
- •1.Микроэкономика пәні, әдістемесі.
- •2.Сұраныс, сұраныс заңы және бағалык емес факторлары:
- •3. Ұсыныс, ұсыныс заңы және бағалык емес факторлары:
- •4.Нарықтағы тепе-теңдік
- •5.Баға бойынша сұраныс икемділігі деген не? Сұраныстың баға икемділігі коэффициенттерін сипаттаңыз.
- •8.Талғаусыздық қисық сызығы деген не? Ол қалай тұрғызылады?
- •9.Бюджеттік шектеу.
- •10. 1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
- •11. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
- •4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
- •12. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
- •13. Қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?
- •14. Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай? Қысқа мерзімді және Ұзақ мерзімді кезеңде монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.
- •2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
- •Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
1.Микроэкономика пәні, әдістемесі.
Қазіргі кезеңде экономиканы зертеуде микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан, бірақ олар өзара тығыз байланысты болады. Микроэкономика – жеке экономикалық субъектілердің (жеке тұлғалардың, үй шаруашылықтарының, өнеркәсіптің ) іс-әрекеттерін зерттейтін экономикс бөлімдерінің бірі. Микроэкономиканың басты ерекшелігі - бұл пән негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді.Ресурстардың шектеулілігі салыстырмалы түрде сипатталып,барлық адамдардың сан түрлі қажеттіліктерін толықтай ж\е бір мезгілде қанағаттандыру мүмкін еместігін айқындайды.Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады ж\е бұларды құрайтын:қажеттілік,ресурстар,технология,өнімдер ж\е оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады.Микроэкономика адамдардың іс-әрекетін зерттеумен қатар тауарлар мен қызметтерді өндіру,бөлу,айырбас ж\е тұтынуға байланысты шешім қабылдау үдерісіне басты назар аударады.микроэкономика-фирма,үй шаруашылығы ж\е басқа да экономикалық бірліктердің іс- әрекетін сондай – ақ, нарықтардың қызмет етуі мен шектеулі ресурстарды бөлудің жалпы экономикалық ғылым саласы б.т.Микроэкономика пәні деп, экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер турулы шешім қабылдауын айтамыз. Микроэкономика пәнінің әдістері:1.модельдеу әдісі-нақты жағдайлар мен күтілетін нәтижелердің байланысы.2.кескіндемелер салу әдісі(графиктер салу, өндірістік мүмкіндіктер қисығы)3.эконометрикалық әдіс( статистикалық мәліметтерді талдау) 4.болжам құру әдісі (болашақ дамуды талдау) 5.экономикалық тактика жасау әдісі. ( фирманың баңалық саясаты) 6.функционалдық талдау7.шектік талдау ж\е маржинализм.8.модельдер көмегімен талдау. Шекті талдау – маржиналистік теориясының негізгі әдісі. Бұл шекті (маржиналды) шамаларды және олардың динамикасын (өзгеріп, дамуын) зерделеу. Функционалды талдаудыңмақсаты – бір шамалардың екінші (басқа) шамалардан математикалық функциялар арқылы тәуелдігін тауып, зерттеу. Функциялардың графикалық бейнелеуі графикалық сызу әдісі болып табылады. Экономикалық-математикалық модельдеу әдісі нақты, шын объектінің сипаттарына ие жасанды объектінің модельдеуі мен талдауына негізделген.
2.Сұраныс, сұраныс заңы және бағалык емес факторлары:
Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)
P – тауар бағасы (price)
I – сатып алушының кірісі (табысы)
T – сатып алушылардың талғамы
PS– субститут – тауарлар (substitutes) бағасы
PC – тауарлар – комплементарийлердің (комплементтер – complements) бағасы
N – нарықтағы сатып алушылар саны (number).
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді)
1 сурет. Сұраныс қисық сызығы
Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.
Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:
сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек, оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады.
кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс (табыс) әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты (толық) қаралады.
Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан – Д1 ге дейін), ал азаюы – төмен және солға (Ддан – Д2 ге дейін). Сұраныстың өзгерісіне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді:1 Зерттеп отырған тауардың бағасы (р); 2 Басқа тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (рs рc)3 Тұтынушылардың ағымдағы табыстары; 4.Тұтынушылардың талғамы мен қалаулары (z); 5Тұтынудың объективті (сыртқы) жағдайлары (N); 6 Тұтынушылардың күтуі (Е); 7. Тұтынушылардың саны. 8 Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы. Артықшылық беруі, мода.
2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.