Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АШ Ілгідаева Назым,Макситбеков Данияр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
348.95 Кб
Скачать

Корпорациялар

Кіші және орташа компаниялар сан жағынан көп болғанымен, Америка экономикасында ірі іскер қауымдастықтар шешуші роль атқарады. Бұның бірнеше себебі бар. Үлкен ком- паниялар тауар мен қызмет үсына алады, ол белгілі бір иелік етушіге қастандық жасау немесе қызығушылықтың жоқ болуына әкеледі. Сондай-ақ, олардың көбінесе сатылатын өнімнің әрбір түрінің қүнының төмендігіне және көп мөлшерде болуына байланысты өз өнімдерін арзан бағамен сатуға мүмкіндіктері болады. Олардың нарықтағы тағы бір артықшылығы - түтынушыларды өнімдерінің сапасының белгілі бір деңгейіне кепілдік беретіндігіне сендіре алатын фирмалық таңба белгілерімен өздеріне қарай тарта алады. Ірі кәсіпорындар бүкіл экономика үшін өте маңызды роль атқарады. Жаңа өнімдерді өндіру және ғылыми зерттеулер жасау үшін ұсақ фирмаларға қарағанда оларда үлкен қаржылай қорлары бар. Осы сияқты фирмалар көбірек және әртүрлі қызмет орындарын және оған жоғарырақ кепілдік бере отыра жоғары еңбек ақы және қартайғанда, ауырып қалғанда алатын ұтымды жәрдемақы үсына алады. Дегенмен де, американдықтар үлкен компанияларға екі жақты қарайды: экономикалық жағдайдағы маңызды үлесін мойындай отыра, олардың жаңа өндіріс орындарын тұншықтырып, түтынушылардың таңдау мүмкіндіктерін жойыл тастайтындай күш алып кетуінен жасқанады. Бүдан басқа, үлкен корпорациялар кейде өзгеріп жатқан экономикалық жағдайларға бейімделуде икемсіздік көрсетеді. Мысалы үшін, 1970-шы жылдарда АҚШ-тың автомобиль компаниялары бен- зинге бағаның өсуі жанармай үнемдегіш жеңіл көліктерге сүранысты өсіргендігін кеш түсінді. Нәтижесінде, осы комп ниялар шетелдіктерге негізінен жапондық өндірушілерге ж о л бергендіктен, ішкі нарықтық айтарлықтай бөлігінен айрылып қалды. АҚШ-та көптеген үлкен компаниялар корпорациялар болып қүрылды. Корпорация іскер шаруашылықты ұйымдастырудың нақты заңды формасы. Ол 50 штаттың біреуінің корпорация қүруға келісімі бар қүжаттарымен жеке адамдікі сияқты заңды түрде тіркелген болуы қажет. Корпорациялар мүліктерді иемдене отырып, сотта іздене немесе сотқа жауап бере және келісімшарттар жасай алады. Корпорацияның заңды мәртебесі болғандықтан, иеленуші оның қызмет әрекеттерден белгілі бір мөлшерде қорғалады. Одан басқа, корпорация иелерінің қаржылық жауапкершіліктері шектеулі. Мысалы, олар корпорациялардың қарыздарына жауап бермейді. Егер акционер белгілі бір корпорацияның акционерлік капиталының 10 акциясына 100 АҚШ долларын төлесе, соңғы корпорация банкроттыққа үшыраса, төлеген 100 доллардан айрылып қалады. Осымен іс бітеді. Корпорацияның акционерлік капиталы нақты несі қайтыс болған жағдайда бір иеленушіден екінші иеленушіге өтетін болса да корпорация ештеңеден үтылмайды. Акция иемденуші кезкелген жағдайда өз акцияларын сатуға немесе өз мүрагеріне қалдыруға қүқықты. Корпоративтік форманың кейбір кемістіктері де бар. Кор- порациялар заңды тұлғалар ретінде салық төлеуі тиіс. Корпорациялардың акция иелеріне төлейтін дивидендтері, облигация пайызы сияқты