- •1. Жалпы түсініктер
- •If (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі
- •If (шарт-өрнек) 1-оператор; //толық түрі
- •1 Оператор;
- •2 Оператор;
- •36. Break операторы
- •2. Жиым элементтерін енгізу/шығару
- •2. Екі өлшемді жиым элементтерін енгізу
- •Int I,j,r,s; clrscr();
- •Void print(int gg, int mm, int dd)
- •Void real_time(void)
- •Void z1(int *X, int *y)
- •Void z1(int*, int*);
- •54. Edit менюінің ішкі командалары:
- •56. Файлдарда қолданылатын функциялар
- •60. Setbkcolor(түсі)-экранның фоны түсін өзгерту функциясы
If (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі
Шарт-өрнек ретінде арифметикалық өрнек, қатынас немесе логикалық өрнек жазылады. Егер шартты өрнек мәні нөлге тең (яғни ақиқат болса) болмаса, онда оператор атқарылады. Мысалы:
if (x<y && x<z) min=x;
If (шарт-өрнек) 1-оператор; //толық түрі
else 2-оператор;
Егер шартты өрнек мәні нөлге тең (яғни ақиқат болса) болмаса, онда 1-оператор атқарылады, ал ол нөлге тең болса, онда 2-оператор орындалады. Мысалы:
if (d>=0)
{
x1=(-b-sqrt(d))/(2*a);
x2=(-b+sqrt(d))/2/a;
printf(“\nx1=%5.2f x2=%5.2f”,x1,x2);
}
else printf(“\nШешуі жоқ”);
31.Шартты операция (? :) шартты өрнек жазуға мүмкіндік береді, яғни берілген шартқа байла-нысты әр түрлі мән қабылдайтын шартты өр-нектер құрады. Бұл операция үш орынды бо-лып табылады. Егер оның шарты (бірінші операнды) ақиқат болса, өрнек мәні екінші операндқа тең; егер жалған болса, онда — үшіншіге тең. Мысалы:
max_ab = a > b? a : b;
32.switch ауыстырғыш операторы программада кездесетін бірнеше (екіден артық) нұсқаның бірін таңдап алу керек болған жағдайда қолданылады.
Оператордың жалпы жазылуы:
switch <бүтін типті өрнек>;
{
case белгі1: операторлар; break;
case белгі2: операторлар; break;
................
case белгіN: операторлар; break;
[default: операторлар;]
}
Оператордың орындалу схемасы:
1-белгі:
<операторлар>;
break; Өрнек?
2-белгі:
<операторлар>;
break;
3-белгі:
<операторлар>;
break;
n-белгі:
<операторлар>;
break;
Мұнда switch сөзінен кейінгі өрнек мәні есептеледі, ол бүтін санды (char типі де) типте болуы тиіс. Сол мән case сөздерінен кейін жазылған константалар мәндерімен салыстырылады. Егер олардың біріне тең болса, сол жол орындалады, жол соңында көшу опера-торы болмаса, келесі жолдар толық орындалады. Ал бір жолды орындап болған соң, switch операторынан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер switch сөзінен кейінгі өрнек мәні ешбір константа-мен сәйкес келмесе, онда default сөзінен кейінгі операторлар атқарылады. Кейде default сөзі болмауы да мүмкін.
Егер default сөзі болмаса, онда switch операторынан кейінгі келесі жолдар орындала береді.
Switch операторындағы өрнек түрінде нақты типтегі мәліметтерді, сөз тіркестерін (жолдарды) пайдалануға болмайды.
Нөмірлеріне сәйкес апта күндерінің атауларын шығару мысалы (switch2.cpp):
1 енгізілсе, дүйсенбі сөзі,
2 енгізілсе, сейсенбі сөзі,
..........
7 енгізілсе, жексенбі сөзі шығарылады.
#include <stdio.h> // 1_7.cpp
#include <conio.h>
main()
{ int i;
printf("\n1-7 арасында бүтін сан енгіз: " );
scanf("%i",&i);
switch(i)
{
case 1: printf("\nдуйсенбі");break;
case 2: printf("\nсейсенбі");break;
case 3: printf("\nсарсенбі");break;
case 4: printf("\nбейсенбі");break;
case 5: printf("\nжұма");break;
case 6: printf("\nсенбі");break;
case 7: printf("\nжексенбі");break;
default: printf(“Сан 1-7 арасында болуы керек");
}
getch();
}
33. Шарты алдын ала тексерілетін цикл схемасы:
Оның жазылуы:
While (шарт-өрнек)
{
