Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эмр го.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
51.34 Кб
Скачать

14. Монетарлық экономикалық саясат.

монетарлық саясат – бұл тікелей мемлекеттік әсермен немесе ұлттық банк арқылы елдегі ақша массасы мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Монетарлық саясат ақшаға да, бағаға да ықпал ету арқылы ақша жүйесі мен ақша айналымы қызметін қамтамасыздандырады.

Монетарлық саясаттың мұраты фискалдық саясат сияқты шаруашылық жүйесі қызметін тұрақтандыру, орнықтылығы мен тиімділігін арттыру, дағдарысты еңсеру, жұмыспен қамту мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады.

Дегенмен, фискалдық саясат бюджет және салықтармен байланысты антициклдық сипатта әрекет ететін болса, монетарлық саясат ақша айналымы мен ақша массасын тұрақтандыруға және бағаларды, табыстарды, жалақыны реттеуге бағдарланған. Олай болса монетарлық саясат міндеттерінің де өзіндік сипаты бар. Бұл – бағалар деңгейін тұрақтандыру, инфляцияны жаныштау, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы рыноктардағы сатып алу қабілеттілігі мен бағамын қолдау, орнықты ақша айналымын қамтамасыз ету, банктік жүйе арқылы ақша массасын, ақшаға сұраныс пен ұсынысты реттеу.

Мемлекеттік монетарлық саясаттың құрамдас бөлігі және сонымен бірге құралы ретінде қайта қаржыландыру саясаты, ашық рыноктағы операциялар, резервтеу, өтімділікті қамтамасыз ету істері танылады. Бүкіл осы құралдардың жиыны айналымдағы ақша массасын және жекелеген ақша агрегаттарын реттеуге мүмкіндіктер туындатып рыноктық бағалар динамикасына, инфляция деңгейіне, өндірушілер мен тұтынушылардың тауар-ақша қатынастарына, рыноктық айырбасқа, рынок субъектілерінің табысы мен шығынына жанама ықпал етеді.

Фискалдық және монетарлық саясат рыноктық экономикасы бар елдердегі мемлекеттік экономикалық саясатты қолдаушы конструкция болып табылады. Бірақ, экономикалық саясаттың барлық түрлері мен формалары осылармен аяқталмайды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың басқа түрлеріне де атап өтейік.

Құрылымдық-инвестициялық саясат өндірістің салалық және аймақтық құрылымын қалыптастыру және өзгерту бойынша мемлекеттің іс-әрекет желісін сипаттайды.

Әлеуметтік саясат халықты әлеуметтік қорғау, күнделікті өмір сүру деңгейін қолдау. Әлеуметтік саясатқа халықтың табысы мен жалақысын реттеу, жұмыспен қамту т.с.с. жатады.

Демографиялық саясат тұрғындардың санын, құрылымын, орналасуын, қала және ауыл тұрғындарының арақатынасын реттеу.

Миграциялық саясат халықтың көші-қонына ықпал ету, иммигранттар мен эмигранттар ағындарын реттеу.

Аймақтық саясат өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруды, табиғи байлықты тиімді пайдалануды көздейді.

Институционалдық саясат ескіргенді алып тастап, қолда барды тиімді өзгерту және жаңа еңбек, меншік, қаржы, әлеуметтік институттарды құру бойынша мемлекет қолданатын шаралар жиынтығы болып табылады.

19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау.

Мемлекет ғылым дамуының басым бағыттарын таңдайды, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастырып, жүзеге асыруды, республикалық бюджеттен ғылыми қызметті қаржыландырады, республикалық дәрежедегі ғылыми ұйымдарды басқарады.

Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары белгілі:

1. Ғылыми-зерттеулерді салықтық ынталандыруды күшейту. Мұның рыноктық экономикада бюджеттік субсидиялармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Салықтық жеңілдіктердің бірнеше түрлерін атауға болады. Олар: ғылыми зерттеулерге шығындардың табыстық бөлігіне салық салуды азайту; ғылыми зерттеулерге шығын өсіміне белгілі бір пайыз шамасында төленетін салыққа шегерім жасау; жаңа техникаға жұмсалатын күрделі қаржының бір бөлігіне салық сомасын кеміту; іргелі зерттеулерді қаржыландыруға арналған қаражатқа ерекше салықтық жеңілдіктер беру, орта және шағын бизнестің зерттеулеріне қолайлы жағдай жасау.

2. Инновациялық саясаттың басты құралдарының бірі ретінде ғылыми-техникалық өнімдерге мемлекеттік тапсырыс рөлін күшейтуді атауға болады. Қаржылық орнықтылыққа қол жеткізілген сайын тәуекелді (венчурлық) жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік тапсырыстың үлесі арта түседі.

3. Мемлекеттік инновациялық қор ең басым деген ірі зерттеулер мен жаңғыртуларды мақсатты түрде жеңілдікті қаржыландыратын болады. Аталған қордың инновацияларды мемлекеттік қолдау бойынша өкілеттігі мейлінше кеңейтілуі тиіс, яғни ғылыми идеядан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі циклды қамтуы қажет.

4. Технологиялық әлеуеттің мониторингтік және болжау жүйесін жасау үшін мемлекеттік деңгейде методикалық (әдістемелік) және ақпараттық қамтамасыз ету істері атқарылуы тиіс.

5. Ғылыми өнімді жобалау және өндіру сферасында рыноктық бәсеке рөлін арттыру негізінде басым бағыттар үшін Жапонияда кеңінен қолданылатын «бастапқы ақшалар» принципін тарату қажет.

6. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін ашып, кеңейту. Бұл үшін жеке меншік сектордың (қаржы-өнеркәсіптік топтар, коммерциялық банктер, бірлестіктер т.б. шаруашылық жүргізуші субъектілер) инновациялық белсенділігін ынталандыруды күшейтіп, коммерциялық мүдделіліктерін арттыру көзделеді.

7. Ғылыми-техникалық орталықтар қызметін коммерциализациялауды дамыту. Мұның өзі оларды табыстың негізгі бөлігін инновация және ақпараттық технология рыноктарынан іздеп, табуға итермелейді. Бұдан басқа, ғылыми орталықтар қызметін коммерциализациялау ғылымды рыноктық жағдайларға бейімдейді және мемлекеттің инновациялық саясатының жаңа әдістерінің пайда болуына көмектеседі.

8. Ғылыми зерттеу сферасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Әлемнің ешбір елі Ғ.Т.П.-ның барлық салалары бойынша зерттеулердің түгелге дерлік спектрін қамти алмайды. Ғылыми-техникалық кооперацияның мейлінше динамикалық формаларының бірі – халықаралық бірлестіктерді құру болып табылады. Ынтымақтастық пен өзара тәуелділік арта түскен шығындар мен тәуекелдерді бөлісуге итермелейді, сондай-ақ жаңа өнімді жасау процесіне қажетті білімдер потенциалын шоғырландырады