Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikro_shpor2012.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
121.12 Кб
Скачать
  1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)

Олигополия- (oligopoly)- сатушылар тауарының бағасына әсер ете алатын, өз әрекетіне басқа сатушылардың жауабын ескеретін, нарыққа кіру ашық және жабық, сатып алушылар бағаны берілген деп қабылдайтын нарықтық құрылым. Өндірістің техникалық күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия, автомобиль құрылысы, электроника, кеме мен ұшақ құрылысы және т.б. нарық құрылымының осы түріне жатады. Олигополяныңерекшеліктері:

  1. 1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.

  2. 2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық ұлестері көп болады,сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады.

  3. 3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарайә бағытталған болады.

  4. 4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты- фирмалар бір- бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелді. Баға мен өнім көлемін анықтағанды әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциячын ескеруге мәжбү болады.

  5. 5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.

Олигополия үлгілері

Курно дуополиясы. Олигополияның ең қарапайым үлгісі нарықта тек қана 2 бәсекелес – фирманың болуын ұйғарады. Бұл жағдай дуополия деп аталады. Курно үлгісінің алғышарты: олигополист – фирмалар өнім шығару көлемі бойынша (өнім біртүсті) бірдей шешім қабылдай отыра, бәсекелестің өндіріс көлемін тұрақты шама ретінде қарайды. Олигополия нарығында А және В фирмалары бар дейік (45-а сурет). Нарықтық сұраныс = D, ал шекті шығындар тұрақты. А фирмасы өндіріс көлемі жөнінде шешімдерді қабылдайды. Егер ол В фирмасы ештеңе де өндірмейді деп болжау жасаса, оның ұсынысы Q құрайды. Егер ол В фирмасының өндіріс көлемі Q тең деп болжаса, өзінің өніміне деген сұранысының төмен және солға, D1 деңгейіне дейін ауысуы деп түсінеді де, өнімнің Q бірлігін өндіреді. В фирма ұсынысы көбеюін ары қарай болжай отыра, А фирмасы өнім шығарымын сәйкес санға азайтып, нәтижесінде өндіріс көлемін ынталандыратын жаңа нүктелерді табады. Бәсекелестің іс-қимылдарын дұрыс бағалай отыра, әр фирма өз үшін осы жағдайда пайданы жоғарылатуға мүмкіндік беретін оңтайлы стратегияны таңдайды. 45-б суретте фирмалар шекті шығындар деңгейінде өндірсе, (нағыз бәсекелестік жағдайларда сияқты) осы нарықта болуы мүмкін бәсекелестік тепе-теңдік көрсетілген. Бұл жағдайда олардың пайдасы кәдімгі (нольдік) болушы еді.

Курноның олигополиялық моделі фирмалар үшін ұтымды, себебі ол экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді.

В фирманың әсер тигізу қисық сызықтары

бәсекелес тепе-теңдік

Шарттардың

қисық сызық-

тары

D

MR PA

1 QA4

Q2 Q1 Q QA QB1 QB2 QB* QB3 QB

45 сурет. Әсер тигізу қисық сызықтары (а) және тепе-теңдік()

Бертран дуополиясы. Бертран дуополиясы Курно дуополиясына өте ұқсас, бұл үлгідегі олигополистер бәсекелестерінің өндіріс көлеміне емес, бағалардың өзгеруіне ғана назар аударады. Бәсекелес өнімге бағаны түсіреді деп болжай отыра, А фирмасы, пайдасын жоғалтқысы келмей, бағасын түсіреді. Курно үлгісінде өткізгендей сәйкес операциялардан кейін біз А фирманың В фирмасы баға өзгеруіне тигізген әсерінің қисық сызығын табамыз. Сондай әдіс арқылы В фирманың А фирмасы баға өзгеруіне тигізген әсерінің қисық сызығын табамыз. Сол әдіспен Бертран тепе-теңдігі – бағалар кеңістігінде әсер тигізу қисық сызықтарының қиылысу нүктесінде табылады (46 сурет).

