
- •Зәрлік синдром
- •Нефротикалық синдром
- •Нефритикалық (жедел нефритикалық) синдром
- •Гипертониялық синдром
- •Гипертензия патогенезі
- •Артериальді гипертония асқынулары
- •Тубуло - интерстициальдік синдром
- •Жедел бүйрек жетіспеушілігі
- •Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Қосымшалар
- •Нефрологиядағы клиникалық симптомдар мен синдромдар тақырыбына арналған тест сұрақтары
Артериальді гипертония асқынулары
Артериальді гипертензия өзі екіншілік нефропатия шақыруы мүмкін. Гипертониялық нефропатияның біріншілік белгілеріне микроальбуминурия және протеинурия жатады. Қауіп қатер тобына егде жастағы науқастар, семіздікке шалынған науқастар, қант диабетімен ауыратындар енеді. Бүйрек тамырлары зақымданады, біртіндеп шумақтық фильтрация жылдамдығы төмендейді.
Тұрақты артериальді гипертензия бүйрек тамырларының склерозды өзгерістерін шақырып, екіншілік прессорлық механизмнің белсенуін шақырады. Бұл жағдайда дамитын шумақ ішілік гипертензия бүйрек паренхимасының склерозын дамытады. Артериальді гипертония кезінде бүйрек жетіспеушілігімен қоса жүрек-қантамыр жүйесінің асқынулары дамиды: сол қарынша гипертрофиясы, іркілісті жүрек жетіспеушілігі. Бүйректік анемия жүрек жетіспеушілігін нашарлата түседі.
Артериальді гипертония асқынуларына гипертониялық ретинопатия, энцефалопатия жатады. Үдемелі ретинопатия және нефропатия қатерлі гипертензия кезінде байқалады. ОЛ өздігінен дамуы немесе эссенциальді гипертензия фонында дамуы мүмкін.
Бұл ауру кезінде артериальді гипертония бүйрек тамырларының зақымдануына әкеледі, соның салдарынан бүйрек қан айналымы төмендейді, ал ренин секрециясы жоғарылайды. Сондықтан гипертензия өсе түседі және натрийдің ағзада іркілуі болады. Бүйрек тамырлары эндотелиінің зақымдануы фибринойдты некрозды, тамырлар бітелуін, тіндер ишемиясын шақыруы мүмкін. Тіпті микроангиопатиялық гемолитикалық анемия дамуы мүмкін. Энцефалопатия, өкпе ісінуі, бүйрек жетіспеушілігі анықталады.
Сонымен, артериальді гипертензия балалар мен ересектердегі бүйрек патологиясының болжамын нашарлатады.
Тубуло - интерстициальдік синдром
Өзекше эпителийі мен интерстицийдегі өзгерістер олардың қызметін (мысалы, иондар т.б. заттар тасымалы) бұзады, ол ерекше «тубуло-интерстициалдік синдроммен» білінеді. Бұл- әртүрлі (іштен біткен, тұқым қуалайтын, метаболикалық, иммундық, инфекциялық т.б.) себептерге байланысты дамитын гетерогендік аурулар топтары (5-кесте).
5-кесте. Тубуло-интерстициалдік синдром себептері
Іштен біткен не жүре пайда болатын бүйрек зақымдануы |
Өзекшелер дисфункциясы (тубулопатиялар) |
|
|
Бүйрек өзекшелері мен интерстицийі бір-бірімен тікелей байланысты, сондықтан көбіне олардың қосарланған зақымдануы анықталады. Бірақ жеке «өзекшелер дисфункциясы» да кездеседі. Сондықтани бұл ауруларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа түбінде бүйректегі фиброзға әкелетін өзгерістерді жатқызсақ, екінші топтаөзекше дисфункциясын қарастырамыз (5-ексте). 1-топқа әртүрлі іштен бүйректің құрылысы дұрыс қалыптаспаған (дисплазия) нәтижесінде дамитын аурулар жатады. Оның тұқым қуалайтын (поликистоз, нефронофтиз т.б.), тұқым қуаламайтын түрлері бар. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі түбінде дамиды, бірақ әрбіреуінің даму ерекшеліктері бар. 1-топтағы жүре дамитын ауруларды жалпы «интерстициальдік нефрит» деп атағанмен, себептері, клиникалық ерекшеліктері әртүрлі. Толығырақ жедел және созылмалы тубуло-интерстициальдік нефриттің себептері 6-кестеде берілген.
6-кесте. Жедел және созылмалы тубуло-интерстициальді нефрит себептері
Жедел интерстициальді нефрит |
Созылмалы интерстициальді нефрит |
1. Дәрілік заттар:
2. Инфекционды аурулар 3. Трансплантанттың бітпеу реакциясы 4. Жүйелі қызыл жегі 5. Криоглобулинемия
|
7. Радиация |
Өзекшелер зақымдану механизмі – токсикалық, аллергиялық, өзекшелер бітелуі, иммунды реакциялар, ишемия, трансплантат бітіспеу реакциясы.
