Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс методичка.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру.

Өндірістік емес сфераларда коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындармен қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.

Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылатын және алынатын таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142 ІІ ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайрымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну корпоративі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.

Меншік нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке меншік мекемелер болып бөлінеді.

Мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері заңнамалық актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады:

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

Басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және мемлекеттік емес тұлғалар құраған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым жеке меншік мекеме деп танылады.

Жеке меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым қоғамдық бірлестік болып табылады.

Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.

Қор жарғыда белгіленген мерізімде қаржы қызметін тексеруді жүзеге асыруға міндетті. Тексеруді тексеруші немесе аудитор жүзеге асырады.

Селолық тұтыну коопиративтері тек өз мүшелерінің ғана емес, ауылдық жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін.

Тұтыну коопиративтерінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша коопиратив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.

Тұтыну коопиративінің мүшелері жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін үш ай ішінде қосымша жарналар арқылы жабуға міндетті. Бұл міндеттеме орындалмаған жағдайда коопиратив кредит берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.

Тұтыну кооперативтерін, соның ішінде селолық коопиративтерді құқықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалық актімен реттеледі.

Коомерциялық емес акционерлік қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Жоғарыда айтылған коммерциялық емес қызметтің ұйымдарын, мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне қарай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады.

Бірінші топқа материалдық өндіріске өте жақын шығындары материалдық емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден алынатын түсім- ақшадан өтелетін ұйымдар мен мекемелер жатқызылуы мүмкін. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми – зерттеу инситуттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Кәсіпорындар қызметпен байланысты әр турлі ақшалай шығындар жасайды; игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, олар түсім ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды.

Ұйымдастырудың екінші тобына олардың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін-өзі өтеу әдістерін қолданатын бірқатары жатады. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында қолданылады.

Ұйымдардың үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мекемелер мен салалар жатады. Олар көрсететін қызметтер тегін, оларды қаржыландырудың мемлекеттік бюджет болып табылады.

Бюджет мекемелерінің шығындарын қаржыландырудың негізі смета болып табылады. Ол- қаржы жоспарының айырықша нысаны. Қазіргі кезде бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер шығындарының сметасын жасайды, онда бюджетпен қатынастардың біржақты сипаты, бюджет қаражаттарының ауқымы және оларды шығындардың баптары бойынша бөлу қамтылып көрсетіледі. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржыландырылады. Мекемеде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кіріс-шығыс сметасында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланылады.

Сметалық қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкідіктер береді.

Бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылуы мүмкін: жәрдем қаржы, субвенциялар, субсидиялар.

Жәрдем қаржы дотация кезінде бюджеттен ақшалай қайтарусыз тәртіппен кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабуға, сондай-ақ төменгі бюджеттерді теңдемтіруге бөлінеді.

Субвенциялар- халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға берілетін мақсатты мемлекеттің қаржылық көмегінің нысаны.

Субсидиялар- белгілі бір шараларды үлестік негізде қайтарусыз қаржыландыруға бюджет және арнаулы мақсатты қорлардың қаражаттары есебінен ақша немесе натуралдық нысанда берілетін жәрдем ақы.

Сөйтіп, коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдісі сметалық қаржыландыру және шаруашылық есеп пен өзін өзі өтеу негізінде қаржыландыру болып табылады.

Негізінен коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтерді өндіру және олармен қамтамасыз етудің қажеттігімен айқындалады.

Қызметтің коммерциялық емес түрлері жөнге келген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, әр түрлі қайрымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.

Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі олардың үлкен икемділігімен және жеделділігімен түсіндіріледі.

Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізі өндірістік емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақшалай нысандары болады. Материалдық емес өнім мен қызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады.

Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану мен өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.

Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:

сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;

қаржы ресурстарын бөлумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің, олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;

салааралық- түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;

еңбек ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;

ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы қатынастар және т.т.

Аталған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды білдіреді, оларды негізгі мынадай топтарға біріктіруге болады:

ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қорлар;

күрделі жұмысалымдар қорлары;

көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;

қызметкерлер мен контингенттерге қызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік- мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты қорлар;

негізгі қызметі дамыту қорлары.

5-Тақырып МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ

  1. Мемлекеттің қаржы ұғымы және құрамы

  2. Мемлекет табыстарының мәні

  3. Мемлекеттің шығыстарының маңызы

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен социумдағы сан елуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функциаларын орындауға пайдалану қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекет, бір жағынан жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылыды.

А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:

1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;

2)техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;

3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

Сөйтіп, Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір шектеулігін және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлелдейді.

Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді: бұл- бөлу мен бақылау функциялары.

Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн; бұл:

  1. орналастыру;

  2. қайта бөлгіштік;

  3. тұрақтандыру қосалқы функциялары.

Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді.

Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктік тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.

Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:

  1. табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық-трансферттік тәсіл арқылы;

  2. баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын үдемелі салықтар арқылы орындалуы мүмкін;

  3. ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтар мен ұштастыру арқылы жету мүмкін.

Салықтық- трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизім де «тиімділік шығындарысыз» емес, сондықтан жанжалды теңдік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет.

Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана орырып, мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды.

Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс--әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын қамтиды. Аталған буындардың түрлі функционалдық арналымның арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемеларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпы мемлекеттік және жергілікті муниципалдық қаржылар болып бөлінеді.