Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2РК-Африка инфрақұрылым.Ахметова,Білімжанқызы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
217.84 Кб
Скачать

Африканың өндірістік инфрақұрылымы

Көлік инфрақұрылымы. Африкадағы барлық теміржолдар бағалы металдар мен мұнайды тасымалдау үшін метрополия мемлекеттердің бастауымен салынған болатын. Африкадағы көлік жолдары өте көп, бірақ олардың барлығының сапасы бірдей емес. Сонымен қатар көлік құрылымы экономикада ең төмен дамыған сала деп айта аламыз. Барлық маңызды әуе қатынастарын Оңтүстік Африкадағы Ұлттық Авиокомпания жүзеге асырады. Бұл компания әлемнің кез келген аумағына тез және қауіпсіз жетуді қамтамасыз етеді. Мемлекет ішінде бір апта көлемінде 600-ге жуық авиарейс жүргізеді. Тіпті, экономикасы орташа дамыған қалалары да Йоханнесбург, Кейптаун, Дурбан сияқты қалалармен байланыса алады. Оңтүстік Африка Ұлттық Авиакомпаниясы Халықаралық авиациялық транспорт ұйымына кіреді. Йоханнесбург әуежайы орташа есеппен бір жылда 18 млн адамға қызмет көрсетеді екен. Оңтүстік Африка аймағында 9 мемлекеттік әуежай бар.

ХІХ-ХХ ғасырларда Африкада пайдалы қазбалардың бар екені анықталған соң, оларды тасымалдау мақсатында теміржолдар құрылысы жедел дамыды. Ең маңызды теміржол магистральдары: Батыс Кап, Мозамбик.

Сонымен қатар, Африканың көптеген мемлекеттерінде көлікті жалға алуға болады. Ол үшін жалға алушы адамға барлық мемлекеттерде жарайтын көлік жүргізу құжаты болу керек, және жасы 23-тен төмен болмауы керек. Халықаралық көлік жүргізу құжаты ағылшын тілінде жазылуға тиіс және нотариатпен белгіленуі қажет.Көлік жүргізу құжатынан басқа көлік клубының карточкасы да болуы қажет. Мұндай клуб Оңтүстік Африка Республикасында бар. Жалға алу мерзімі кемінде 24 сағат. Жүру жылдамдығы қала ішінде 60 км/сағ, автомагистралдарда - 120 км/сағ, кейбір халық аз аудандарда - 100 км/сағ.

Африканың Ғылым жүйесі және инфрақұрылымы

Жалпы Африка - өзгеше континет болған соң барлық жағынан климат,экономика,географиялық орнынан болса да ерекшеленген.Егер білім жүйесін айтатын болсақ онда дәстүрлі принципке негізделсек Африканың білім жүйесі дәстүрлі түрде балаларды Африкалық реалиялар мен Африканың қоғамына бейімдеу процесінен бастау алған болатын.Колониялық қоғамға дейінгі Африкада білім бірінші Африка еліне тән ритуалдар мен ойындар,билер,әндерді өзіне үйлестіре білген.Балаларды оқытумен әрине ата-аналары жауап берген,және тағы айта кететін жайт отбасында қанша адам болса сонша адам бір-біріне білім алуға,тәлім алуға,өз үлесін қосу керек болған.Қыз балалар мен ұл балалар бөлек оқыған себебі Африкалықтардың ережелері бойынша Жыныстык даму кезінде яғни олар енді дамып келе жатканда олардың 2 бөлек оқулары дұрыс дегенді ұстанады.Осы балалық сосын жасөспірім шақтан өту кезінде білімнің ажырамас бөлігі болған Апогейі болған ол- Өту Ретуалы.Ал енді біз тарихтан білетініміздей Африка колониялық периодқа яғни отарлауға көп зардап шеккен материк болып саналады.Ол барлық жағынан зардабынын тигізді соның ішінде ғылыммен білімге де зардабын тигізді.Яғни отарлай барысында Африканың білім жүйесі Еуропалық бағытта сипат алды себебі отар елдердің пікірі бойынша Африкалықтар Еуропа мен Америка сияқты державалық елдермен бәсекеге түсу үшін керек болды.Ал Африка өз кезегінде өзінің ішіндегі кадрларды дайындап сол Еуропалық бағытта кетіп кетпесіндеп өз елдерінде ұстап қалуға ниеттенді.Ал егер қазіргі кездегі Африканың білім жүйесі де артта қалған.2000 жылы Қара Африкада тек 58 пайыз балалар ғана мектепке барған.Бұл қазіргі заманда ең төмен көрсеткіш болып табылады.Африкада 40 миллион баларар болса,оның тең жартысы білім алмайды,ал оның 2/3 қыз балалар.Африканың постколониялық кезеңінде Білімге үлкен ден қойған себебі ол кезде де адам санасын жетілдіру керек болған,сосын ол кезде де адамдар болашақтың түбі-Білімде екенін түсінген.Африкаға сол кезде көп көңілін Университеттерге бөлген,алайда оғанда лайықты қолдау,қаражат болмаған.Кейбір елді-мекендерде бұндай университеттер мүлде болмаған.Оған қармастан университеттердегі студенттер саны лық толы,асып кетті десекте болады.Мұғалімдерге де оңай болған жоқ.Кейде олар демалыс күндері де аззаннан кешке дейін лекция оқыған кездері болған.Ал ондай шарттарда жұмыс істеу мүмкүндігі жоқ болғанын түсінген Африкалықтар ұстап қалуға тырысты.Ақшалай көмек мүлде болмады десе де болады.Алайда ақшаның жетіспеушілігі ғана емес артта қалуына,бұл жерде университет ішілік те түсініспеушілікте болып тұрды.Мысалы университет немесе басқа да білім ошақтарындағы мұғалімдердің заңсыз мансап көтерілуін профессиональді бағытта емес деп негізділді.Осындай көптеген құқықбұзушылықтар ақыры мұғалімдер арасындағы дау-дамайға айналды.Осындай ішкі іріткілер,қаражат тапшылығы Африканың білім жүйесін,білім инфрақұрылымын артта қалдырды.