдың басында француз ғалымы Генри Файолем мынадай тұжырымдама: жоспарлау, ұйымшылдық, дербестік, басқару және бақылау береді.
Менеджменттің барлық функциясын орындауға, ақпарат жүйесі мүмкіндік береді.
Ақпарат жүйесін жоспарлауда берілгендердің орындалуына және жоспарланатын модельдердің орындалуына мүмкіндік етеді, сонымен қатар сыртқы фактормен және ішкі ресурстың талабын анықтайды (мысалы, пайыз мөлшері, валюта курсы). Функцияны жоспарлауда барлық жағынан демеушілік беретін ұйым телекоммуникация, онда қолданылатын арнайы модельдеу программасы немесе әртүрлі офестік жүйеге арналған программалық модельдер, кең көлемде қолданылатын графикалық амал, сценаридің ұтылу немесе сақталу мүмкіндігі. Функция жоспарын орындауға жұмыс орнында кем дегенде менеджердің программалық амалы болуы керек, талдау әдістерін тарату “что, если” корреляциялық және регрессиялық және статистикалық талдау әдісінің басқа да түрлері, анализ амалдары және негізгі бағытта жоспарлау, оптималдық амал және талдау параметрлері.
99. Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында № 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы "электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.
Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.
Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.
Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.
Әлемдiк тәжірибенi талдауды ескере отырып, Қазақстанда "электрондық үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске асы
101. Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
Ақпараттық технологиялар өте ауқымды эволю-циялық даму кезеңдерінен өтті. АТ даму кезеңдеріне жазудың пайда болып, есептеу, өнер істерінің өркендеуін жатқызуға болады.
Ақпаратты материалдық түрде сақтау жолдары да – тасқа, сүйекке, ағашқа, папирусқа, матаға, ақырында қағазға жазу тәсілдері де оның дамуы-ның мысалы бола алады.
Алғашқы баспа станогы мен кітап басудың шығуы (1445ж.) шамамен 500 жылға созылған бірінші ақпараттық революцияға әкелді. Білімді баспа арқылы көбейтуге мүмкіндік туды. Олар енді өндіріске әсер ете алатындай жағдайға жетті. Станоктар, бу машиналары, фотография, телеграф, радиолар пайда болды. Өндіріс біртіндеп іріленіп, өндіргіш күштер арта түсті.
I кезең 1960-шы жылдардың басына дейін жалғасты. Бірінші және екінші буын (лампалық және жартылай өткізгішті) ЭЕМ-дері жасалды. Ақпараттық техноло-гияны құрудың негізгі критерийі машиналық ресурс-тарды үнемдеу болып саналды. Бұл кезеңнің негізгі сипаттамасы: машиналық кодтарда программалау, блок-схемалардың пайда болуы, символдық адрестер-мен программалау, стандартты программалар кітапха-наларын жасау, машинаға бағытталған тілдер мен Ассемблер тілінің автокодтарын құру. Программалау технологиясының жетістігі оңтайландырылған транс-ляторлар мен нақты уақытта басқарылатын алғаiқы басқару программалары мен пакеттік режимнің құры-луы болды.
II саты 1980 жылдардың басына дейін жалғасты. Мини-ЭЕМ мен үлкен интегралдық схемаларға негізделген үшінші буын ЭЕМ-дері жасалды. АТ құрудың негізгі критерийі программалаушы еңбегін үнемдеу болды. Мақсат – программалаушының сай-мандық құралдарын жасау болды. Екінші буынның үш режимде (нақты уақытта, уақыт аралығында және пакеттік режимде) жұмыс істейтін операциялық жүйелері шықты. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері (PL, Pascal және т.б.) жасалды. Осы кезде ЭЕМ жұмысын автоматтандыруға арналған қолдан-балы программалар пакеті (ППП) пайда болды.