емес, салық салынбайтын шығын болып табылады. Сондықтан, қандай да болсын корпорация дивидендті өзінің кірісінен төлейді, акционерлер салығы сол дивидендтен алынады. Көптеген үлкен корпорацияларда акционерлер мен иелік етушілер саны өте жоғары болады. Ірі компаниялар миллион- даған немесе одан да көп адамды біріктіреді, бірақ олардың көпшілігі 100 акциядан да аз үстайды. Кең тараған жеке меншік формасының бүл түрі көптеген американдықтарға ел- ден кейбір ірі компаниялардың үлесіне тікелей ие болуға мүмкіндік береді. 1990-шы жылдардың ортасында американдық отбасыларының 40 пайызы тікелей немесе екі жақты қорлар арқылы немесе басқа делдалдар арқылы жай акцияларға ие болған еді. Көп жағдайларда корпорация бизнесінің барлық жақтарын жете біле бермегендіктен немесе басқаруға қабілет пен мүмкіндіктері болмағандықтан акция иелері кең корпоративтік саясат жүргізу үшін төрағалар кеңесін сайлайды. Әдетте корпорация директорлары кеңесінің мүшелері мен менеджерлері жай акциялардың 5 пайызынан кеміне иелік етеді, әрине олардың кейбіреулері одан да жоғары мөлшерде иелік етуі мүмкін. Жеке түлғаларда, банктер немесе зейнетақы қорларында акция пакеттері болады, бірақ бүл пакеттер де жалпы санның тек аз ғана үлесін құрайды. Әдетте, кеңес мүшелерінің шағын бөлігі ғана корпорацияның лауазымды қызметкерлері болып табылады. Кейбір директорларды басқаруға ықпал жасау үшін компаниялар ұсынады, ал басқалар белгілі бір біліктілікпен корпорация жұмысына үлес қосу үшін немесе қарызға беретін мекеменің өкілі ретінде ықпалды қамтамасыз етеді. Бір адамның бірнеше корпорация кеңестерінде жұмыс атқаруы өрескел іс деп қарастырылмайды. Корпорация кеңесі немесе директорлар кеңесі төрағасы бола алатын жоғары дәрежелі басқарушының (СЕО) қолына күнделікті басқару билігін береді. СЕО басқа орындаушылармен қатар әртүрлі корпоративтік қызметке жауап беретін вице-президенттерді бақылайды, сондай-ақ, бас қаржы басқа- рушысын, өндіріс жетекшісін және аға-қызметші мен аппарат жетекшісін де бақылайды. 1990 жылдардың аяғында АҚШ-тың іскерлік қарым-қатынасының басты бөлігі жоғары технология негізінде атқарылуға кешкен кезде корпоративтік СЕО қызметі пайда болады. Директорлар кеңесі СЕО-ға сенім білдірген соң, корпорацияны басқаруда оған үлкен еркіндік береді. Бірақ, кейде жеке немесе ұйымдасқан акционерлер тобы бірігіп әрекет жасай отырып, мысалы, басқару саласында басқаша дербес ойлайтын директорлар кеңесіне кандидаттарды қолдай отырып, басқару ісіне өзгеріс енгізу арқылы билікке қол жеткізе алады. Жалпы алғанда, тек бірнеше адам ғана ж ы л сайын өтетін акционерлер жиналысына қатыса алады. Акционерлердің көпшілігі «сенім негізіндегі» басқарудан кейін компанияның маңызды үсыныстарымен төраға сайлауда дауыс береді, яғни сайлау құжаттарын поштамен жібереді. Бірақ, соңғы жылдары жылдық жиналыстарға акционерлердің көпшілігі, тіпті бірнеше жүздеп келетін болды. АҚШ-тың Құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиялары корпорациялардан басшылыққа қар- сы шығып отырған акционерлер тобына олардың көзқарастарын білу мақсатында акционерлердің таратылымды тізіміне кіруіне жол ашуын талап етеді.

