Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эмр го.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
08.12.2019
Размер:
51.34 Кб
Скачать

3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.

Аралас экономика жағдайындағы мемлекеттің негізгі функцияларын атап өтейік:

• Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіздер қалыптастырады мемлекет жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекетін кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды талдап жасайды және қабылдайды; азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

• Экономиканы тұрақтандырады; Үкімет бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалай саясатты қолдану арқылы өндірістің құлдырауын тоқтатады, инфляцияны тежейді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға деңгейі мен ұлттық валюта бағамын орнықтырады.

• Макроэкономикалық және құрылымдық тепе-теңдікті қолдайды; аталмыш тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай рыноктық механизмді қалыптастырады.

• Даму стратегиясын талдап қабылдайды, қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық стратегияны жүзеге асыру мақсаттары мен мұраттарын қамтамасыз етуді қосқандағы экономиканың қалыпты қызметі үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасайды.

• Ресурстарды үйлесімді бөледі, мемлекет жеке сектордың қызығушылығын туғызбайтын тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін өндіруді ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланысты, транспортты дамыту шараларын қарастырады, қорғанысқа, ғылымға қажетті шығындарды анықтайды, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларын қалыптастырып, жүзеге асырады т.с.с.

• Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кемшіліктерді қамтамасыз етеді, мемлекет минималды еңбекақыға, қарттыққа байланысты зейнетақыға, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға кепілдіктер береді.

• Шетелдегі ұлттық бизнесті қолдайды; мемлекет әлемдік шаруашылықта отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық бизнес қызметін үйлестіреді.

• Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; мемлекет тұрақсыздық қауіп-қатерлері мен факторларына қарсы шаралар қолданады.

• Елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде ұстайды.

4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.

Мемлекеттік реттеудің методологиялық негізін ұзақ мерзімді болжамдар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрайды. Солардың ішінде мемлекеттік реттеудің объектісі болуы тиіс басым стратегиялық мәселелер баршылық. Олардың негізгілерін атап көрсетейік:

1. Экономиканы дамытудың жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. «Адами дамытуды қаржыландыру ұзақ мерзімді инвестициялардың ең тиімдісі екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл стратегияны жүзеге асыру Қазақстанның демографиялық дамуымен тікелей байланысты.

2. Экономикалық өсу – ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар (жаңалықтар), өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын арттыру.

3. Өндіргіш күштерді орналастыру. Мұның өзі ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік реттеуді қалайтын стратегиялық мәселелердің ең маңызды дегендерінің бірі болып табылады.

4. Экологиялық фактор-өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Әлемнің көптеген елдерінде экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылып, стратегиялық мәнге ие болып отыр.

Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне ұлттық экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс-әрекеті бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық процестер жатады.

Мемлекет ықпалында болатын негізгі объектілер мыналар: Ұлттық шаруашылықтың салалық, өңірлік, ұдайы өндірістік және әлеуметтік құрылымдары; Экономикалық цикл; Жұмыспен қамту; Өмір сүру деңгейі; Білім беру және кадрларды даярлау; Ақша айналымы; Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инвестициялар; Төлем балансы; Әлеуметтік сфера, еңбек қатынастары, халықты әлеуметтік қолдау механизмі; Қоршаған орта; Бағалар, антиинфляциялық үдерістер; Экономиканың мемлекеттік секторы; Қаржы ресурстары және бюджетаралық қатынастар; Мемлекетсіздендіру, жекешелендіру, демонополизациялау; Экономиканың әртүрлі салаларындағы меншік формалары; Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер және т.б.

Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып табылады. Қ.Р. жағдайында бұл: қос палаталы Парламент, Үкімет, Қазақстан Республикасы Президенті, Қ.Р. Конституциялық Кеңесі. Мемлекеттік реттеу субъектілеріне, сондай-ақ биліктің өңірлік органдары да жатады.