Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АШ Ілгідаева Назым,Макситбеков Данияр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
348.95 Кб
Скачать

АҚШ жалпы шолу

Жоспар:

1) Геосаяси және әкімшілік жағдайы

2) Әлеуметтік инфроқұрылымы

3) Өндірістік инфроқұрылымы

4) Ғылым және білім жүйесі

5) Қазіргі таңдағы халықаралық қатнас

АҚШ-тың геосаясаты

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей таралуы болып табылады дегенге сенді. Бұл категориялар тым қарапайымдылығына қарамастан олар үшін шындық элементтерін сақтап отыр, ал бүгінгі таңда олардың маңыздылығы тым әлсіз. Маркс сипаттаған таза капитализм болса да, ол жоғалғаннан кейін АҚШ және басқа мемлекеттердің үкіметі биліктің шоғырлануына шектеу қойып, әрі заңсыз коммерциялық әрекеттерге байланысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін экономикаға араласа бастады. Мүмкін осыдан кейін Америка экономикасын үкімет пен жеке кәсіпкерліктің маңыздылығы қатар тұратын «аралас» экономика деп атау жөн болар. Американдықтар еркін кәсіпкерлікке деген сенімдері мен үкіметтік басқару арасындашекараны өткізу жөнінде пікірлері бір келкі болмаса да, олар ойлап тапқан аралас экономикасы өте табысты болып шықты.

Экономиканың негізгі бөліктері

Елдің экономикалық жүйесінің басты құрастырушың - табиғат ресурстары болып табылады. Құрама Штаттары құнарлы ауыл шаруашылық жерлерге және минералды ресустарға бай, әрі климаты қолайлы. Сонымен қатар ол Атлант және Тынық мұхиттарымен шектеседі. Ал құрылықтық ортасынан ағатын өзендер мен Канада және АҚШ арасындағы шекараны бойлай жатқан Ұлы Көлдер кемелердің келуін қамтамасыз етеді. Осы кең ауқымды су жолдары ұзақ жылдар бойына ел экономикасының есімін қамтамасыз етіп, Американың 50 штатын тұтас экономикалық қауымдастыққа біріктірді.

Табиғат ресурстарын тауарға айналдыратын жұмыс күші экономиканың екінші құраушы бөлігі. Қолда бар жұмысшылар саны, ең бастысы олардың өркендеуі, экономика сергектігін анықтауға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар тарихында жұмыс күшінің тоқтаусыз өсуі экономиканың тұрақты күшеюін қамтамасыз етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін жұмысшылардың басым копшілігін Еуропадан көшіп келушілер, олардың тікелей үрпақтары, немесе ата-бабалары, Америкаға құл ретінде көшірілген африкандық американдақтар құрады. 20-шы ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-қа азиалықтар көп мөлшерде келді, ал Латын Америкасынан қоныс аударушылар кейінірек көшіп келді.

Сондай-ақ Құрама Штаттары жұмыссыздық шарықтап, енді бірде жұмыс күші жетіспеген кезеңдерді де өткерді. Қоныс аударушылар жұмыс күшіне сұраныс мол жерлерге жетуге тырысты, жергілікті жұмысшыларға қарағанда аз жалақыға жұмыс істесе де, олар Отандарына қарағанда көбірек ақша тауып, табысқа жетті. Нәтижесінде, ел экономикасы жылдам дамыды.

Жұмыс күшінің сапасы - адамдардың қаншалықты еңбек еткісі келетіні мен олардың кәсіпкерлігі - экономиканың табысты болуы үшін маңызды. Шекаралық өмір көп жұмыс істеуді талап етті, әрі протестантизмнің жұмыс істеу этикасы мұны қолдады. Өзгертуге және тәжірибе алуға деген ықылас пен техникалық және кәсіптік білім беруге көңіл бөлу - Америка экономикасының табыстылығына қосылған үлес болды. Жұмыс күшінің елгезектілігі де Америка экономикасының өзгермелі жағдайға бейімделуіне үлесін қосты. Қоныс аударушылар Шығыс жағалауын асыра толтырған кезеңде, жұмысшылар аралдан өңдеуді күтіп тұрған фермаларға кешті. 20-шы ғасырдың бірінші жартысында солтүстіктің индустриалды қалаларының экономикалық мүмкіндіктері оңтүстік фермалардағы қара-түсті американдықтарды қызықтырды.

Жұмыс күшінің сапасы әлі де маңызды мәселе болып қалуда. Бүгінде американдықтар «адам капиталын» көптеген жаңа жоғары-технологиялық өнеркәсіп салалары табысының кілті ретінде қарастырады. Нәтижесінде үкімет басшылары мен бизнесмендер компьютер мен телекоммуникаңия сияқты өнеркәсіптің жаңа салаларында бейімделе алатын, жылдам ойлайтын адамдарды дайындауда кәсіптік білім берудің маңыздылығын атап көрсетуде. Бірақ,табиғи ресурстар мен жұмыс күші экономикалық жүйенің бөлігін ғана құрайды. Бұл ресурстарды тиімді ұйымдастыра білу керек. Америка экономикасында бұл міндетті менеджерлер орындайды. Америкада басқарудың дәстүрлі құрылымы иерархияға негізделген: билік атқарушы директор- дан бастап директорлар кеңесіне, одан кәсіпорынның түрлі бөлімдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін басқару деңгейлері арқылы цехта жұмыс атқаратын шеберге дейін барады. Көптеген мәселелерді шешу түрлі бөлімшелер мен жұмысшыларға жүктелген. 20-шы ғасырдың басында Америкадағы бөлініс жайында жүйелі анализге негізделген «ғылыми басқару» деген түсінік қалыптасқан еді.