АҚШ-тың өндірістік инфрақұрылымы

АҚШ экспортының маңызды түрлері

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардағы АҚШ ұстанымы

Әуе және ғарыш аппараттары 

Төраға және хатшылық, ISO/TC 20 «Әуе және ғарыш аппараттары» техникалық комитеті 

Электронды жабдық 

IEC/TC 47 «Жартылай өткізгіш аспаптар» техникалық комитетінің Төрағасы 

Қаржылық қызмет көрсетулер 

Төраға және хатшылық, ISO/TC 68 «Банк ісі» техникалық комитеті 

Ақпараттық-технологиялық қызмет көрсетулер 

Төраға және хатшылық, ISO/IEC JTC1 «Ақпараттық технологиялар» бірлескен техникалық комитеті 

Машина жасау 

Төраға және хатшылық, ISO/TC 11 «Қысыммен жұмыс жасайтын от қазандықтары мен ыдыстар» және ISO/TC 192 «Газ турбиналары» техникалық комитеті 

Пластмассалар 

Төраға және хатшылық, ISO/TC 61 «Пластмассалар» техникалық комитеті  

Мұнай өндірісі

АҚШ-тағы мұнай өндірісі 1995 жылдың мамыр айынан бастап максималды деңгейге жетті

2012 жылдың қазан айының басына АҚШ-тағы мұнай өндірісінің көлемі күніне 6,548 млн баррель болды.Соңғы рет осындай көлемдегі өндіру 17 жыл бұрын болды, 1995 жылдың мамыр айы, бұл туралы мемлекеттің энергетика Министрлігі хабарлайды. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда мұнай өндірісі АҚШ-та 12,2 пайызға қымбаттады.Соның ішінде 48 штатпен бірге АҚШ-тың континенталды бөлігінде , Гавайи мен Аляскадан басқа , өндіріс күніне 6,055 млн баррельді құрады, бұл өткен периодқа қарағанда 14 пайызға артық. Сол уақытта АҚШ Энергетика Министрлігінің ақпараттарынан шығатыны, 2012 жылы Аляскада қазан айының басында өндіру күніне 543 мың баррельді құрады.Бұл өткен жылға қарағанда 6 пайызға артық.

Париждегі батыстық 28 елге энергия жеткізуді қамтамасыз етумен айналысатын үкіметаралық ұйым – халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) берген соңғы мәліметтер АҚШ-тағы дамудың әлемдегі энергетика нарығына қаншалықты әсер ететінін көрсетеді. 

Аталмыш агенттіктің бақылауы бойынша, АҚШ 2017 жылға дейін қазір бірінші орындағы Ресей мен екінші орындағы Сауд Аравиясын артқа тастап, әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елге айналмақ. Ұйым «АҚШ 2030 жылға дейін таза мұнай экспорттайтын елге, 2035 жылы өзін өзі энергиямен қамтамасыз ететін елге айналады» деп болжайды.

ӨЗГЕ ЕЛДЕРДІҢ ҚАУПІ Соңғы бес жылда газ бен мұнай өндіру саласы АҚШ-тағы энергетика өндірісін қарқынды түрде дамытып барады. Қазір АҚШ өзіне қажетті энергияның 20 пайызын сырттан тасиды. Лондондағы энергетика саласына арналған «Petroleum Argus» журналының редакторы Ричард Чайлдтың ойынша, АҚШ-тағы бұл өзгеріс әлемдік энергетика нарығына қатты ықпал етеді. – АҚШ-та мұнай өнімдерін өңдеу өсіп жатқанымен, ол ел мұнайға деген сұранысын энергияны тиімді қолдану арқылы тежеп отыр. Негізінен олар бұл жобаны рұқсат етілген көліктердің жанар және жағармайларын тиімді қолдануды дамыту арқылы жүзеге асырып жатыр, – дейді ол.

Дәл қазір Еуропа Ресей мен Таяу Шығыс мұнайына қатты тәуелді, себебі жақын өңірдегі Батыс Африканың шикі мұнайын негізінен АҚШ сатып алып жатыр. Бірақ АҚШ Батыс Африка мұнайын импорттауды тоқтатқан кезде Еуропа ол өңірден көбірек мұнай сатып ала алады. Бұл өзгерістер Еуропаның энергия көздерін көбейтуге септігін тигізгеннен бөлек, Ресей мен ОПЕК-ті Азия аймағынан жаңа нарық іздеуге мәжбүрлейді. ХЭА-ның болжамынша, 2035 жылға дейін Таяу Шығыстан келетін мұнайдың 90 пайызы Азияға қарай тасымалданады. Осы аймақта мұнайға деген сұранысы өсіп бара жатқан Қытай мен Үндістанға мұндағы мұнайдың 60 пайызы тасылады. Лондондағы Чатхэм Хаус институтындағы энергетика саласы бойынша маманы Джон Митчелдің ойынша, «бұл жайт Азияның жыл сайын өсіп бара жатқан энергетикалық ашаршылығын тоқтатуға септеседі».

