
- •Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндігіне сипаттама
- •Ересектер тобының (5 жастан 6 жасқа дейін) базистік оқу жоспары
- •«Денсаулық» білім беру саласыНың базалық мазмұны
- •Дене шынықтыру
- •Жалпы дамыту жаттығулары
- •Спорттық жаттығулар
- •Спорттық ойындар элементі
- •Өзіндік қозғалыс іс-әрекетінің белсенділігін арттыру
- •Валеология
- •Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары
- •Мәдени-гигиеналық дағдылар
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Сауат ашу және жазу негіздері
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология
- •Қоршаған ортамен танысу
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Сурет салу
- •Затқа қарап сурет салу
- •Сәндік сурет салу
- •Сюжетті сурет салу
- •Балаларды өнермен таныстыру
- •Жапсыру
- •Заттық жапсыру
- •Сәндік жапсыру
- •Сюжетті жапсыру
- •Мүсіндеу
- •Заттық мүсіндеу
- •Сәндік мүсіндеу
- •Сюжетті мүсіндеу
- •Музыка тыңдау
- •Ән айту
- •Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
- •Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Экология
- •Үлкендермен және құрдастармен өзара қатынасы
- •Табиғаттағы адамгершілік мінез-құлық қағидалары жөніндегі ұғымдар
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Өзін-өзі ұстау мәдени дағдылары
- •Үлкендермен және құрдастарымен өзара қатынасы
- •Адамгершілік қағидасы туралы түсініктер
- •Көркем әдебиет
- •Өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары
- •Үлкендермен және құрдастарымен өзара қатынасы
- •Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
- •Cюжеттік-рөлдік ойындар
- •Драмалау ойындары
- •Музыкалық драмалау ойындары
- •Құрылыс материалдарымен ойындар
- •Қимылды ойындар
- •Дидактикалық ойындар
- •Өзіне-өзі қызмет көрсету
- •Тұрмыстық-шаруашылық еңбек
- •Табиғаттағы еңбек
- •Мерекелер және ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қимылды ойындар тізімінің үлгісі
- •Ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар
- •Қазақстан, Ресей және тмд елдері жазушыларының әңгімелері
- •Әңгімелеуге арналған шығармалар
- •Жаттауға арналған шығармалар
- •Сурет салу сабағының тақырып үлгісі
- •Жапсыру сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Мүсіндеу сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Балаларды өнермен таныстыру
- •Музыкаға ұсынылған репертуарлар Музыка тыңдау
- •Ән салу
- •Музыкалық-ырғақтық қимылдар
- •Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
- •Музыкалық – дидактикалық ойын
- •Мазмұны
Мерекелер және ойын-сауықтар
Мақсаты: шығармашыл белсенді тұлғаны, эстетикалық эмоцияларды, сезімдерді, қарым-қатынастар мен қызығушылықтарды қалыптастыру.
Міндеттер:
- қоршаған шындықты эстетикалық қабылдауды, эстетикалық бейнелер қорын қалыптастыру;
- мемлекеттік және қоғамдық мерекелерге, ойын-сауықтарға ортақтастық сезімін, эмоционалдық ықыластылық, ұлтжандылық және азаматтық сезімдерді дамыту.
Мазмұны:
Балалармен мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелерді атау: Конституция күні, Білім күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Қазақстан Республикасының күні, Тәуелсіздік күні, 8 наурыз, Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Балаларды қорғау күні. Осы мерекелерге белсенді қатысуға араластыру.
Мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелер жөнінде түсініктерін кеңейту.
Балаларды мерекеге дайындыққа белсенді қатыстыру (топтағы бұйымдар, әшекейлерді дайындау).
Ертеңгіліктерге белсенді қатысуға ниеттерін дамыту.
Түрлі ойын-сауықтарды аптаның басты ерекше оқиғасы ретінде қабылдауға, сипаты және көңіл-күйі бойынша ойын-сауықтарға эмоционалды үн қосуға үйрету.
Мектепке дейінгі ересек жас балаларымен спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды дайындауда және өткізуде дербестікті, дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген дене машықтарын көрсете білуді тәрбиелеу.
Балалардың ойындардағы, ойын-сауықтардағы, жарыстардағы шығармашылық бастамасын көтермелеу.
Достық сезімдерді ояту, командадағы жолдастарына қолдау көрсету, өз жолдастарының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ортақтасу, бір-бірін сақтандыру.
Балалардың түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білім, білік, дағдыларын ойын-сауық мазмұнына сәйкес белсенді қолдану.
Балалар үшін қуыршақ, көлеңке театрының көріністерін, балалар күшімен қойылған концерттер, бейнефильм, слайд көрсету, музыка, ертегі, аудиожазба тыңдауды ұйымдастыру.
Қолданылған әдебиеттер
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы. Астана. Ақорда
ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
«Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.
Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.
Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.
На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.
Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей». – М.: Мозаика-Синтез, 1999.
Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.
Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.
Терпугова Е.А. «Валеологическое воспитание детей дошкольного возраста: методич. пособие для педагогов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.
Соловьева Е.В., Коренькова Л.Г., Копытова В.И. «Математика и логика для дошкольников»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.
Парамонова Л.А. «Теория и методика творческого конструирования».- М.: Академия, 2001.
Шулешко Е.Е. «Наглядно-дидактическое пособие по обучению дошкольников чтению, письму, счету» - М.: Мозаика-Синтез, 2002.
ҚОСЫМША