
- •1. Жалпы түсініктер
- •If (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі
- •If (шарт-өрнек) 1-оператор; //толық түрі
- •1 Оператор;
- •2 Оператор;
- •36. Break операторы
- •2. Жиым элементтерін енгізу/шығару
- •2. Екі өлшемді жиым элементтерін енгізу
- •Int I,j,r,s; clrscr();
- •Void print(int gg, int mm, int dd)
- •Void real_time(void)
- •Void z1(int *X, int *y)
- •Void z1(int*, int*);
- •54. Edit менюінің ішкі командалары:
- •56. Файлдарда қолданылатын функциялар
- •60. Setbkcolor(түсі)-экранның фоны түсін өзгерту функциясы
54. Edit менюінің ішкі командалары:
Undo (болдырмау) Alt + Bksp – соңғы орындалған команданың әрекетін болдырмай алып тастайды.
Redo Shift +Alt + Bksp – Undo командасының кері қайтарған командасы әрекtтін қайтадан іске қосады.
Cut (қиып алу) Shift+Del – белгіленген бөлікті буферге қиып алады (бұрынғы орнында қалмайды).
Copy (көшіру) Ctrl+Іns – белгіленген бөлікті буферге көшіреді (бұрынға орнында сақталады).
Paste (кірістіру) Shіft+Іns – курсор орналасқан жерге буфердегі ақпаратты кірістіріп қояды, яғни енгізеді.
Clear (өшіру) Ctrl+Del – белгіленген бөлікті өшіру. Copy Examples – мысалды көшіру
Show Clіpboard (буферді ашу) редактор терезесінен буферге алынған мәтінді сақтайтын терезені ашады.
Run менюінің ішкі командалары:
Run (орындау) Ctrl+F9 – орнатылған параметр–лерді қолдана отырып, редактор терезесіндегі екпінді программаны орындайды.
Program reset Ctrl+F2 (сброс программы) – жөндеушінің орындап жатқан әрекетін тоқтатып, программаға бөлінген орынды босатып, барлық ашық файлдарды жабады.
Go to cursor (курсорға өту) F4 – екпінді терезе-дегі программаны курсор тұрған орындағы қатар-ға дейін орындайды.
Trace іnto (қосалқы программаға кіріп, қадамдық орындау) F7 – программадағы операторларды қадам бойынша көрсете отырып орындайды.
Step over (программаны қадам бойынша орын-дау) – программа мәтінінің бір жолына сәйкес келетін кезекті операторды біртіндеп орындайды.
55. Сыртқы мәліметтер ағынымен (поток данных) жұмыс істеу үшін оны ашу керек. Сонда сыртқы мәліметтер программадағы алдын ала анықталған FILE типімен байланыстырылады. Бұл типтің анық-талуы stdio.h тақырыптық файлы арқылы атқары-лады. FILE типі арқылы мәліметтер ішіндегі позиция-ларға нұсқауыш, буферге нұсқауыш көрсетіле алады. Сыртқы мәліметтер ағынына нұсқауыш, мысалы, fp программада былай сипатталады:#include <stdio.h> FILE *fp; Осы fp нұсқауышы ағынды ашатын fopen функциясы арқылы мән қабылдай бастайды.
56. Файлдарда қолданылатын функциялар
1) Файл ашу үшін fopen функциясы қажет: fp = fopen(name,mode)
мұндағы fp – файлға сілтейтін нұсқауыш; name – сыртқы мәліметтер жазылған немесе жазылатын файл аты, иденти-фикатор; mode – файлдың қандай режимде ашылатынын төмендегідей түрде көрсетеді:
"r" – бұрыннан бар файлды оқу үшін ашу;
"w" – бос файлды оған мәлімет жазу үшін ашу;
"a" – файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу;
"r+"– файлды одан мәлімет оқу және жазу үшін ашу;
"w+"– бос файлдан мәлімет оқу және оған мәлімет жазу үшін файл ашу (бұрын файл болса, ол өшіріледі);
"a+"– файлдан мәлімет оқу және оның соңына мәлімет қосып жазу үшін ашу.
2)fclose(fp) функциясы ашық файлды жабады.
3)feof(fp) функциясы файл соңын анықтайды.
4)fgetс(fp) функциясы файлдан бір символ оқиды.
5)fputc(fp) функциясы файлға бір символ жазады.