Көлік саласы

Монополияға қарсы бағытталған заңдар бәсекелестікті өсіруге үмтылса, реттеудің басқа түрлері теріс нәтиже берулері мүмкін. 1970-ші жылдары американдықтар арасында инфляцияға байланысты алаңдаушылық туып, баға бәсекелестігін шектейтін реттеу әрекеттері жаңадан қарастырылды. Сондықтан да, кәсіпорындар бақылау арқылы нарықтық күштердің ортасында қыспақта қалған көптеген жағдайларда үкімет реттеу тетіктерін азайтуға шешім қабылдады. Дерегуляция ең алдымен көлік-қатынас саласына енгізілді. Президент Джимми Картер билік жүргізген тұста (1977-1981) Конгресс авиация, жүк тасымалдау, автокөлік және темір жол қатынасындағы мемлекеттік бақылауды азайтатын заңдар қабылдады. Тасымалдау саласындағы компанияларға ауада, жолда және темір жолда өз еркімен бағдар таңдап бәсекелесуге толық мүмкіндік жасалды, сондай-ақ оларға бағаны еркін түрде анықтайтын таңдау құқығы берілді. Дерегуляңияның әсерін нақты анықтау қиын болғанымен, ол септігін тигізген салалардың күрт дамуын аңғаруға әбден болатын еді. Авиация саласын қарастырып өтелік. Үкімет бүл саланы реттеуден бас тартқаннан кейін авиакомпаниялар жаңа белгісіз ортаға өздерінше бейімделуге жанталаса тырысты. Жаңадан пайда болған бәсекелес компаниялар үшқыштар мен жүмысшыларға жалақыны аз төлеп, соған сәйкес қызметтің арзан және қарапайым түрлерін халыққа ұсынды. Үкімет тарапынан қойылатын және өз шығындарын толықтай ақтайтын тарифтерге үйреніп қалған ірі авиакомпаниялар, бәсекелестікті жаңа жағдайда қатты сезінді. Жалақысының өзгеруі екіталай қабылданды, кейбір клиенттер оған өз наразылығын білдірді. Монополиялар мен реттелетін компаниялар бағаларды өздерінің пайдасына қарай қойып әр жеке қызметтің пайда түсіретінін, түсірмейтінін көп қарастырған жоқ. Авиакомпаниялар үкімет тарапынан реттеліп тұрған кезде астанаға, мемлекет ішінде және алыс бағыттарға қатынайтын маршруттардың бағасы шынайы бағаларынан жоғары қойылған еді, ал қымбаттау жақын бағыттар мен халық саны аз аймақтарға жету жол ақысы өзіндік қызмет көрсету қүнынан төмен болатын. Мем- лекеттік бақылау алынып тасталғаннан кейін бүл тәртіп өз күшін жойды, себебі шағын бәсекелестер бұрыннан бері бағасы жасанды жоғары ұсталған үлкен маршруттарды жеңіп алып, пайда түсіретінін үғынды. Сондықтан да бұл талаптарды орындау үшін авиакомпа- ниялар жолақысын қысқартумен қатар пайда аз түсіретін маршруттар бағасын азайтыл, соған сәйкес қызмет көрсету түрлерін де кемітті. Өте ірі тасымалдаушылар бөлімдері тарапынан осы қызмет көрсетудің кейбір түрлері кейіннен жаңа күнделікті авиа жолдар ретінде қайта қалпына келтірілді. Осындай жұмыстардың арқасында «қала сыртында тұратын» түрғындардың әуе қатынасы қалпына келтірілді. Аталмыш бағыттарда шағын авиакомпаниялардың қызмет көрсету деңгейі реактивті үшақтардың орнына ескі аэропландарды қолданғандығына байланысты едәуір төмен болғаны, сүранымдарын өткере отырып өз жұмысын тоқтатпай жүргізе берді. Тасымалдау саласындағы компаниялар мемлекеттік бақылаудың алынып тасталуына алғашында қарсы болды, бірақ кейіннен олар мұны оң қабылдап, қолдауға да мәжбүр болды. Түтынушылар үшін бәрі сапырылысып кеткендей болды. Дерегуляңияның алғашқы кезеңдерінде пайда болған шағын авиакомпаниялар жоғалып кетіп, кейбір нарықтық бәсекеде компаниялардың бірігуіне байланысты бәсекелестік төмендей түсті. Дегенмен, сарапшылар реттеу кезеңдеріне қарағанда билет қүнының арзандағайын жалпы мойындал отыр. Әуе кемелер- імен саяхат жасау жылдам дамуда. Мысалы, дерегуляция басталған 1978 жылы жолаушылар АҚШ әуе кемелерімен 226 800 миллион мильді (362 800 миллион километр) ұшып етсе, 1997 жылы бүл көрсеткіш үш есе артып, 605 400 миллион мильге (968 640 миллион километр) дейін жетті.