Көптеген кәсіпорындар осы дәстүрлі құрылым бойынша жұмыс істеуде, бірақ кейбір басқа кәсіпорындар менеджментке кешті. Ғаламдық бәсекелестіктің артуына байланысты Америка бизнесі жоғары білімді маман жұмысшыларды қабылдайтын, аз уақытта өнімді өңдеп, өзгерте алатын ұйымдық құрылымдарды, әсіресе жоғары технологиялық өзгерістерді табуға тырысады. Иерархия мен еңбек бөлінісіне тым әуестену шығармашылыққа тұсау салады деген пікір көбейе түсуде. Нәтижесінде, көптеген компаниялар өздерінің ұйымдық қүрылымдарын ықшамдал, менеджерлер санын азайтыл, билікті қызметкерлер тобына берді. Менеджерлер мен қызметкерлер тобы қандай да өнім өндіре алуы үшін, олар бизнес кәсіпорындарына ұйымдастырылуы тиіс еді. АҚШ-та жаңа бизнес құруда немесе бар бизнесті кеңейтуде, қор жинақтауда ең тиімдісі - корпорация болу екендігі дәлелденген. Корпорация- коммерциялық кәсіпорындардың, меншік иелерінің, акция ұстаушыларының өз ережелері мен дәстүрлері бар ерікті ассоциациясы.

Корпорацияның тауар өндіріп, қызмет көрсетуі үшін қаржы қоры болуы керек. Олар банктерге, жеке адамдарға, зейнетақы қорларына және тағы да басқа инвесторларға акция (иелік үлес, активтер) немесе облигация (ұзақ мерзімді ақшалай қарыз) сату арқылы керекті капиталын арттырады. Көптеген қаржы институттары, әсіресе банктер, корпорациялар мен коммерциялық кәсіпорындардан тікелей қарыз алады. Федералдық үкімет пен штаттар үкіметі осы қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, әрі инвесторлардың қажетті мәлімет алуға қол жетерлік жағдай жасайтын арнайы ережелер мен тәртіптер дайындайды.

Ішкі жалпы өнім аталған жыл мерзімінде өндірілген өнім мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін анықтайды. Құрама Штаттардың ішкі жалпы өнімі 1983 жылдағы 3.4 триллионнан 1998 жылда 8.5 триллионға дейін өсті. Бірақ, бұл сандар экономика саулығының өлшемі болса да, ол ұлттық тұрмыстың бар жағын қамтымайды. Ішкі жалпы өнім товар мен қызметтіңнарықтық бағасын көрсеткенімен, мемлекеттегі өмір сапасын көрсетпейді. Сөйтіп, кейбір ауыспалылар - жеке бастық бақыты мен қауіпсіздігі, қоршаған орта тазалығы, жақсы денсаулық - осының шетінен шығып кетеді.

Мемлекеттің экономикадағы рөлі

Тұтынушылар мен тауар өндірушілер экономиканы қалыптастыратын көптеген маңызды мәселелерін шешіп жатса, мемлекет қызметі АҚШ экономикасының кем дегенде төрт аумағына әсерін тигізеді.

Тұрақтандыру мен дамыту

Федералды үкімет экономиканың жалпы бағытын белгілен, жылдам өсімді, жұмыстандырудың жоғары деңгейін және бағалардың тұрақтануын қамтамасыз етуді негіздейді. Үкімет шығын мен салық мөлшерін реттеп (фискалдық саясат) немесе ақшамен қамтамасыздандыруды басқарып және кредиттің пайдалануын қадағалай отырып (монетарлық саясат), нәтижесінде баға мен жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін экономикалық даму қарқынын баяулатып немесе жылдамдатып отырады.

1930-шы жылдардағы Ұлы Депрессиядай кейінгі жұмыссыздық пен экономикалық дамудың бәсеңдеген кезеңдері АҚШ экономикасы үшін жақсы дәріс болды деп есептелінеді. Экономикаға шындап дағдарыс қаупі төнгенде, үкімет экономиканы күшейту мақсатымен мемлекеттік қордағы ақшаны пайдаландыр тұтынушылар көбірек ақша жұмсасын деп салықты азайтты. 1970-ші жылдардағы бағалардың өсуі, әсіресе энергия көздері үшін, инфляция қаупін тудырды. Нәтижесінде, мемлекет басшылары салықтың азаюына қарсы тұрып, қосымша ақшамен қамтамасыз етіп шығынды шектеудің орнына, инфляцияны болдырмауға көңіл белді.

Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін амал-әрекеттер де 1960-шы және 1990-шы жылдар аралығында елеулі өзгерістерге ұшырады. 1960-шы жылдары үкімет салық саясаты, яғни мемлекеттік кірістерді басқару арқылы экономикаға әсер етемін деп ойлаған. Бірақ мемелекеттік шығындар мен салықты президент пен Конгресс бақылауға алған соң, сайланушы шенеуніктер экономиканы жүргізуде маңызды роль атқарады. Ақша құнының құлдырауы, жұмыссыздық, бюджет тапшылығы кезеңдері халықтың салық салу саясатқа деген сенімін әлсіретті. Оның орнына проценттік ставкілер арқылы елді ақшамен қамтамасыз етуді қадағалайтын монетарлық саясаттың танымалдылығы артты. Монетарлық саясат Конгресс пен президентке тәуелсіз Федералдық сақтық қор кеңесі деген атпен белгілі, мемлекеттің орталық банкінің басшылығымен жүзеге асады.

Реттеу мен бақылау

АҚШ-тың федералдық үкіметі жеке кәсіпорындарды түрлі тәсілдермен реттеп отырады. Экономикалық реттеулер тікелей немесе жанама түрде бағаларды қадағалауға бағытталған. Әдетте үкімет электр энергиясы қызметі үшін деңгейінен жоғары бағасын асырмау сияқты монополияларды болдырмауға тырысты. Сондай-ақ, кейде үкімет экономикалық бақылауын өнеркәсіптің басқа салаларына да тарататын. Ұлы Депрессиядан кейінгі жылдары үкімет ұсыныс пен сүранысқа байланысты жылдам өзгеретін ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жүйесін жасады. Көптеген басқа салалар - жүк тасу және кейінірек, әуе жолдары - бағалардың түсуін қысқартатын өзіндік реттеу әдістерін тапты.

Экономикалық реттеудің басқа формасы - нәсілшілдікке қарсы заң, тіке реттеудің қажет еместігін қаматамасыз ету арқылы, нарықтық қуатын күшейтуге талпыну. Үкімет пен кей кезде жеке жақтар бәсекелестікті мөлшерден тыс шектейтін әрекет немесе қосылуды рұқсат етпейтін заң ретінде нәсілшілдікке қарсы заңды пайдалайды. Сондай-ақ, үкімет жеке компанияларды бақылау арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәрізді әлеуметтік мақсаттарды орындайды. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдерін қадағалайтын басқарма кейбір зиянды өнімдерге тыйым салады; Кәсіпкерлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау әкімшілігі жұмысшыларды жұмыс уақытындағы қауіп-қатерден қорғайды; Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік ауа мен судың ластанбауын қадағалайды.

Өткен ғасырдың соңғы үш он жылдығында американдықтардың реттеуге деген көзқарастары едәуір өзгерді. 1970-ші жылдардан бастап саясаткерлер экономикалық реттеулер әуе және жүк тасымалдау саласында тиімсіз компанияларды тұтынушыға зиян келтіріп қолдайтынына абыржи бастады. Сол уақытта технологиялық өзгерістер кезінде табиғи монополия саналатын телекоммуникаңия сияқты кейбір салаларда жаңа бәсекелестіктер тудырды. Бұның бәрі жеңілдетілген заңдар үрдісіне әкелді.

1970-ші, 1980-ші және 1990-шы жылдары екі саяси кампаниялардың басшылары экономикалық реттеу ауқымын азайтудың жақтаушылары болғанымен, әлеуметтік мақсаттарға жету үшін жасалған әрекеттер жөнінде келіспеушіліктер болды. Әлеуметтік реттеудің Ұлы Депрессиядан кейінгі, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде, сондай-ақ, 1960-шы, 1970-ші жылдары маңызы артты. Алайда, Рональд Рейган презенденті құрып тұрған 1980-ші жылдары үкімет экономикалық реттеулер еркін кәсіпкерлікке кедергі тудырады және бизнес құнының жоғарлауы инфляцияға әкеледі деп жұмысшыларды, түтынушыларды, қоршаған ортаны қорғау шараларынан бас тартты. Осы уақытқа дейін көптеген американдықтар ерекше жағдайлар мен ағымдар жайлы қобалжу танытады, өйткені олар үкіметтің кейбір салаларда, қоршаған ортаны қорғау секілді, жаңа нормаларды шығаруға мәжбүр етеді.

Кейбір азаматтар өз сайлаған өкілдері белгілі бір мәселе айналасында жедел және мұқият жұмыс атқармағанын сезсе, сотқа жүгінетін. Мысалы, 1990-шы жылдары жеке адамдар мен үкімет темекі шегудің денсаулыққа тигізген зияны үшін темекі шығаратын компаниялармен соттасты. Сөйтіп, темекі шегуден болған дерттерді емдеу құнын өтеу үшін штаттарды ұзақ мерзім ақшамен қамтамасыз етіп тұрған ірі қаржы құрылымдары жұмыс істеді.