Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Канат Жансая научная работа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
51.6 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы

Фразеология. Фразеологизмдердің шығу көздері

Тексерген: ф.ғ.к Б.Б. Динаева

Орындаған: Қанат Жансая ПД(К) -101

Астана 2012 Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................3

I бөлім. Фразеология..................................................................................5

    1. Фразелогизмдердің екі мағыналылығы......................................5

    2. Фразеологизмдердің басты белгілері............................................6

    3. Фразеологизмдердің сөзбен жақындығы.....................................9

    4. Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы..........................10

II бөлім. Фразеологизмдердің түрлері

2.1. Фразеологиялық тұтастық..........................................................13

2.2. Фразеологиялық бірлік. ....................................................................14

2.3. Фразеологиялық тіркес. ....................................................................15

2.4. Фразеологиялық сөйлемше. .............................................................17

III бөлім. Фразеологизмдердің пайда болу негіздері............................18

Қорытынды. ................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиет тізімі..................................................................23

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар — Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеум. жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. Фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология, философия,тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеология семантикалық категориялар қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантик., тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны Фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантик.-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін Фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвист. талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.

Зерттеу нысаны: Қазақ тілінің фразеологиясы, оның тарихы, шығу тегі. Тұрақты сөз тіркестерінің маңызы.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері:

- Фразеология дегеніміздің не екенін анықтап, жан-жақты зерттеу.

- Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің қайдан шыққанын анықтау, олардың маңызын түсіну.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.