Телекомуникациялар

1980-ші жылдарға дейін АҚШ-та телефон компаниясы деген термин Американың телефон және телеграф компаниясының синонимі болды. АТ&Т телефон бизнесінің барлық аспектілерін өз бақылауында ұстады. Оның аймақтық бөлімшелері ВаЪу деген атпен белгілі реттелген монополиялар келісілген аймақтарда айрықша құқыққа ие еді. Федералдық байланыс комиссиясы штаттар арасындағы байланыс бағаларын реттесе, ал штаттық реттеу бөлімдер жергілікті және штаттың ішіндегі байланыстың бағаларын мақүлдауға тиісті болды. Үкіметтің бұл саланы реттеуі телефондық компаниялар электр-энергия көздері секілді табиғи монополия екен деген теорияға негізделді. Ал бәсекелестікті тудыру үшін қосымша кабельді сым тарту қажеттігі шығынды және пайдасыз деп есептелінді. Бұл көзқарас 1970-ші жылдардың басында күрт технологиялық дамудың жылдам табыс әкелуіне байланысты өзгерді. Тәуелсіз компаниялар өздерінің АТ&Т компанияға бә- секелес бола алатындығын сезінді. Бірақ олардың пікірінше телефондық монополиялар өздерінің көлемді желілеріне өзгелерді жолатпау арқылы бәсекелестікті бөгел отыр. Телекоммуникаңиядағы реттеулі жою екі көлемді кезеңге созылды. 1984 жылы сот АТ&Т-дің телефон монополиясын ыдыратыл, аймақтық бөлімшелерден бас тартуын талап етті

Жаңа технологиялар, атап айтқанда, кабельді теледидар, телефонды үялы байланыс, интернет, жергілікті телефондық компанияларға балама бола алады. Бірақ экономистердің пікірінше, аймақтық монополиялардың күш-қуаты байланыстың балама түрлерінің дамуына үлкен кедергілер келтірді. Атап айтқанда, бәсекелестер монополист желісіне ең болмаса уақытша қосылмаса мүлдем дамымай қалулары мүмкін. Мұндай бірлесіп, жұмыс істеу формасына ВаЪу әртүрлі сылтаумен кедергі етті. 1996 жылы Конгресс жаңа Телекоммуникациялар жөнін- дегі заң қабылдап, бұл мәселеге жауап берді. Заң бойынша АТ&Т секілді халықаралық байланыс компанияларына, кабельді теледидарға және басқа да істерін жаңа бастап келе жатқан компанияларға жергілікті телефондық бизнеске кірісе бастауға рұқсат берілді. Бұл шындығында бәсекелестердің аймақтық монополиялардың желісіне қосылуын талап етті. Аймақтық компанияларға бәсекелестікті қолдату үшін заң өз иелігінде бәсекелестік басталған мезгілде оларға халықаралық байланыс бизнесіне кіруге рұқсат берді. 1990-шы жылдардың аяғында аталмыш жаңа заңның әсерін қорытындылау әлі ерте болар. Алайда, бірқатар оң өзгерістер орын алды. Көптеген шағын телефон компаниялары жергілікті, әсіресе түтынушылардың саны көп қалаларда, қызмет түрлерін арзан бағаға үсынып, соның есебінен клиенттер қатарын көбейте алды. Үелы телефон абоненттерінің саны күрт өсіп жатты. Көптеген жаңадан ашылған интернет компаниялар отбасыларды интернетке қосу қызмет түрін ұсынды. Бірақ Конгресс күтпеген және қаламаған жайттар да орын алып жатты. Көптеген телефон компаниялары бірігіп, ал ВаЪу болса бәсекелестікті болдырмау үшін әртүрлі кедерг- ілерді қойды. Аймақтық фирмалар, өз ретінде, жұмыс істеу ауқымын халықаралық деңгейге ұлғайтуға асықпады. Дегенмен де, кейбір түтынушылар үшін әсіресе, бұрыннан бері қалайық және бизнес клиенттері есебінен субсидияландырылған ауылдық жердегі және тұрғын үйдегі байланысты пайдаланатындарға дерегуляция бағаның арзандауын емес, керісінше көтерілуін әкелді.

