Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс методичка.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

2. Қаржы механизімінің мазмұны мен құрылымы.

Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиіст қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап өсы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері- экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. «Механизм» термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс-қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты?

Қаржы шаруашылық жүргізуінің бүкіл жүйесімен және оны жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесі серпінін анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.

Қаржы механизімі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизімі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизімі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизімі болып бөлінеді. өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды.

Жалпы шаруашылық механизімі секілді қаржы механизімінің де өзіне тән ішкі құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр алуандылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизімі экономикалық жүие шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығын, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақш қорларын, қаржы жоспарлаудың әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың тап өсындай көптігі оларды ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.

Қаржы механизімі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі блогі, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.

Қаржы механизімінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.

Қаржы механизімінің блогі – жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.

Қаржы механизімінің элементі- бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айырықша түрде білінеді.

Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы механизімдерінде абстракты экономикалық категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар түрінде болады.

Нақтылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрін өзгерте алатын, адамдар есепке алатын категориялар ұғынылады. Нақтылы нысандар – бұл экономикалық категориялардың іске асу нысандары. Жалпы қаржылар арқылы емес, бірақ оның нақтылы нысандары – бюджет, кірістер, шығыстар арқылы экономикалық заңдарды адамдар өз мақсаттарына пайдаланады. Бұл мағынада жоғарыда аталған нақтылы нысандар ұдайы өндіріс процестерін басқарудың құндық категориялары болып табылады.

Әдіс- бұл басқару функцияларын орындау жөніндегі іс- әрекеттердің тәсілі, әрі бұл жағдайдағы анағұрлым ұтымды тәсіл. Ықпал ету әдістері белгілі бір категориялардың ішкі мағынасындағы экономикалық заңдардың көрінісінің әр түрлі нысандарына қолданылады.

Экономикалық реформалар мен нарықтық қатынастар тұтқалардың іс-әрекетінің жүйесі болып табылатын қаржы механизмінің құрылымы мен элементтеріне әсер етпей қойған жоқ.

Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайында сапалық жағынан жаңа қаржы механизмі қолданылады.бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бюджет жүйесімен, сақтық компанияларымен өзара қарым-қатынастарына қатысты.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарын қамтиды. Сондықтан пәрменді жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді ықпал жасау, оның тиімділігін арттыру және экономиканы өсіру үшін оны қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

Қаржы механизмін оның қоғамдық ұдайы өндіріске ықпал жасауы тұрғысынан қарағанда оның функционалдық буындары: ресурстарды жұмылдыру, қаржыландыру, ынталандыру және т.т. бөлініп шығады.

Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке буыны бірыңғай бүтіннің құрамды бөлігі болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді. Қаржы механизмінің құрамды буындарының іштей үйлесуі оның ұтымдылғының маңызды шарты болып табылады.

Қаржы механизмі элементтерінің – қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі « қаржы механизмінің конструкциясын» құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан әдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің ара қатысы әлденеше рет өзгерді, салықтардың мөлшерлемелері түзетілді және т.т.

Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толықсәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механзмі мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады, бұл- қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.

Қаржы қатынастары көрнісінің экономиканы басқарудың деңгейіне қарай неғұллым толық нақтылануы мүмкін. Сондықтан анағұрлым нақтылы нысандар – басқару тұтқалары қолданылады: мысалы, кірістерде қосылған құнға салынатын салық, акциздер, табыс салығы, мемлекеттік мүліктен түсетін табыстар, ренталық төлемдер және т.т., шығыстарда – экономикаға, әлеуметтік- мәдени мақсаттарға, (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, қамсыздандыру және басқалары, ғылымға, басқаруға) жұмысалатын шығындар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінеде- фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы қатынастарын реттеу үшін басқарудың нақтылы нысандары мен әдістерінің сан алуан түрлері қолданылады.