III саты 1990-жылдарға дейін созылды. 1975ж. дербес компьютер шықты. ДК – адам жұмысын көпшілік қолда-на алатындай түрде автоматтандыру мүмкіндігін беретін құрылғы болды. Мұның критерийі – білімді қалыптасты-ру үшін ақпараттық технологияны құру, мақсаты – АТ-ның адам қызметінің барлық аймағына енуі болып таб-ылды. Операциялық жүйелер, мысалы, Unix, автоматтан-дырылған жұмыс орындары (АРМ), кестелік және графи-калық процессорлар, эксперттік жүйелер, білім базасы, жергілікті есептеу желілері, автоматтандырылған өнді-ріс, мәліметтерді өңдеудің таратылған жүйелері кеңінен қолданыла бастады. Егер бұрын ақпараттың бір түрін (мәтін, кесте, графика, мәліметтер базасы және т.б.) өңдеу үшін жеке технология болса, енді олар қолданбалы программалардың біріктірілген пакетіне жинақтауға мүмкінді пайда болды.
IV саты – 1995 жылдарға дейін созылды. Бұл аралықта білімді автоқалыптастыруға арналған АТ-лар құрылды. Мақсаты – қоғамды ақпараттандыру. Гипермәтіндік техно-логияның пайда болуы жаңа программалық құралдар мен бұрынғылардың сапалы түрде өзгеруіне әсер етті. Ол муль-тимедиа технологиясының тууына себеп болды.
Графикалық операциялық жүйелер Windows, OS-2, объ-ектіге бағытталған технологиялар, жобалауға арналған CASE-технологиялар құрылды.
Экономикалық аймақта бұл корпоративті және транс-ұлттық ақпараттық жүйелердің пайда болуына әкелді. АТ ортасында басқарудың жаңа әдістері жүзеге асты: реинженеринг, интеллектуалдық ақпараттық технологиялар, шешім қабылдауды қолдау және талдау, т.с.с.
Жалпы білім беруде қашықтан оқыту құрыла бастады. Ақпарат стратегиялық ресурсқа айналды. Күрделі процес-тер мен жүйелерді модельдеу мүмкіндігін беретін виртуал-ды орта құрылды. Мемлекеттер ақпарат көздеріне, ақпарат-ты өңдеу мен тарату құралдарын қолдану тиімділігі мен даму деңгейіне тәуелді болды. Қоғамды ақпараттандыру жүзеге аса бастады. Электрондық мемлекет, электрондық университеттер пайда болды.
V саты – 1995 ж. басталатын Жаһандандыру процесіне айналды. Мобильді телефондарға арналған IP хаттама-лардың пайда болуы олардың интернет желісіне қосылуы-на есік ашып, электрондық мобильді бизнестің дамуына әсер етті. Мұндағы критерий – ақпараттық ресурсқа қоғам-ның әрбір мүшесінің қол жеткізуі. Мақсат – қоғамды жаһандандыру болды.
102. Ақпараттық технологияларды ғылым салаларында қолдану.
Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшiн оны сақтайтын, жеткiзетiн және өңдейтiн құралдарды көптеп жасау керек болды. Соның нәти-жесiнде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсiресе оның iшiнде электрондық машиналарға өте көп көңiл бөлiнуде, өйткенi ақпаратты жылдам өңдеу үшiн қолданылатын негiзгi электрондық құрал ком-пьютер болып табылады.
Сонымен қазiргi кезде информатиканы кеңiнен қол-данатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:
1) еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;
2) ғылыми-зерттеу істерін жүргiзудi автоматтандыру;
3) ЭЕМ-дердi халық шаруашылығындағы экономика-лық ұйымдастыру, басқару жұмыстарында пайдалану;
4) ЭЕМ-дердi оқыту және халық шаруашылығына керектi мамандар даярлауда қолдану;
5) ЭЕМ-дердi халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медицина, сауда, тұрмыс қажетiн өтеу, энергетика, т.б.).
