Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АШ Ілгідаева Назым,Макситбеков Данияр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
348.95 Кб
Скачать

Тікелей қызмет көрсету

Үкімет көптеген тікелей қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Мысалы, федералдық үкімет ұлттық қауіпсіздікті, космостық зерттеулерді, жаңа өнімнің пайда болуына әкелетін зерттеулерді, жүмысшылардың кәсіпкерлігін арттыратын бағдарламаларды қаржыландыра ды. Үкімет шығындары жергілікті, аймақтық экономикаларға, тіпті ел экономикасының қарқынына да әсерін тигізеді. Штаттар үкіметі жол қүрылысы мен көптеген жолдар- дың қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Штат, қала, графство әкімшіліктері қоғамдық мектептерді қаржыландыруда маңызды рөл атқарады. Жергілікті үкімет негізінен өрт қауіпсіздігі, полиция қызметіне жауап береді. Осы салалардың әрқайсысына жұмсалған үкімет шығыны жергілікті экономи- каға әсер еткенмен, федералдық шешімдердің экономикадағы әсері көбірек. 1997 жылы федералдық штаттық және жергілікті шығындар ішкі жалпы өнімнің 18 пайызын құрады.

Тікелей көмек көрсету

Сонымен қатар үкімет бизнес пен қатар жекелей азаматтарға әртүрлі көмек көрсетеді. Ол студенттерге оқу үшін несие, кіші бизнес кәсіпорындарына техникалық көмек пен төмен пайызды несие бөледі. Үкімет демейтін кәсіпорындар кредиторлардан ипотекалық бекітпелерді сатып алып, оларды құнды қағазға айналдырады, оны инвесторлардың сатып алуға немесе сатып жіберуге мүмкіндігі бар, бүл шаралар үйлерді жалға беруді күшейтеді. Үкімет импортты шектейтін шет елдердің саудалық барьерлерін болдырмау үшін экспортта белсенді түрде алға жылжытады.

Үкімет өздерін қамтамасыз ете алмайтын жеке адамдарды қолдайды. Жұмыс берушілер мен жүмысшылар салығымен қаржыландыратын әлеуметтік қамсыздандыру американдықтардың зейнетақы кірістің көп бөлігін құрайды. «Медикэр» бағдарламасы қарттарға көрсетілетін медициналық қызмет қүнының көп бөлігін мойнына алады. «Медикэйд» бағдарламасы табысы төмен отбасыларына медициналық көмек көрсетуді қаржыландырады. Көптеген штаттарда үкімет жан-дүниесі ауыратын немесе ауыр сырқаттарға ұшыраған адамдарға арнаулы мекемелер ашқан. Федералдық үкімет кедей отбасыларына азық-түлікпен жәрдем береді және де федералдық және штат үкіметтері бірге отырып, табысы төмен бала-шағалы ата-аналарды қолдау үшін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етеді.

Бұл бағдарламалардың көпшілігі, Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын қоса алғанда, өз түбірін 1933-1945 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарған Франклин Рузвельттің «Жаңа Бағыт» бағдарламасынан тамырландырылады. Рузвельт реформаларындағы негізгі түйін-кедейшілік адамгершілік азғындаудан емес, керісінше, әлеуметтік және экономикалық себептердің нәтижесі болып табылады деген сенім. Бұл көзқарас табысқа жету - Құдайдың рахымынан, жолдың болмауы - Құдайдың қахарынан деп түсінетін Көне Англияда қалыптасқан қоғамдық ұғымдарды теріске шығарды. Бұл америкалық әлеуметтік-экономикалық ақыл-ойдың маңызды өзгерісінің көрінісі еді. Дегенмен, әлеуметтік қамтамасыз ету төңірегіндегі мәселелерге қатысты пікірталастарда ескі көзқарастардың жаңғырығы бүгін де байқалып қалады.

Медикэр мен Медикейдті қоса алғанда жеке адамдарға және отбасыларға көмек көрсетуге арналған көптеген бағдарламалар Линдон Джонсон президент болып тұрған (1963-1969) кезеңде 1960-шы жылдары «Кедейшілікпен күрестен» бастау алған болатын. Бүл бағдарламалардың кейбіреулері 1990-шы жылдары қаржылық қиыншылықтарға тап болғанына және әртүрлі реформаларға ұшырағанына қарамастан Құрама Штаттардағы екі саяси партия тарапынан да күшті қолдау тауып отырды. Әрине жұмыссыздарды әлеуметтік түрғыдан қамтамасыз ету мәселені шешпейді, олардың кіріптарлығын арттыра түседі деген сыншылар да болды. Билл Клинтонның президенттік қызметі (1993-2001) кезінде 1996-шы жылы қабылданған әлеуметтік жүйені реформалауға қатысты заңдарға сәйкес адамдардың төлемдер алу мерзіміне шек қойылды.