Шаруашылық және қаржы механизмдерінде қаржы-экономикалық нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер – шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлері, лимиттер- ресурстарды пайдаланудың шеткі мөлшерлері қаржылық жоспарлауда пайдаланылады. Олардың көмегімен жалпымемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы ұштасуы, экономикалық және әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, аймақтың, басқарудың салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық құрылымдардың ресурстарға деген қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.

Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты- нарықтық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономикада өндірістік құрал- жабдықтарды жақсы пайдалануда кәсіпорындардың ынталылығын арттыру үшін ерекше қаржы әдістерін қолданудың, олардың қаржы қызметін қатаң реттемелеудің қажеттігі болмай қалады. Нарықтық бәсеке кәсіпорынды өндіріс тиімділігін, қаржыны жоспарлаудың сапасын арттыру, қаржы ресурстарын пайдалануға қаржылық бақылауды тереңдету туралы үнемі қамқорлық жасап отыруға итермелейді. Ол кәсіпорындар табысына салық салу, қосымша салықтар енгізу, азаматтардың табысына салық салу, мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық келісімшарттарды, шығарылатын өнімдердің параметірлерін бұзғаны үшін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарын сақтамағаны үшін салынатын қаржы санкциялары қатайтылады. Бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындамағаны және толықтау орындамағаны, табысты және басқа салық салу обьектілерін жасырып қалғаны үшін санкцияларды мемлекет күшейтеді. Аудиториялық қаржылық бақылау кең қанат жайып келеді.

Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатымен әлеуметтік сала мекемелері мен ұйымдарында жаңа шаруашылық механизмі енгізілді.әлеуметтік сала мекемелеріне ақылы қызметтер көрсетуге, алған табыстарын өзінше жұмысауға құқық берілген. Мемлекеттік бюджет кірістерінің қалыптасуы салықтық негізге көшірілді, бюджет шығыстарының құрылымы мен қаржыландыру жүйесі қағидалы түрде өзгереді.

Нарықтық қатынастардың дамуы, басқарудың әдістерін жетілдіру мүлікті және өмірді сақтандыруды ұйымдастыру мен басқару саласында оң нәтижелерге жеткізді: кооперативтік сақтандыру дамуда, акционерлік сақтық қоғамдар пайда болуда; сақтандырудың міндетті және ерікті нысандары арасындағы ара салмақ өзгеруде. Сақтық механизмді жақсарту сақтандырушыларға сапалы қызмет көрсетуге, сақтық ісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

4-Тақырып ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны

  2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері

  3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы- бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Шаруашылық субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін ететін көзі- қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессініңнегізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-комуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Экономикалық реформалар барысында пайд болған мемлекеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының- қоғамдардың, ассоциоциалардың, концерндердің, концерндердің, концорциумдардың және тағы сол сияқты көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтарды өзін-өзі басқарумен өзін-өзі қаржыландыруға көшуге мүмкіндік береді.

Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық- экономикалық ерекшеліктерімен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарының және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке дара ауыспалы айналымының процессінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетінде болып отыр, мұны өзі қаржының ұдайы өндіріс процессінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын анықтайды. Ақшалай қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудыңбасты шарты болып табылады. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процес кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім - ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынғанқаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір ьбөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмұны дай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражттар есебінен жабылатынын анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды роль атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек рксурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақша мен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарымөқатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қатынастрда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады.қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендрілген ақша қатынастарына саяды:

Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивиденттер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады):

өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру, үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;

өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде);

мемлекетпен- бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінд, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;

банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны турінде іске асады);

сақтық органдармен- мүлікті, қызметкерлерді, коммерсиялық және коммерсиялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

жоғары ұйымдармен- ішкісалық қайта бөлу шегінде пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары;

құрылтайшылармен бұл қатынастар құрылтайшылардың жрғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдсын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады және тағы сол сияқты.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

  1. қаржы қатынстарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымның сан алуандығы;

  2. өндірістік құралдардың міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбетумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. өндірістік капиталдар – бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық – заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;

  3. жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

  4. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Сөйтіп шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім өндіріп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.