Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АШ Ілгідаева Назым,Макситбеков Данияр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
348.95 Кб
Скачать

Гарвард университеті

Гарвард Университеті

Гарвард Университетінің Таңбасы

лат. 'Universitas Harvardiana'

Ұраны

Veritas

Ағылшынша ұраны

Ақиқат (Truth)

Құрылған жылы

1636

Түрі

Жекеменшік (Private)

Эндаумент

US$32 миллиард(2011)

Президенті

Дрю Гилпин Фауст(Drew Gilpin Faust)

Ұстаз құрамы

2,107

Әкімшілік қызметкерлері

2,497 ғылыми емес 10,674 ғылыми

Студенттер саны

21,225

Бакалавр

7,181 барлығы 6,655 бакалавр 526 Профисионал

Бакалаврдан жоғары

14,044

Орналасуы

Кэмбридж,МассачусетсАҚШ

Кампус

Қалалық Негізгі кампус Кэмбриджде Жаңа кампус Олстонда

Газетасы

Гарвард Кримсон

Түсі

Қараңғы қызыл     

Спорт

41 спорт тобы бар Айви Лигасы АҚШ колледждер арасында Бірінші Дивизион (NCAA)

Спорттағы аты

Гарвард Кримсон

Веб-сайты

Harvard.edu

Гарвард университеті – (ағылш. Harvard University) 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жекеменшік, Айви Лигасына кіретін зерттеуші жоғары оқу орны. Гарвард АҚШ-тағы  жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-тағы тұңғыш корпорация (ресми президенті және басқа жұмысшылар тағайындалған). Әлемде Гарвардты ең беделді университетретінде таниды, себебі оның тарихы, ықпалы және жеткен жетістіктері өте жоғары.

Университетке алғаш ақшалай көмек көрсеткендердің бірі Джон Гарвард болғандықтан, университет осы кісінің атымен аталады. Университеттің ресми түрде ешқашан дінге (шіркеуге) байланысы болмаса да, оның көшбасшы конгрегационалисттер мен унитаристтердаярланған. 18-ғасырда Гарвардтың оқу бағдарламасы дінтану негіздеріне бағытталған, оқушылар осы жүйемен білім алған. 19-ғасырдаБостон элитасының арасында Гарвард дінтанудың мәдени орталығы болып есептелді.  Америка Азаматтық соғысынан кейін Гарвардта қырық жыл бойы президент болған Чарлс Уиллием Элиот (1869-1909) Гарвардты орталықтандырылған зерттеу университетіне айналдырып, Америка Университеттері Ассоциациасының құрылтай-мүшесі болу деңгейіне жеткізді.  Ұлы Тоқырау мен Екінші Дүниежүзілік соғысыкезінде Гарвардты басқарып, унивеситетті реформалап, және оқуға қабылдау жүйесін әділ жасаған Жэймс Брайт Конант болды. 1900 жылыГарвардтың негізгі бакалаврлар даярлайтын колледжі Рэдклиф Колледжімен бірігіп, ұлдар мен бикештерге білім беруді бірлестіруді бастады.2007 жылы Дрю Гилпин Фауст Гарвардтың ең алғашқы бикеш-президенті болып сайланды. Гарвард – әлемдегі ең бай қаржы қоры бар білім институты, 2011 жылдың қыркүйегінде оның қорында $32 миллард бар делінген.

Гарвардта он бір білім орталығы – он факультет және тереңдетіп оқытуға бағытталған Рэдклиф Институты - және бүкіл Бостан метрополитені бойынша орналасқан кампустары бар.  Гарвардтың негізгі кампусы Кэмбридж қаласындағы Гарвард Ярдта, шамамен Бостанның солтүстігінде орналасқан. Гарвард Бизнес Мектебі және универвитеттің спорттық кешендері, оның ішінде Гарвард Cтадионы (Harvard Stadium) Чарлс Өзенінің жағасындағы Олстенде орналасқан, ал Гарвард Медицина Мектебі, Гарвард Тіс емдеу мектебі, және Гарвард Денсаулық мектебі - үшеуі Лоңууд Медицина және Академия аймағында орналастырылған.

2010 жылдан бастап, Гарвардта орташа есеппен 2,100 ұстаз, 6,700 бакалаврлар және 14,500-дей магистратура мен профисианалды студенттері бар. АҚШ-тың 8 президенті Гарвардта білім алған және 75 Нобель лауреаты Гарвардта студент не ұстаз болған. Сонымен қатар, Гарвард әлемнің 62 миллиардерінің алма-матері.  Гарвард Университет Кітапханасы (Harvard University Library) АҚШ академиялық институттары арасындағы ең ірісі және әлемдегі ең үлкен кітапханаларының бірі.

Гарвард Кримсон (Harvard Crimson) "АҚШ-тағы Ұлттық Солледж Спорт Ассоциясында" Айви Лигасы колледждерінің арасында бірінші болып спорттың 41 түрінен жарысқа қатысады. Гарвардтың спорт жарыстарындағы негізгі бәсекелесі – әйгілі Йель университеті, әсіресе "дәстүрлі АҚШ футболынан" - The Game деп аталады. Алайда Гарвард - Йель Регатта (Harvard–Yale Regatta) бәсекелестігі АҚШ футдол бәсекелестігінен де бұрын болған. Гарвард – Йель бәсекелестігіне қарамастан, екі жыл сайын осы екі университеттің Track және Field спорт топтары бірігіп, Британияның атақты Оксфорд және Кэмбридж университеттерінің спорт топтарына қарсы ойнайды. Бұл, дүниежүзіндегі халықаралық деңгейдегі ең көне әуесқой бәсекелестік