- •1.Микроэкономика пәні, әдістемесі.
- •2.Сұраныс, сұраныс заңы және бағалык емес факторлары:
- •3. Ұсыныс, ұсыныс заңы және бағалык емес факторлары:
- •4.Нарықтағы тепе-теңдік
- •5.Баға бойынша сұраныс икемділігі деген не? Сұраныстың баға икемділігі коэффициенттерін сипаттаңыз.
- •8.Талғаусыздық қисық сызығы деген не? Ол қалай тұрғызылады?
- •9.Бюджеттік шектеу.
- •10. 1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
- •11. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
- •4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
- •12. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
- •13. Қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?
- •14. Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай? Қысқа мерзімді және Ұзақ мерзімді кезеңде монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.
- •2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
- •Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
3. Ұсыныс, ұсыныс заңы және бағалык емес факторлары:
Ұсыныс- сатушылардың сатқысы келетін және сата алатын тауарлар бағасы мен оның санының арасындағы тәуелділік. Оны келесі түрде көрсетеміз Q=Qs(P), мұнда р-тауар бағасы, Q –ұсыныс мөлшері, Qs(P) –ұсыныс ф/ясы.
Ұсыныс қисығы- тауардың бағасы мен оның нарықтағы ұсыныс көлемінің арасындағы тэуелділіктің график түріндегі көрінісі.Үсыныс қисығының бойымен жылжу - баға өзгергендегі ұсыныс көлемінің өзгерісін білдіреді.
Ұсыныс заңы –(Law of suppy)-тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын оны ұсыну көлемі де соғұрлым көп болады. Ұсыныстың баға өзгеруіне реакциясы төмендегілерімен түсіндіріледі: 1.Өндіріс саласындағы фирмалар баға жоғарылаған кезде резервтегі және тез іске қосылатын жаңа өндіріс қуаттарын пайдаланады, ал бұл өз кезегінде ұсынысты жоғарылатады; 2.Бағаның тұрақты түрде жоғарылауы байқалса, онда басқа өндірушілер осы өндіріс саласына кіруге ұмтылады, ал бұл жағдай тауар өндірісін және оның ұсынысын одан сайын жоғарылатады. Бағалық емес факторлар: 1.Өндіріс шығындар.2.Салық мөлшері 3.Технология,4.Субсидия,5.Қарастырып отырған таурдың бағасы 6.Өндірушілердің күтуі,7.Өндірістің объективті жағдайлары,8.Өндіріс шығындары мен технология деңгейі. Ұсыныстың өзгеруі - багалық емес фактордың эсерінен ұсыныс қисығының не жогары солга, не төмен оңға жылжуын білдіреді.
Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:
QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда
QS – тауар ұсынысы (supply)
P – тауар бағасы
PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары
Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы
K – технология деңгейі
Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)
N – нарықтағы сатушылар саны
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңыдеп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (3 сурет)
3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет).
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының
4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
