
- •1.Микроэкономика пәні, әдістемесі.
- •2.Сұраныс, сұраныс заңы және бағалык емес факторлары:
- •3. Ұсыныс, ұсыныс заңы және бағалык емес факторлары:
- •4.Нарықтағы тепе-теңдік
- •5.Баға бойынша сұраныс икемділігі деген не? Сұраныстың баға икемділігі коэффициенттерін сипаттаңыз.
- •8.Талғаусыздық қисық сызығы деген не? Ол қалай тұрғызылады?
- •9.Бюджеттік шектеу.
- •10. 1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
- •11. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
- •12. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
- •13. Қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?
- •14. Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай? Қысқа мерзімді және Ұзақ мерзімді кезеңде монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.
- •2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
- •Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
Олигополия- (oligopoly)- сатушылар тауарының бағасына әсер ете алатын, өз әрекетіне басқа сатушылардың жауабын ескеретін, нарыққа кіру ашық және жабық, сатып алушылар бағаны берілген деп қабылдайтын нарықтық құрылым. Өндірістің техникалық күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия, автомобиль құрылысы, электроника, кеме мен ұшақ құрылысы және т.б. нарық құрылымының осы түріне жатады. Олигополяныңерекшеліктері:
1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.
2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық ұлестері көп болады,сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады.
3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарайә бағытталған болады.
4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты- фирмалар бір- бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелді. Баға мен өнім көлемін анықтағанды әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциячын ескеруге мәжбү болады.
5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.
Картель. Олигополистердің кооперативтелмеген стратегиясы кооперативтелгеннен экономикалық жағынан тиімсіз, ұтымсыз. Олигополист – фирмалар қосылып, монополия сияқты қызмет жасауы мүмкін. Картель – олигополист – фирмалар тобы. Олар нарықты бөлу жөніндегі келісіммен бірігіп, өндірістің көлемі мен бағаларға қатысты бірдей іс-қимылдар жасап, монополиялық пайда алуға көзделген. Сондықтан, өз өніміне сұранысты біле тұра, олигополист – фирмалар жоғарылау баға және шектелген өндіріс көлемі туралы келісіп тұрақты экономикалық пайданы алады.
Ойындар теориясы. Дж.фон Нейман мен О. Моргенштерннің 1944 жылы жазылған «Ойындар теориясы мен экономикалық мінез –құлық» деп аталатын кітабында баяндалған ойындар теориясын қарайық. Олигополия нарығында тепе-теңдікті іздеудің мүлде басқа методологиялық тәсілді ұсына отыра, ол басқа үлгілерге тән кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Балама теориялармен салыстырғанда, ойындар теориясының жағымды жағы – бәсекелестіктің нақты жағдайларына жақындығы. Онда берілген шамалар, параметрлердің тұрақтылығы, ақпараттың толықтығы деген түсініктер жоқ. Керісінше, ойындар теориясында шарт есебінде анықсыздық, тұрақсыздық, ақпараттың шектеулігі, демек, тәуекел қабылданады.
Ойындар теориясы көптеген ойындарды ұсынады –қатысушылар (ойыншылар) әр түрлі ахуалдарда оңтайлы шешімдерді қабылдауға тиісті.
Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз. Фирмалардың әр түрлі стратегияны таңдағандағы алатын пайдалары сандар жұбымен көрсетілгенн: сандар жұбындағы бірінші элемент – А фирмасының пайдасы, ал екіншісі – В фирмасының пайдасы. Ойыншылардың ең тиімді шешім қабылдауы үшін қолданылатын теория ойын теориясы.