Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Канат Жансая научная работа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

2.1. Фразеологиялық тұтастық.

Фразеологиялық тұтастыққа жататын фразеологизмдер құрастырауыш сыңарларының бұрынғы лексикалық мағынасы ұмытылып, бәрі бір ғана меншіктеулі ұғымды береді. Мысалы: ит арқасы қиянда, жеті қараңғы түнде, ала жіп аттамады, көк ми, ала көз т.б. Фразеологиялық тұтастыққа құрамындағы сөздер бір-бірінен ажырамастай болып жымдасқан, өздерінің лексикалық мағыналарын жоғалтқан, семантикалық жағынан біртұтас фразеологизмдер жатады. Мұндай фразеологизмдердің мағынасы уәжділігінен айырылған, мағыналарының неге солай болып қалыптасқанын ділелдеу мүмкін емес. Мысалы: жүрек жұтқан, қаны қарайды т.б.

Фразеологиялық тұтастық – тарихи құбылыс. Бір кезде олардың бәрі де құрастырушы сыңарларының мағынасы мен тұтастанған мағынасына байланысты болған. Тек фразеологиялық тұтастық мағынасы ауыспалы образды мағынаға ие болып қолданғанда, бірте-бірте тура мағынасы үмытылып, ауыспалы мағынада ғана айтылатын болған. К.Аханов ит өлген жерде деген фразеологиялық тұтастық пайда болуына тоқталып, оның халық арасында жақсы ит өлімтігін көрсетпейлі деген сенімінің себебі болғанын айтады.

Фразеологизмдердің бұл түрі жалпы тілі білімінде идиомалап деп аталады, бұлар І. Кеңесбаевтың топтастырыылуында фразеологиялық түйдек деп берілген.

2.2. Фразеологиялық бірлік.

Бұған фразеологизмді құрастырушы сыңарларының біртұтас ауыс мағынаға ұласуынан туған, бірақ ішкі формасының айқындылығын сақтаған фразеологизмдер жатады. Бұлар да фразеологиялық тұтастықтар сияқты семантикалық жағынан ажырамайтын, құрамы тұрақты, идиомалар сияқты біртұтас тіл бірліктері болып табылады. Басқаша айтқанда, фразеологиялық бірліктердің негізінде еркін сөз тіркестері жатыр, еркін сөз тіркестерінің ауыс мағынада айтылуынан туған бейнелң мағыналардан фразеологиялық бірліктер жасалған. Фразеологиялық бірліктердің қалыптасуындағы осы ерекшелік біртұтас мағынасы сыңарларының мағыналарына жуыспайтын фразеологиялық тұтастықтардан негізгі айырмасын көрсетеді. Мысалы, «көзін жойды» мағынасын білдіретін тамырына балта шапты фразеологизмінің негізінде «ағаштың тамырына балта шапты» деген еркін тіркес мағынасының бейнелі туында мағынаға ауысуы себеп болған. Сол сияқты тайға таңба басқандай, ит байласа тұрғысыз, тамырын басты, сөз салды, шашбауын көтерді, ат құйрығын кесісті, атқа жеңіл телпекбай, белін буды, белі көтерілді, жарасы жеңіл т.б. фразеологизмдердің қай-қайсысы болсын еркін тіркестердің ауыс мағынада қолданылуынан барып, бірте-бірте біртұтас бейнелі мағынаға ие болған.

Фразеологиялық бірліктің бейнелі мағынасы құрамындағы сыңарларына емес, тұтас тіркес қалпына тән. Мысалы, ат ізін салмады фразеологизмінің құрамындағы ат, із, салмады сөздерінде жеке алғанда бейнелі мағына жоқ, олар бейнелі мағынаға тіркескен қалпында ғана ие болған.

Фразеологиялық бірлік пен І.Кеңесбаевтың фразалық тіркес деп топтастыруы бір-біріне сәйкес. Бірақ жіктеу принципінде айырмашылық бар. І. Кеңесбаев фразалық тіркесті анықтауда еркін тіркестердің құрамындағы сөздердің негізгі мағынасынан түгелдей емес, жарым-жартылап айырылтатынына сүйенген, ал фразеологиялық бірлікті анықтауда еркін тіркестердің құрамындағы сөздердің негізгі мағынасынан түгелдей емес, жарым-жартылап айырылатынына сүйенген, ал фразеологиялық бірлікті анықтауда еркін тіркестердің құрамындағы сөздердің тұтас қалпында (жеке сөздері емес) бейнелі мағынаға ауысатыны негізге алынған.