- •Мазмұны
- •Ғаламның тілдік бейнесіндегі ‘Қазақ әйелі’концепцісі
- •1 Ғаламның тілдік бейнесіндегі «қазақ әйелі» концептісі
- •1.1Қоғамындағы «әйел» концептісінің сипатталуы
- •Жақсы әйелдің сипаты:
- •Жаман әйелдің сипаты:
- •1.2«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени сипаты.
- •1.3«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты зергерлік бұйымдарды білдіретін лингвомәдени сипаты
- •1.4«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени сипаты
- •2.«Қазақ әйелі» концептісіне байланысты мақал мәтелдер мен қанатты сөздер
- •2.1М.Шахановтың өлеңдеріндегі «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі
2.1М.Шахановтың өлеңдеріндегі «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі
Көркем туындыларда әйел бейнесін мүсіндеп, әйел сипатын бейнелегенде ұлттық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптық ерекшеліктерімен бірге рухани дүниенің сырлары, эстетикалық сезімдері, ұлттық таным, болмыс, тәлім-тәрбие ерекше орын алатыны мәлім. Сол сияқты Мұхтар Шахановтың өлеңдерінде де «әйел» концептісін білдіретін бірліктердің ұлттық дүниетанымға сай берілгені аңғарылады.
Әйелдер
Не толқытса мұңын тартасың...
Аурухана ауласында сытырлатып картасы
Жанарында әзіл ойнап жарасты
Маған бір қыз бал ашты:
-Науқастан ба ерініңіз кезерген,
Жазыласыз,
Налымаңыз бекер сіз.
Әйтсе де әйел қауымына ежелден
Немқұрайды қарамайды екенсіз.
Сүюді Сіз ерлік деп айтсаңыз,
Онсыз ақын боларсыз ба ой өрген.
Дегенмен Сіз абайлаңыз, байқаңыз,
Бағыңыз да, сорыңыз да әйелден.
-Бәрекелді,
Өркен жайсын талабың,
Сәуегейі сен боп жүрме қаланың.
Бұл бетіңмен цығандарды жұмыссыз
Қалдырарсың, қарағым, -
Дедім күліп. Бірақ қыздың байсалды
Әзіл сөзі маған біраз ой салды.
Дүниеге қан тамырдай тарайтын
Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.
Әйелдерге немқұрайды қарайтын,
Еркекті мен санамаймын еркек деп.
Қай кезде де сұлулықтың жолы – мұз.
Әйел біздің әзиз байлық қорымыз.
Әйел біздің тағдырымыз,
Тағдырымыз болған соң
Белгілі ғой, бағымыз не сорымыз.
Хас сұлулық әлсіздердің қызғанышын маздатқан,
Ал қызғаныш құрды деп кім айта алады аз қақпан.
Бір әйелге бола кейде ел менен ел жауласар,
Жер жастанған боздақтар.
Оған куә анау төбе тампиған
Анау шыңдар құлақтары қалқиған.
Сан ұрпаққа тұлға болған ақындар
Бір әйелдің намысы үшін жан қиған.
Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске.
Жалын болып жылу болмау,
Әйел болып сұлу болмау
Табиғатты алдаумен тең емес пе?
Гүлзар әйел қауымына сұлулықсыз бақ қайда,
Шын сұлулық тереңдікте жатпай ма?
Қайырлатқан кемесін талай ердің
Саяз көлге шашылмаған шұғылаң.
Тереңдігі жоқ әйелдің
Қорқу керек сыртқы сұлулығынан.
Әйел – еркек намысының қорғаны.
Нағыз сұлу әйел табу –
Бүкіл еркек атаулының арманы.
Нағыз сұлу әйел үшін қажет кезде жан қию,
Бұл – жігіттік кодекстің жазылмаған тармағы.
Бірақ, бірақ талайларының бақыты алыс, сорынан,
Бұл кезе келген бөріктінің келе бермес қолынан.
Еркек семсе азаматтық семеді.
Маған ерлік үлкен күшке келеді.
Маған ғашық бір әйел бар.
Ол әйел
Менде сондай күш барына сенемін[28, 38-39 бет]!
