- •5.Маркетингтік зерттеулердің мәні мен қағидалары
- •6.Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен түрлері
- •13.Медиаорта мәні және медиаорта элементтері.
- •16. Тұтынушылардың мінез-құлқына әсер ететін негізгі факторлар.
- •17. Түпкі тұтынушының сатып алу туралы шешім қабылдау процесі.
- •18. Өнеркәсіптік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі.
- •19. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері
- •20. Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және қағидалары.
- •21.Өнеркәсіптік нарықты сегменттеу қағидалары.
- •24.Маркетингтегі тауар түсінігі және оның құрылымы.
- •25.Тауарлардың жіктелуі.
- •31.Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
- •32.Тауардың оралуы. Штрих код түсінігі
- •34.Көтерме сауда және оның түрлері.
- •40. Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар.
- •41. Баға белгілеудің негізгі әдістері
- •42. Тауарға баға белгілеуде қолданылатн стратегиялар
40. Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар.
Бағаға әсер ететін негізгі факторлар:
Өндіріс шығындары, тұтынушылар, тауар козғалысына катысушылар(делдалдар), бәсекелестер және мемлекет, тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі, тасымалдау көлемі. Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған кандай фактор әсер ететінің біле отырып,оларды талдау керек.
Өндірістік шығындар көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайына және орта салалық өзіндік құнды белгілейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.
Тұтынушы (сұраныс) баға мен тұтынушылар сұранысы арасында тығыз тәуелділік бар, олар бір бірімен кері пропорционал байланыста болады
Тауар қозғалысына катысушылар – делдалдар баға белгілеуде маңызды роль атқарады
Бәсекелестер: бағалық бәсекелестер –тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелестік күрес жүргізу; бағасыз бәсеке – тауар сапасын, оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, сервисін, әсемділігі мен дизайнын және т.б сипаттамаларын жақсарту арқылы жүргізілетін бәсекелестік күрес.
Мемлекет. шаруашылық субъектілерінің баға саясаты көбінесе мемлекеттің бағаларды реттеу саясатына байланысты болады
Тұрғындардың сатып алу қабілеті – баға олардың ақшалай табысына байланысты тағайындалады
Тасымалдау көлемі неғұрлым жоғары болса, тауардың әрбір данасына кететін шығындар соғұрлым аз болады да, бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.
41. Баға белгілеудің негізгі әдістері
Баға – құнның ақшалай көрінісі. Баға шығындарды талап етпейтін, пайда алып келетін маркетинг кешенінің ең икемді құрамдас бөлігі. Баға белгілеу әдістері:
Құндылыққа негізделген баға белгілеу әдісі (бренд)
Шығынға негізделген баға белгілеу әдісі. Фирманың шығындары екі түрлі – тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындар дегеніміз – олар өндірген өнімнің көлемі өзгерсе де өзгермейтін шығындар, демек олар өндіріске, оның көлемііне тәуелсіз болады. Ал айнымалы шығындар – өндіріс деңгейіне тікелей байланысты.
Жеңілдіктерді қолданып баға белгілеу. Жеңілдіктердің үш түрі бар: 1) атқарымдық жеңілдіктер дегеніміз – ол сауда саласындағы әрекеттенушілерге көрсетілетін жеңілдіктер. Белгілі тауарды тарту арнасының құрамына кіретін қызметтерге бірдей жеңілділік ұсынады. 2) мерзімді жеңілдіктер – тауардың сатылатын мерзімінен тыс уақытта сатып алынған заттың бағасын төмендету болады. Мерзімді жеңілдіктер сатушыға өндіріс деңгейін жыл бойын тұрақты ұстауға көмектеседі, ал тұрақты шығындарды азайтуға, демек пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. 3) сынақ . сынақ ретінде прейскуранттік бағадан тыс жеңілдіктер қолданылады. Мысалы, ескі тауардың сатылуы жақсы болған кезде жаңа тауардың бағасы төмендетіледі.
Бәсекелеске қарап баға белгілеу – бәсекелестердің саны мен мүмкіншіліктеріне қарай фирма үш стратегияның біреуін таңдайды:
Нарыққа ену стратегиясы
Нарықтық лидерге қарап баға белгілеу
Бәсекелеске қарағанда жоғары баға белгілеу.
Географиялық баға белгілеу: негізінен транспорт шығындарына байланысты қойылатын бағалар
