Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микро шпор2012.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
120.93 Кб
Скачать

12. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары

Өндіріс шығындары шығарудың функциясы: C = f (Q), мұнда С – шығындар (costs). Шығындар функциясының түрі өндірістік функцияның тұрпатымен анықталады, ал олардың шамасы – өндіріс факторының құнымен. Шығындар шамасы мен шығару араларындағы графикалық тәуелділік шығындардың қисық сызықтары арқылы білінеді. Шығындарды ең алдымен қысқа мерзімді кезеңде талдайық. Бұл уақыттық аралықта факторлардың жартысы сол күйінде, өзгеріссіз қалады, демек, шығындарды тұрақты және ауыспалыға бөлуге болады.

Тұрақты шығындар графигі түзу түрінде көрсетіледі, өйткені олардың шамасы өзгермейді, ауыспалы шығындар графигі – ұлғаймалы қисық сызық (олар өндіріс көлемінен тура тәуелділікте болады), валдық (жалпы) шығындар графигі – ол тұрақты шығындардың шамасына өскен (көбейген) ауыспалы шығындардың қисық сызығы.

26 сурет.Тұрақты, ауыспалы және валдық шығындар

Орташа тұрақты шығындар графигі төмен түсетін қисық сызық болып көрінеді, бұндай пішіннің себебі – тұрақты шығындар шамасы шығару көлемінің өсуінен өзгермейді. Орташа ауыспалы шығындар динамикасы кемушілік қайтарым заңының әрекетіне байланысты, графикте олар ұлғаймалы қисық сызығының түрінде көрсетіледі. Орташа валдық (жалпы) шығындардың пішіні тұрақты және ауыспалы шығындардың нақты мағыналарынан тәуелді: егер FC>VC, АТС қисық сызығы төмен түседі; егер FC<VC болса, AFC төмендеуі AVC өсуімен білінбейді де, АТС қисық сызығының түрі – ұлғаймалы болады. Өндіріс кемушілік шекті өнімділік заңына бағынатын қысқа мерзімді кезеңде бір жақтан орташа және екінші жақтан, шекті өнім мен орташа және шекті шығындар араларында кері тәуелділік бар. МС және AVC шығындардың қисық сызықтары ауыспалы факторлардың АР және МР қисық сызықтарының айнадай бейнелеуі болып табылады.

Шекті және орташа өнім шамасы араларында тәуелділік болуына сәйкес шекті және орташа шығындар араларында да тәуелділік бар (27 сурет).

1. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар төмендейді, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан аз болса (МР<АVC );

2. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар өседі, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан көп болса (МР>АVC);

3. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар қисық сызықтарының шекті шығындар қисық сызықтарының көбеюші, үдеуші бөлігімен қиылысу нүктесінде азаяды.

4. Өндіріс көлемінің өсу барысында орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындардың қисық сызықтары жақындайды (өйткені орташа тұрақты шығындар азаяды).

27 сурет.Қысқа мерзімді кезеңдегі шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары

Шығындар қисық сызықтарының жағдайы факторлар бағалары мен бұл фактор ауыспалы немесе тұрақты болуына байланысты. Тұрақты фактор бағасының өсуі AFC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады (шығындар өседі); бағасының төмендеуі – оларды төменге ауыстырады (шығындар азаяды). Ауыспалы фактор бағасының өсуі АVC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады, ал МС қисық сызығын – солға; ауыспалы фактор бағасының төмендеуі – АVC және АТС қисық сызықтарын төменге ауыстырады, ал МС қисық сызығын – оңға. Қысқа мерзімді кезеңде (оны эмпиризмдік талдаулар дәлелдейді) ауыспалы фактордың тұрақты қайтарымы орын алады. Графикалық түрде ол орташа шекті шығындардың «кең жалпақ түбін» көрсетеді.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар

Ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың қисық сызықтары өндірістің әр түрлі көлемдері үшін олардың ең аз маңызын көрсетеді. Сондықтан, ұзақ мерзімді орташа LRAC (long run average costs curve) шығындар қисық сызығының графигі өндірістің әр түрлі көлемдерінің қысқа мерзімді орташа шығындарының қисық сызықтарына қатысты жанама болып келеді де (28 сурет), «орауыш қисық сызық» деп аталады. Ұзақ мерзімді шекті LRMC шығындардың қисық сызығы қысқа мерзімді шекті шығындардың қисық сызықтарына сәйкес салынады.

28 сурет.Ұзақ мерзімді орташа шығындар қисық сызығы

Графикте көрсетілгендей, ұзақ мерзімді кезеңде орташа шығындардың шамасы Q3 өндіріс көлеміне дейін түсіп, сонан соң өседі. Бұл ауқым әсерінің әрекетімен түсіндіріледі: алдында өндірістің кеңеюі дайын өнімдердің көбею қарқынына шығындардың өсу қарқынынан асып түсуіне жағдай жасайды (оңды ауқым әсері), сонан соң – керісінше (кері ауқым әсері). АС төмендеген өндіріс көлемі тиімді екені, АС өскенде – тиімсіз екені және АС азайғанда (Q3) – ең тиімді (нәтижелі) екені сөзсіз. Орташа шығындардың ең аз (шамалы) мағынасына сәйкес нүкте олардың шекті шығындар қисық сызықтарымен қиылысу нүктесі болып табылады (яғни LRAC = LRMC болған нүктесі 29 сурет).

29 сурет.Ұзақ мерзімді орташа шығындар қисық сызығы және ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтары

Сонымен бірге өндірістің тиімді көлемін іздеу мәселесі ауқым әсері мәселесімен ғана шектелмейді. Ауқым әсерімен қатар фирма өніміне деген сұраныс екінші маңызды фактор ретінде болып келеді. Q1 тең сұраныс тек қана шағын фирманың АС1 тең шығындарын жабады; ірі фирмалардың АС2,, АС3 тең шығындары Q1 сұранысы үшін өте көп (үлкен). АС2 тең шығындарының мөлшері бар орташа кәсіпорын үшін Q2 тең сұраныс ең оңтайлысы. Q3 сұранысы үшін ірі фирма қажет, себебі тек қана сол шығару көлемінің тиісті сұранысы үшін АС3 ең аз шығынын қамтамасыз етеді.

  1. сурет.Фирманың оңтайлы көлеміне сұраныстың әсері (ықпалы)