АҚШ-тағы ғылыми-техникалық саясатты мен білімі

«АҚШ-тағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудың үлгісі» атты тақырыпшасында дүниежүзінде ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы көшбасшы ел ретінде танылып отырған АҚШ-тың осы саясатты дамытудағы тәжірибесі сарапталған. АҚШ-тың ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы басты ерекшелігі ғылыми саланы қаржыландыруға мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп ғалымдардың материалдық қамтамасыз етілуінің жақсы жолға қойылуы. АҚШ-та ІЖӨ-нің 5% тек ғылыми саланы дамытуға жұмсалады Сондай-ақ ғылыми-техникалық салаға ұзақ мерзімді салықтық жеңілдіктердің берілуін де АҚШ-тың тәжірибесінен білеміз. АҚШ-тың ғылыми-техникалық саясатты дамыту тәжірибесі әлемнің көптеген елдеріне үлгі болып отыр. Осы елдің ғылыми-техникалық саясатын зерттеу барысында, ғылымды басқару барынша демократиялық принциптерге негізделгендігін, мемлекеттік органдар тарапынан өктемдік пен әкімшілікке жол берілмейтінін байқауға болады.

Автордың пікірінше өркениетті елдердегі ғылыми-техникалық саясатты дамытудың тәжірибесін таразылай келіп, ғылымды дамыту экономикалық өркендеудің басты кепілі деген қорытынды жасауға болады. Дамыған елдердегі және Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру механизмдерін салыстыра келіп, кейбір айырмашылықтарды атап көрсетуге болады. Өркениетті елдерде іргелі және қолданбалы зерттеуді қаржыландыруда мемлекет үлкен белсенділік танытады. Мемлекеттік сектор мен жеке сектордың өзара байланысы жақсы жолға қойылған.

АҚШ-тың стандарттау жүйесінің қазіргі заманғы жағдайы

АҚШ өкілдері палатасының Ғылым және технология комиссиясының Төрағасы Барт Гордон 2009 жылдың ортасында АҚШ-тағы ұлттық стандарттар және стандарттау жүйесінің қазіргі заманғы жағдайына қатысты олардың пікірін білу үшін бірқатар компаниялар мен қауымдастықтарға сұрау жіберген болатын. Конгрессменге қойылған сұрақтарға жауапты сондай-ақ Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI) – АҚШ-тың стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымы дайындаған болатын.  

Техникалық стандарттар қаншалықты маңызды? Стандарттар сауда, инновациялар үшін құрылыстық блоктар негізі және сапа, қауіпсіздік және функционалдық үйлесімділік іргетасы болып табылады. Ерікті, консенсус негізінде қабылданған стандарттар және сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметтің АҚШ экономикасы үшін маңызды мәні болады. Нарық қажеттіліктеріне байланысты және елеулі деңгейде көбейтілген стандарттар технологиялық жаңартуларды қолдайды және бизнестің жаңа нарықтарға жолын салады.    Бір жағдайда стандарттар жобалау үшін критерийлерді белгілей отырып және пайдаланушы талаптарын қанағаттандыратын пайдалану сипаттамаларын бере отырып жаңартулар алдында болады. Басқа жағдайда нарықта өз орнын тапқан жаңарту идеясы жаңа стандарт үшін келісілген шешімді жеке құжаттайтын, уақытпен тексерілген және расталған негіз болады.  