6)ferror(fp) функциясы файлға жазу/оқу кезінде қате шыққанын тексереді. Бұлардағы fp – файлға сілтейтін нұсқауыш; 7-8) Файлға мәлімет жазу/оқу үшін fprintf және fscanf функциялары пайдаланылады.fprintf - файлға мәлімет жазу үшін, ал fscanf – файлдан мәлімет оқу үшін қолданылады 9-10) fgets және fputs функциялары сөз тіркестері-мен жұмыс істегенде пайдаланылады, олардың прото-типтері де stdio.h файлында жазылады.fgets функциясының жазылуы: fgets(str,n,fp);
57. Си тілінде растрлық графика жұмыс істейді, оның тақырыптық файлы graphics.h. График нүктелер-ден-пиксельдерден тұрады. Пиксель – экранның адрес-телетін ең кіші элементі. Алдымен графика шығара алатын бейнережимді іске қосу керек. Мұнда экран-ның пиксельмен берілген мөлшері және түстер саны беріледі. Графикада үш координаттық жүйе қолданылады: абсолюттік, салыстырмалы және масштабталған жүйе. Вертикаль және горизонталь өстер бойынша пиксельдер саны экран типіне байланысты болады. Абсолюттік координатада координаттар басы – (0;0) нүктесі сол жақ жоғарғы бұрышта болып сан-алады, х координатасы солдан оңға қарай, у коор-динатасы жоғарыдан төмен қарай өседі. Салыстырмалы режимде координаталар басы экранның кез келген нүктесіне ауыстырыла алады. Масштабталатын режимде экран бетінде мас-штабталған координаталар беруге болады, онда х пен у өстері бойынша минимум және максимум мәндер енгізіп, жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
58. Графикалық режимде сызық түстерін, тұйық сызықтар ішін түрлі түске бояуға болады. Ол үшін мәтіндік режимдегідей түстер кодтары және олардың ағылшынша атаулары қолданылады (кестесі келесі бетте). Сызықтар түсін тағайындау setcolor(col); Мұндағы сol – түс атауы немесе түс коды. Сызық түсі осы функциямен беріледі. Ал сызық типі setlinestyle() функциясы арқылы беріледі. Түрлі сызықтар салу . line (x1,y1,x2,y2):x1,y1 нүктесінен x2,y2 нүктесіне дейін сызық сызады lineto (x,y):Курсор тұрған нүктеден х,у нүктесіне дейін сызық салады. linerel (dx,dy):Курсор тұрған х,у нүктесінен х+dx,у+dy нүктесіне дейін сызық салады, яғни сызық координаталары салыстырмалы түрде беріледі. moveto(х,у ):Курсорды х,у нүктесіне жылжытады. moverel(dx,dy):Курсорды оның тұрған х,у нүктесінен х+dx,у+dy нүктесіне жылжытады. Егер олардың dx (dy) таңбалары оң болса, курсор төмен (солға), ал теріс болса, онда жоғары (оңға) жылжытылады. circle(x,y,r):Радиусы r (бүтін сан) центрінің координаталары (х, у) болатын шеңбер сызады. Сызық түсі setcolor (col) функциясымен беріледі. arc(x,у,БұрышБасы,БұрышСоңы,Радиус):центрінің координатасы (х, у), радиусы берілген доға сызады. БұрышБасы,БұрышСоңы параметрлері бұрышты градуспен сағат тіліне қарсы береді. Радиус параметрі доға радиусын бүтін санмен береді rectangle(xl,yl,x2,y2):сол жақ жоғарғы бұрышы - x1,y1, оң жақ төменгі бұрышы - х2,у2 төртбұрыш сызады. Сызық типі setlinestyle функциясымен, ал түсі — setcolor функциясымен анықталады.Тақырыптық файлы: <graphics.h> bar(xl,yl, x2,y2): Сызық түсімен іші боялған төртбұрыш сызылады. x1, y1 сол жақ жоғарғы бұрыштың, ал х2 , у2 — оң жақ төменгі бұрыштың координаталары. bar3d(xl, yl, x2, y2, Глубина, В_Грань):параллелепипед сызады. x1,y1 Параметрлері сол жақ жоғарғы бұрыштың, ал х2,у2 — оң жақ төменгі бұрыш координаталары. Глубина параметрі алдыңғы және артқы жақтарының ара қашықтығы. В_Грань параметрі жоғарғы жақ шеттерін сызуды көрсетеді. Егер ол нөл болса, сызықтар сызылмайды. ellipse(x,y,УголНачала,УголКонца,РадиусХ,РадиусУ ):центрінің координаталары (х, у) эллипс немесе эллипс доғасын сызады. УголНачала, УголКонца параметр-лері доғаның басы мен соңын градуспен сағат тіліне қарсы береді. РадиусХ, РадиусУ параметрлері эллипстің көлденең және тік радиустарын береді. pieslice(x,y,УголНачала,Уголконца, Радиус):радиусы Радиус, центрі (х,у)нүктесіндегі дөңгелек сектор сызады. УголНачала, УголКонца параметрлері шеңбер секторының бастапқы және соңғы бұрыштарын градуспен сағат тіліне қарсы анықтайды. Егер УголНачала=0, ал УголКонца=360 болса, онда pieslice функциясы шеңбер сызып шығады. putpixel(x, y, Түсі):координатасы (х, у) пиксел-нүктені Түсі санына байланысты бояп шығады. Түсі ағылшынша сөзбен немесе кодпен беріледі. Бұл функцияны цикл ішіне орнатып, сызықтар сызуға болады.
59. Сызық стильдері. setlinestyle (tip,obr,tol):сызықтар стилін береді, мұндағы tip – алдын ала анықталған константа, ол сызық типін береді. tol – сызық қалыңдығын анықтайтын константа (NORM_WIDTH - қалыпты, THICK_WIDTH - қалыңырақ). Егер программалаушы анықтаған сызық типі қолданылатын болса, онда obr мәні төрт таңбалы оналтылық константа болып, ол ұзындығы 16 пиксел сызық кесіндісін кодтау үлгісі болуы тиіс. Штрихтау сызықтары.setfillstyle (stil,col):аймақты бояу, толтыру стилін береді, мұндағы stil – алдын ала мәні анықталған константа, стильді береді, оның мәндері келесі бетте көрсетілген. col – түс кодына сәйкес бүтін сан немесе ағылшынша түс аты. Ол setcolor функциясын анықтауда көрсетілген. Сызық стилі мен түсі көптеген функцияларда (bar, bar3d, sector, т.б.) қолданылады.