
- •Макроэкономика пәні. Экономикалық модельдерді пайдалану (айналым үлгісі)
- •Макроэкономиканың мақсаттары мен әдістері
- •Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы
- •Ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері
- •7. Тұтыну функциясы. Тұтынуға шектік және орташа бейімділік.
- •8. Жинақтау функциясы. Жинақтауға шектік және орташа бейімділік.
- •9) Жинақтау себептері, көздері. Ұлттық , мемлекеттік, жеке жинақ.
- •10. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық функция.
- •Инвестициялық функция
- •11 Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •14. Кейнс кресті: бюджеттік салық саясаты.
- •15. Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер (Кейнс кресі арқылы көрсету)
- •16. Жиынтық сұраныстың құрылымы
- •17. Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар, оның жылжуы
- •18. Жиынтық ұсыныс. Мерзім түрлері
- •20.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
- •23. Is қисығының графигін шығару
- •24. Is қисығындығы бюджеттік салық саясаты
- •33. Ақшаның функциялары. Ақша агрегаттары
- •37.Ақша сұранысы және әсер етуші факторлар. Фишер теңдеуі
- •Экономикалық циклдер фазалары, Инфляция себептері
- •40 Жұмыссыздық, оның түрлері
- •41. Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар
- •43.Филлипс қисығы ,оның теңдеуі мен графигі
- •44.Инфляция,оның түрлері мен теңдеуі
- •46. Р.Солоудың экономикалық өсу моделі
- •8.2 Сурет. Өпдірістік функция графигі
- •47. Өсудің стационарлық тәртібі мен қорланудың «Алтын Ережесі».
- •8.4 Сурет.Экономыкалық өсудің стспшоиарлық тәртібі
- •8.5 Сурет. Қорланудың «алты ережесі»
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •51 Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеуі
- •52 Төлем балансының бөліктері (график түрінде)
- •53. Кіші ашық экономиканың үлгісі.
- •54.Капитал қозғалыс шотына және ағымдағы операциялар шотына әсер етуші саясаттар
- •55. Номиналды және нақты айырбас бағамы
- •56. Таза экспорт ж/е нақты айырбас бағамы
- •57.Нақты айырбас бағамды анықтайтын факторлар
- •58. Нақты айырбас бағамға әсер етуші саясаттар
- •59. Номиналды айырбас бағамды анықтайтын факторлар
Макроэкономика пәні. Экономикалық модельдерді пайдалану (айналым үлгісі)
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырылып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемі және оның өсуі, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайы зерттеледі. Сондай-ақ макроэкономика өндіріс көлемінің, жұмыстылықтың, тауар және аөша нарықтарындағы тепе – теңдіктің ұзақ мерзімді өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін зерттейді.
Экономика өзара әрекеттесетін 4 сектордан құралады:
Үй шаруашылықтары, жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге сұранысты білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар арасында бөледі. Өз әрекеттері мен үй шаруашылықтары әл ауқатын жақсарта алады.
Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды. Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға сұраныс тудырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады. Инвистициялар жасайды. Фирмалардың мақсаты пайданы арттыру. Мемлекеттік секторға, қоғамдық игіліктерді өндіріп шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Мысалы қоғамдық тәртіп , қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және білім аясындағы жетістіктер.
Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектілердің жиынтығы, мемлекеттік институттар.
Макроэкономикалық модел дегеніміз экономикалық құбылыстар мен процестердің оңайлатылған абстрактілі көрінісі, экономикалық
Айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды. Макроэкономикалық модельде экзогенді және эндогенді айнымалылар ажыратылады. Экзогенді айнымалылар модельден тыс анықталады. Олар алдын ала берілген статистикалық деректер, мысалы ЖҰӨ, мемлекеттік шығындар, салық мөлшері т.б. Эндогенді айнымалылар- модель ішінде құрылатын, яғни модель нәтижесі болатын айнымалылар. Мысалы тұтыну көлемі, инвестициялар, нақты пайыз мөлшерлемесі және т.б.
Макроэкономиканың мақсаттары мен әдістері
Макроэкономикалық деңгейде әрбір еддің қызмет етуінің негізгі экономикалық мақсаттары анықталады.
Тұрақты экономикалық өсу
Ресурстардың толық жұмыстылығы
Инфляция деңгейін барынша төмендету
Төлем балансының тепе – теңдігіне жету
Экономикалық өсу нақты ЖІӨ көлемі ұлғайған кездегі ұлттық экономиканың дамуы болып есептеледі.Экономикалық өсу мақсатына жету үшін макроэкономикалық саясаттың негізгі 2 құралы:
Бюджет салық саясаты, ол мемлекет тарапы тарапынан жүзеге асырылады
Ақша несие саясат, оны орталық банк жүзеге асырады
Ресурстардың толық жұмыстылығы. Ресурстардың түрлері: материалдық, табиғи, адами т.б. Ресурстар толығымен қолданылмауы мүмкін. Барлық табиғи ресурстардың тиімді қолданылуы әлуетті деп аталады.
Инфляция – ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуі.
Төлем балансының негізгі 2 шоты бар.
Капитал қозғалысының шоты-ел ішіндегі инвистициялар мен жинақтардың ағындары.
Ағымдағы операциялар шоты арқылы елдегі экспорт пен импортты қадағалайды.
Экономикалық процестерді танып білудің бірнеше зерттеу әдістері бар, олар:
Макроэкономикалық модел - экономикалық құбылыстар мен процестердің оңайлатылған абстрактілі көрінісі, экономикалық
Айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды. Макроэкономикалық модельде экзогенді және эндогенді айнымалылар ажыратылады. Экзогенді айнымалылар модельден тыс анықталады. Олар алдын ала берілген статистикалық деректер, мысалы ЖҰӨ, мемлекеттік шығындар, салық мөлшері т.б. Эндогенді айнымалылар- модель ішінде құрылатын, яғни модель нәтижесі болатын айнымалылар. Мысалы тұтыну көлемі, инвестициялар, нақты пайыз мөлшерлемесі және т.б.
Ғылыми абстракция-зерттеу пәнін жеке , кездейсоқ, қысұа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, құбылыстар мен процестердің өзіндік, дербес ерекшеліктері анықталады. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі бір заңдылықтармен тұжырымдалып, жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді. Талдау- экономикалық құбылыстарды жеке элементтерге жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастың қажетті, құрамдас бөлігі ретінде зерттеу.
Жинақтау-бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.
Индукция- жеке оқиғадан, құбылыстардан логикалық пайымдау арқылы жалпы ортақ қағидалар шығару.
Дедукция, керісінше жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің, процестердің кейбір жеке көріністері мен ерекшеліктері сипатталады.