PA В фирманың әсер тигізу қисық

с ызықтары

А фирманың әсер

тигізу қисық

сызықтары

45°PB

46 сурет.Бертран тепе-теңдігі

Бертран үлгісінің Курно үлгісінен айырмашылығы: 2 әсер тигізу қисық сызықтары ұлғаймалы. Ол Бертран дуополистерінің бағалары Курно дуополистердің шығаруларына кері, жақындасу үрдісін көрсетеді. Осыған орай, Бертран үлгісінде тепе-теңдік жағдайдағы баға әр фирманың шекті шығындарына тең болады, әйтпесе нарықта тұтастай иеленуге ұмтылып, фирмалар бағаларын төмендете береді, бәрі де және шекті шығындар да бірдейленгенше. Бұл жағдайда да алынатын пайда нөлдік болып шығады. Курно мен Бертран үлгілерінің маңызды айырмашылығы келесіде: Курно үлгісінде нағыз бәсекелестік нәтижеге жету тек олигополистер санын көбейткен жағдайда ғана мүмкін. Бертран үлгісінде нағыз бәсекелестік нәтиже монополиядан дуополияға ауысқанда келеді. Бұл айырмашылықтың себебі: Курнода сұраныс қисық сызығы төмен түседі, ал Бертранда сұраныс икемді, сондықтан бағаның түсуі әрқашан пайдалы, егер ол МС жоғары тұрса. Екі үлгінің де шала жақтары бар:

  1. олар тұрақтылықты ұйғарады: Курнода – өндіріс көлемінің, Бертранда – бәсекелестер бағасының, өмірде бұған жету қиын.

  2. фирмалардың өндірістік қуаттары «өлшемсіз», яғни керек кезінде олар кеңееді не азаяды. Шекті және орташа шығындар өзгеріссіз қалып, ауқым әсері мүлде жоқ, осының негізінде келесі түйін туады: Курно бойынша және Бертран бойынша дуополия үлгілері олигополия жағдайларындағы стратегиялық мінез-құлық, іс-қимылдар туралы түсінік берсе де, олигополия барлық теорияларының ішіндегі ең қарапайым болып табылады.

Картель. Олигополистердің кооперативтелмеген стратегиясы кооперативтелгеннен экономикалық жағынан тиімсіз, ұтымсыз. Олигополист – фирмалар қосылып, монополия сияқты қызмет жасауы мүмкін. Картель – олигополист – фирмалар тобы. Олар нарықты бөлу жөніндегі келісіммен бірігіп, өндірістің көлемі мен бағаларға қатысты бірдей іс-қимылдар жасап, монополиялық пайда алуға көзделген. Сондықтан, өз өніміне сұранысты біле тұра, олигополист – фирмалар жоғарылау баға және шектелген өндіріс көлемі туралы келісіп тұрақты экономикалық пайданы алады.

Ойындар теориясы. Дж.фон Нейман мен О. Морген­штерннің 1944 жылы жазылған «Ойындар теориясы мен экономикалық мінез –құлық» деп аталатын кітабында баяндалған ойындар теориясын қарайық. Олигополия нарығында тепе-теңдікті іздеудің мүлде басқа методологиялық тәсілді ұсына отыра, ол басқа үлгілерге тән кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Балама теориялармен салыстырғанда, ойындар теориясының жағымды жағы – бәсекелестіктің нақты жағдайларына жақындығы. Онда берілген шамалар, параметрлердің тұрақтылығы, ақпараттың толықтығы деген түсініктер жоқ. Керісінше, ойындар теориясында шарт есебінде анықсыздық, тұрақсыздық, ақпараттың шектеулігі, демек, тәуекел қабылданады.

Ойындар теориясы көптеген ойындарды ұсынады –қатысушылар (ойыншылар) әр түрлі ахуалдарда оңтайлы шешімдерді қабылдауға тиісті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]