Стандарттар мен жаңартулар арасындағы осы өзара байланыс АҚШ-тың ұлттық стандарттар жүйесінің маңызды артықшылықтарының бірі болып табылады. Біз нарықта қозғалатын және стандарттарды белгілеуге арналған бөлім үшін ерекше тәсілдің ең жақсы стандарт немесе шешімді алдын ала анықтайтын бір де бір ұйым болмағандықтан, барынша тиімді болып табылады деген ойға келдік. Басқа көптеген елдердің стандарттар әзірлеу жүйесіне қарағанда, американдық жүйе барлық мүдделі елдер тұрғысынан барлық әлемдегі барынша тиімді стандарттарды жасауға қол жеткізе отырып жүйелеп қарастырады. Жаңа қатысушылар үшін біздің ұлттық стандарттар жүйесінің ашықтығы олардың қажеттіліктерінің келісілген инновациялық шешімдер арқылы тез қанағаттандырылатынын білдіреді.    Сіз біздің стандарттарды қабылдау процесімізді жан-жақты талдаудың заманауи және қажетті деп санайсыз ба?    Соңғы он жыл бойы АҚМ стандарттаушылар қоғамдастығы – үкіметтік агенттіктерді қоса алғанда – бұны Ұлттық стандарттау стратегиясын (National Standards Strategy - 2000), ал содан соң АҚШ Стандарттау стратегиясын (USSS; 2005) әзірлеу және жариялау арқылы жасады.     Осы жылдың басында біз Стандарттарды ғаламдық талдау орталығы тарататын Американдық стандарттау саясатына ұлттық шолуды әзірлеу жөніндегі сұрақтарға жауап берген кезде, ANSI АҚШ-тың стандарттау жүйесін және онымен бірге болатын процестерді талдап тастаған болатын. Түпкілікті есепке сәйкес «шолудың сауалнамаға жауап берушілердің іс жүзіндегі бірауыздан келіскен көзқарасы жеке сектордың технологиялық стандарттарын әзірлеу жөніндегі АҚШ-тың заманауи саясаты жақсы қолданылатынын және осы саясатқа немесе стандарттар әзірлеуге жеке/мемлекеттік секторлар үлесінің қалыптасқан/ағымдағы арақатынасына өзгеріс енгізу қажет еместігін білдіреді».    АҚШ стандарттары және сәйкестікті бағалау жүйелерінің өнеркәсіп, үкімет және тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруды үздіксіз жақсартуға бағытталғанын айтып өткен маңызды. Күшті, икемді және белсенді жүйенің стандарттарды бекіту және шығару процедураларының айқындығы мен ашықтығын, олардың үнемі жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін рекуррентті негізде барлық стандарттарды міндетті түрде қайта қарауды қамтамасыз ететін құрамдас процедуралары болады.    АҚШ Стандарттау стратегиясы (USSS) ұлттық стандарттар жүйесін сипаттайды және ұлттық экономиканың түрлі бөліктерінде қолданылуы мүмкін стратегиялық бастамалар мен ұсынымдарды ұсынады. Нақты тапсырмаға бағышталған осы тәсіл мүдделі тараптарға өзінің меншікті проблемаларын қарастыруға және барлық қажеттілікті қанағаттандыра алатын жеке стандарттар жүйесі болмағандықтан, өзекті проблемаларды шешу үшін жарамды жұмыс әдістерін әзірлейді. Салааралық проблемалар туындайтын, жағдайлар өзгеретін кезде және ANSI ұсынатын бірыңғай ұлттық дауыс, инфрақұрылым талап етілетін жерде көмек және делдалдық көрсетеді.    Технологиялық даму және бизнесті тұрақтандыруға байланысты 50 жыл бұрын әзірленген халықаралық стандарттар жүйесін қайта бағалайтын уақыт келді ме?    ANSI халықаралық стандарттардың заманауи жүйесі тиімді жұмыс істейді деп санайды. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO), Халықаралық электр техникалық комиссия (IEC) және Халықаралық электрлік байланыс одағы (ITU) өз қызметін жетілдіру мүмкіндіктеріне мерзімдік талдау өткізеді.   Стандарттау саласындағы ISO, IEC және ITU қызметінің айқындығын арттыру және үйлестіру, жұмыстардың қайталануы мен қайта жабылуын болдырмау үшін құрылған Бүкіләлемдік альянстың (World Standards Cooperation -WCS) 2001 жылы пайда болуы осындай жұмыстың көрінісі болып табылады.    Жүз жыл бойы ISO құрылтайшыларының бірі және IEC мүшесі болып келген АҚШ США осы ұйымдарда жетекші бағытты алады. Во всех руководящих органах ISO және IEC барлық жетекші органдарында жауапты лауазымдарда американдық мамандар жұмыс істейді және жұмыс істеуді жалғастыруда. Біз халықаралық ұйымдардың жұмысын жақсарту жөніндегі ұсынысымызды кеңінен қолдауды қамтамасыз ету үшін өте белсенді жұмыс жасаймыз және стандарттау жөніндегі халықаралық қоғамдастықта көптеген ғаламдық серіктестермен бірге жемісті ынтымақтастық орнаттық. Нәтижесінде біз АҚШ-тағы мүдделі тараптар қызығушылығындағы ғаламдық жүйеде жұмыстар мен өзгерістерді үйлестіру бойынша сәтті қызметті іске асырамыз.  