Морфологиялық өзгерістер: жедел үрдіс кезінде өзекше жасушаларының деструкциясы және өзекшелер кеңеюі, жасушалар атрофиясы, интерстициальді тін инфильтрациясы, созылмалы үрдіс кезінде интерстицийде фиброз дамиды. Өзекшелер қызметінің бұзылыстары байқалады (зәрдің салыстырмалы тығыздығы, аммониогенез төмендеуі) және бүйректің эндокриндік қызметтерінің де бұзылыстары анықталады (анемия, остеодистрофия).
Тубуло-интерстициальді бұзылыстар және тубуло-интерстициальді склероз біріншілік және екіншілік гломерулярлы аурулар кезінде де дамиды, бұларды ерте анықтау ауру болжамын бағалауға және терминальді созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің даму жылдамдығын шегеруге мүмкіндік береді.
Жедел тубуло-интерстициальді нефрит клиникасында аллергия (бөртпе) және қызба симптомдары анықталуы мүмкін. Кейде ауру симптомдары анықталмайды. Зәрде протеинурия (аз көлемде), эритроциттер, лейкоциттер анықталады. Созылмалы тубуло-интерстициальді нефрит өзекшелер қызметінің нашарлауымен сипатталады. Клиникалық симптомдарының арнайы еместігіне байланысты кейде диагноз биопсиядан кейін ғана қойылады.
Балаларда бүйректің туа пайда болған созылмалы ауруы (бүйрек нефронофтизі, басқа да кистозды және кистозды емес дисплазиялар және цистиноз секілді метаболикалық аурулар) болса, оларда терминальді бүйрек жетіспеушілігіне дейін анемия, остеодистрофия, полидипсия мен полиурия ерте анықталады. Балалар бойының өсуі және дамуы кешеуілдейді, аяқтары қисаяды.
Өзекшелер дисфункциясы – көбіне тұқым қуалайтын туа пайда болатын аурулар, жиі балалық шақта анықталады. Бұл кезде өзекшелердегі тасымалдау қызметі бұзылады, интерстиций зақымданбайды. Оларға аминоацидурия, ренальді тубулярлы ацидоз, Барттер синдромы, фосфат-диабет, нефрогенді қантсыз диабет т.б. жатады (5-кесте). Олар тасымалдаушылар мен ион каналдарының синтезін бақылайтын гендердің мутациясы нәтижесінде дамиды. Мысалы, Генле ілмегінің жуан өрлемелі бөліміндегі жасушаларындағы транспортердің генінің мутациясы салдарынан Барттер синдромы дамиды. Зәрмен көп натрий, калий, су жоғалады. Яғни осы каналдың жұмысын тежейтін диуретик- фуросемидтің әсеріне ұқсас белгілер болады.
Дистальдік өзекшелердегі натрий/хлор тасымалының бұзылуы Гительман синдромын туғызады. Бұл тиазидтермен емдеген сияқты белгі береді. Зәрмен көп мөлшерде натрий, калий, магний жоғалады.
Керісінше, басқа бір ауруда- Лиддель ауруында, иондың каналдың мутациясы натрий мен судың ағзада көп мөлшерде жиналып (гиперволемияға, гипертензияға әкеледі), калийдің азаюына әкеледі. Бұл әсер альдостерон әсеріне ұқсас болғандықтан псевдогиперальдостеронизм деп аталады. Амилорид мутантты каналдарды тежейді, осы ауруды емдеуге көмектеседі.
Антидиуретикалық гормонның V2 рецепторларының дефектісі нефрогендік диабетке әкеледі, басқа каналдар мен рецепторлардың дефектісі көп өзекшелерде жүретін реабсорбция үрдістерін (глюкозаның, фосфаттың, кальцийдің, бикарбонаттың, Н+ -ң т.б.) бұзып, глюкозурия, фосфат-диабет, аминоацидуриялар, проксимальді, дистальді ацидоз және т.б. тубулопатияларға әкеледі.
Фанкони синдромы- бірнеше тубулопатияның қосарланған түрі. Туа біткен және жүре пайда болған көп түрлері бар. Негізгі өзгеріс- проксимальді өзекшенің қызметінің бұзылысы. Барлық өзгеріс спектрі үнемі болмауы мүмкін. Негізгі симптомдары- мтаболикалық ацидоз (бикарбонаттардың реабсорбциясының бұзылуы), глюкозурия, аминоацидурия, урикозурия (зәрмен ураттар жоғалуы), гипоурикемия, цитратурия, фосфатурия мен гипофосфатемия, рахиттік емес остеомаляция. Кейде қосымша тубулярлық протеинурия, гипокалиемия болады. Проксимальді дефект сирек жеке өзі болады (гендердің мутациясы). Көбіне екіншілік синдром ретінде, мысалы Вильсон ауруында (мыстың проксимальді жасушаларды зақымдауы), цистиноз (цистиннің қанда, өзекшелерде көп жиналуы).
Тубулопатиялар сирек кездесетін аурулар. Диагнозын қою қиын, арнайы тексерістерді қажет етеді. Бірінші көзге түсетін өзгерістер- метаболикалық бұзылыстар, себебі анықталмаған ацидоз, гипокалиемия т.б. электролиттер өзгерістері, полиурия және сүйек өзгерістері (рахит, сынық, балалар бойының өспеуі).