Осылай Мұхтар Шаханов ағамыз «әйелдер» өлеңін біздерге паш еткен. Шыныменде әйел заты Астанадағы ауа райы деп айтсақ қателеспеспіз. Өйткені әйел адамзаты әлі зерттелеіп бітпеген, ашылмаған роман сияқты.Барлық құбылыс, барлық мінез ол әйелден шығады. Әйел адамзатына, нәзік жанды аналарға немқұрайлы қарамауымыз керек, әсіресе еркектен ешқашан беймаз болмауы керек. Қандай болмасын еркек нәзік жандыларымызды ренжітпе, сөздерін елемесе, немқұрайлы қараса, онда ол еркекті еркек деп айту қте қиын. Әйел біздің тағдырымыз, тағдыр болғаннан кейін белгілі жайт ол сенің бағың ба яки сорыңба, сондықтан жар таңдайтын алдында ең бастысы ақылдысын таңдап ал. Сан ғасырласдың өзегінде қанша хас батырларымыз айдай сұлу қыздарымыз үшін қасық қаны қалшанша шайқасқанын білеміз. Оған куә біздің Қозы мен Баянымыз, Еңлік пен Кебегіміз, Ләйлі мен Мәжнүніміз және де басқалары.
Жанерке
Сонау – сонау Алматыдан алып-ұшып хат келді,
Хат келді де Бапа апайға бір қуаныш ап келді.
Секілденген жанарыңның ағы менен қарасы,
«Демалысқа барып қайтам», - деп жазыпты баласы.
Шүкір-шүкір, жалғыз ұлы қазір елге мақтаныш,
Ержетті де, арман қуып туған жерден кетті алыс.
Алыс кетсе, несі өкініш, көңіл көгі аршылар,
Көңіл көгі аршылар да намыс атын қамшылар.
Кәне, кімнің аузы бармақ жас жігіттің от кеуде,
Туған жерге деген гүлзар махаббаты жоқ деуге.
Күннен-күнге дарынының ашылғанлай бұлағы
Өлңдері газеттерден күле қарап тұрады.
Ана соған мәз болғандай жанарына жас алып,
Жайлауына жаз қонғандай қалады бір жасарып.
Қызғалдақтай сымбатына көрген адам қызығар,
Қызылқұмнан көшіп келген көрші үйдің жас қызы бар,
Нр жігітке оңайлықпен ұстатпайтын мұраттай,
Сыңғыр-сыңғыр шат күлкісі таудан аққан бұлақтай,
Саттар жырын сақтайтұғын қиып ап ол газеттен,
Сонан кейін анаға кеп жатқа айтатын кезекпен.
Шіркін, ана қондырғандай арманының таң құсын,
Жыр оқыған жәудір көзге жаудыратын алғысын.
«Қандай жайсаң әсем тұлға, қандай нәзік гүл көңіл,
Маған-дағы нақ осындай керек еді бір келін».
Деп өзінше игілікті ойға шомып ана бір
Қарсы отырған бойжеткенге қадайтұғын жанарын.
Ал бойжеткен сыр бермейтін мұндай қиын шақта да
Үндемейтін, төмен қарап күлімдейтін тек қана.
Үш күн өтті Саттар туған ошағына келгелі,
Үш күн бойы ескі досы кітап болды ермегі.
Сәл кідірсе жастық шағы балақ түріп қашардай,
Терең тарих айдынына үңіледі бас алмай.
Ана байғұс көзбен бағып ұлының қас-қабағын,
Бәйек боп жүр: - Жүзің солғын, жүдеусың ғой, қарағым?
Жай ғой, апа, мазаланба! – деп бір ауық тосылады,
Бойын ауыр сырқат меңдеп жүргендігін жасырды.
Кенет есік ашылды да үйге бір жас қыз кірді,
Асау тайдай әлі ешкімге ұстатпаған тізгінді.
-Кел, Жанерке,
Кел, жарығым, Қане төрлет,
Тоқтама,
Жақсы келдің, айналайын! – деп қалбақтап жатты ана.
Бұрын ылғи жырын мақтап шулатушы ең құлағын,
Енді өзімен танысып қой, ағаң мынау, шырағым!
Танысты олар. Сол таныстық сыйластыққа ұласты.
Апта өтпей-ақ қос кеудеден қимас сезім гүл ашты.
Атқан таң мен батқан күннің бәрі есіңде тұра ма?
Бірақ бұл күн ұмытылмас, ұмытылмас, сірә да.
Саттар қызға жыр оқыды, от ұшқындап көзінен,
Ертең сапар. Анасын да ала кетпек өзімен.
Қоштасарда Жанерке де жанарына жас алды,
Бойын бірақ нық ұстады өрлігімен қашанғы.
Сосын жақын туысындай бауыр тартып Саттарды,
Көңіліне ұя салған бір мақсатын ақтарды:
-Мектепті де бітірер кез таяу қалды, жан аға,
Жазға таман оқу іздеп барсам деймін қалаға.
-Тіпті ғажап! – деді Саттар жанғандай бір арманы
Күтіп алам, келеріңде хабар берсең болғаны.