АҚШ экспортының маңызды түрлері

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардағы АҚШ ұстанымы

Әуе және ғарыш аппараттары 

Төраға және хатшылық, ISO/TC 20 «Әуе және ғарыш аппараттары» техникалық комитеті 

Электронды жабдық 

IEC/TC 47 «Жартылай өткізгіш аспаптар» техникалық комитетінің Төрағасы 

Қаржылық қызмет көрсетулер 

Төраға және хатшылық, ISO/TC 68 «Банк ісі» техникалық комитеті 

Ақпараттық-технологиялық қызмет көрсетулер 

Төраға және хатшылық, ISO/IEC JTC1 «Ақпараттық технологиялар» бірлескен техникалық комитеті 

Машина жасау 

Төраға және хатшылық, ISO/TC 11 «Қысыммен жұмыс жасайтын от қазандықтары мен ыдыстар» және ISO/TC 192 «Газ турбиналары» техникалық комитеті 

Пластмассалар 

Төраға және хатшылық, ISO/TC 61 «Пластмассалар» техникалық комитеті  

  АҚШ-тың халықаралық стандарттар әзірлеуге қатысуы ИСО, ХЭК және ХЭО жұмысымен шектелмейді. АҚШ Стандарттау стратегиясында ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер туралы келісімінде құрылған халықаралық стандарттарды әзірлеудің жалпыға белгілі принциптеріне негізделетін әмбебап қолданылатын стандарттарды әзірлеудің «көптеген жолдары» болатыны айқындалған.    АҚШ-тың үкіметтік органдары және жеке секторы халықаралық стандарттау жөніндегі қызметке түрлі жолдармен қатысады: мемлекет мүше болып табылатын ХЭО (ITU) сияқты келісім-шарт жасайтын ұйымдар арқылы; АҚШ стандарттау жөніндегі бірыңғай «ұлттық ұйым» болатын ИСО (ISO) және ХЭК (IEС) тәрізді ұйымдар арқылы; кәсіптік және техникалық ұйымдар, сондай-ақ мүшелік жеке тұлғалар мен ұйымдар деңгейінде іске асырылатын қауымдастықтар арқылы.    Ұлттық стандарттар және технологиялар институты (NIST) жақында дайындаған стандарттар тізбесін «Ақылды электрлік желілерді үйлестіретін негізгі стандарттарға» (Smart Grid Interoperability Standards Framework) қосуға арналған көрсеткіш үлгісі осы әр түрлілік үлгісі болып табылады – тізбеде бірнеше IEC стандарттары қамтылған; - АҚШ-та өз қызметін іске асыратын Электр техника және электроника жөніндегі инженерлер институты (IEEE) әзірлеген әмбебап қолданылатын стандарттар; - америка ұлттық стандарттары және консорциум стандарттары.    Үкіметтік органдардың жеке көзқарасы тұрғысынан үйлестіру және өңдеу қалай іске асырылады?    АҚШ Үкіметі стандарттау саласындағы саясатты ведомствоаралық үйлестіру мәнін анық сезінді, бұған Стандарттау саласындағы саясат жөніндегі ведомствоаралық комитетті (Interagency Committee on Standards Policy – ICSP) құруы куә. Ұлттық стандарттар мен технологиялар институты (NIST) үйлестіретін ICSP комитеті өзара мүддені білдіретін немесе стандарттау жөніндегі мәселелердің алаңдаушылығын тудыратын талқылау үшін түрлі федералдық агенттіктердің стандарттау жөніндегі мамандарын біріктіреді.