
- •Зәрлік синдром
- •Нефротикалық синдром
- •Нефритикалық (жедел нефритикалық) синдром
- •Гипертониялық синдром
- •Гипертензия патогенезі
- •Артериальді гипертония асқынулары
- •Тубуло - интерстициальдік синдром
- •Жедел бүйрек жетіспеушілігі
- •Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Қосымшалар
- •Нефрологиядағы клиникалық симптомдар мен синдромдар тақырыбына арналған тест сұрақтары
Нефритикалық (жедел нефритикалық) синдром
«Жедел нефритикалық синдром» симптомокомплексі мыналармен сипатталады:
Гематуриямен (макро, микрогематурия)
Протеинуриямен (орташа)
Ісіну (жиі орташа)
Артериальді гипертония
Шумақтық фильтрация жылдамдығының тез төмендеуі және азотемиямен
Толық клиникалық-лабораторлық комплекспен бірге кейбір науқастарда тек жекеленген көріністер байқалуы мүмкін. Мысалы шамалы көз астының ісінуі және зәрлік синдром. Ісіну және гипертензия айқын болмай және аурудың қысқаша көрінісі түрінде өтуі мүмкін. Жедел нефритикалық синдромның себебі - инфекция (жедел стрептококктан кейінгі ГН, басқа да инфекциядан кейінгі ГН). Жүйелі аурулармен ажырата білу керек (жүйелі қызыл жегі, жүйелі васкулиттер, Гудпасчер синдромы және т.б.) (3-кесте).
3-кесте Нефритикалық синдром себептері
Біріншілік ГН |
|
Жүйелі аурулар |
|
Жедел тубуло-интерстициальді нефрит |
|
Негізгі симптомдар патогенезі – ісіну және гипертензия ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуінен және су мен тұздың ұсталуынан дамиды (3-сурет).
3-сурет. Нефритикалық синдром патогенезі
Созылмалы гломерулонефрит кезінде біртіндеп шумақтардың зақымдануы баяу түрде протеинурияның өсуіне, гематурияға, артериальді гипертензияға және бүйрек қызметінің төмендеуіне әкеледі (созылмалы бүйрек ауруының 1-ден 5-ке дейінгі сатылары).
Тез үдемелі ГН – шумақ ауруының бір түрі, бұл кезде бүйрек жетіспеушілігінің тез үдеуі, олигуриямен протеинурия және гематурияның қосарласа жүруі байқалады, нефротикалық синдром белгілері байқалмайды. Тез үдемелі гломерулонефриттің морфологиялық белгісіне экстракапиллярлы өзгерістер жатады («жарты ай тәрізді» өзгерістер >50 % шумақтарда кездеседі).
Балалар мен жасөспірімдердегі нефритикалық синдромның ең жиі себебіне стрептококктан кейінгі және инфекциядан кейінгі ГН жатады. Созылмалы ағым кезінде жиі IgA нефропатия анықталады. IgA нефропатия жедел нефритикалық синдром түрінде басталып балалар мен жасөспірімде узақ уақыт бойы гематурия және протеинуриямен көрінуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе (10 және одан көп жыл) бірінші орынға артериальді гипертензия және бүйрек қызметінің терминальді сатыға дейін төмендеуі (СБА 5- сатысы) шығады. Бұл ауру Қазақстанда және басқа да Азия елдерінде жиі кездеседі.
Жедел нефритикалық синдром асқынулары - эклампсия және жедел жүрек жетіспеушілігі, гипертонияның тез өрістеуінен және су мен тұздың ұсталуынан дамиды. Өтпелі азотемиямен бірге олигурия кезінде жедел бүйрек жетіспеушілігі дамып, гемодиализ емін қажет етуі мүмкін.
Тәжрибеде жедел нефритикалық синдромды жарты ай тәрізді зақымданумен жүретін тез үдемелі ГН-тен (бүйрек биопсиясы керек) ажырата білу керек, өйткені бұл аурулар кезінде емдеу жолы мен болжамы өзгеше.