Қыз қуана бас изеді, албырады гүл өңі,
Бір белгісіз сағыныштан тулағандай жүрегі.
Атқан таң мен батқан күннің бәрі есіңде тұра ма,
Жаздың ерке сол бір кеші ұмытылмас, сірә да
Асығады поезд алға ойнап ерке желменен,
Сол поезда қыз келеді бақытына шөлдеген.
Қиялына атар таңнан таң – тамаша күй еніп,
Кең далаға көз тастайды терезеге сүйеніп.
Сан ғасырдың жауынымен, дауылымен алысқан
Қожа Ахмет ескерткіші қол бұлғайды алыстан.
Қалып жатыр қыр-адырлар ұлан-ғайыр аумағы
Қазғұрттың қарт тауы мен Түлкібастың баулары.
Әне, анау Алматының Алатауы ақ қарлы,
Қыз тағы да күлімсіреп есіне алды Саттарды.
Бұл сезімнің мүмкі емес алдамшы әсер юолмағы,
Бәлкім, қазір мені күтіп тұрған шығар ол дағы.
Вокзал басы. Жадырайды асқақ қала алмалы,
Бірақ мұнан Жанеркені ешкім күтіп алмады.
Көңілсіздік көлеңкесі жүзін бүркеп шырайлы
Өмірінде тұңғцш рет нақ осылай мұңайды.
Енді бір сәт алысқандай қыз өзінің ойымен
Жоғары өрлеп жүре берді кең көшенің бойымен.
Тұрып қалды, салғырт жүріп барды-дағы шамалы,
Қарсы алдынан қалың жиын келе жатты қаралы.
Қалың жиын келе жатты жүректері жаралы,
Оркестрдің зарлы даусы мұңға бөлеп қаланы.
Ал Жанерке назар салмай тұара берді бұған да,
Тұра берді, басы айналып адасқандай тұманда.
Неге, неге кешікті екен, Саттар қайда жаны асыл?
Жырларымен тербететін қазақтың кең даласын.
Саттар қайда, шынымен-ақ, қыз көңілін ұқпай ма,
Қайда сол бір мейірімді жан, күліп алдан шықпай ма?
Амал қанша, сүйіктісі алыс жолдан келгенде,
Туған елі оны әкетіп бара жатты жерлеуге...
Қой, Жанерке,
Ұзақ таңға өкси берме,
Тыным ал.
Сенің қасіретіңді дәл өзіңдей кім ұғар[29, 69-72 бет]?
Өлең шумақтары қандай ұлылықпен жазылған. Махаббат екі ғашық жандыларды біріктіретін. Өлең жолдарына тоқталатын болсақ, бұл жерде ең бірінші ана махабаты. Ана махаббаты ұшаң теңіздей, мұхиттың таусылмайдын мөлдір суындай. Ол шексіз. Ана – ол сенің қамқоршың, тірегің, аяулы да ардақты жан. Ананың махаббаты лаулап жатқан оттан да ыстық. Ал Жанеркенің махабаты ол кішіксіз аса бағалы. Ол алғашқы махаббат. Алғашқы махаббат ұмытылмас, кір жұқпас болып келеді. Сол алғашқы махаббаты қадірлеп қастерлеуіміз ерек.
Қазіргі таңда Мұхтар Шаханов ағамыздың поэзияларын Қазақстанның кереметтей әншілерің орындалуында естейміз. Оған дәлел: «Ақ бантик», «Жұбайлар жыры», «Айналайын», «Бақытты бол», «Қуаныш вальсі», «Кешікпей келем деп ең».
Ақ бантик
Балауса қыз едің бір кезде,
Шашыңа ақ бантик байлаған.
Өзгеріп кетіпсің бұл кезде,
Көркіңе көз тастап ойланам.
Нұрлы бейнең қандай жарқын,
Арманымсың қандай жанның,
Шынарым-ай,
Сен мөлдірсің, еркем,
Тау бұлағындай.
Жол жатыр шақырып алдыңда,
Өмір тұр ұсынып шаттығын.
Білмеймін, бойжетіп қалдың ба,
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін.
Жылдардың еркіне бағындың,
Жылдарға қол создың жан құрбым.
Белгісін балалық шағыңның
Айтшы сен, қай жерде қалдырдың[30, 201 бет ]?
Өлеңнің мазмұны терең. Қазіргі заманға сай жалзылған деп білеміз. Қазіргі қыздарымыз, бойжеткендеріміз бастауыш сыныптарды ғана киеді де 5 – ші сыныптан бастап «мен бойжеттім» деп киіну мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, бәрі өзгере бастайды. Бантик қазір сәнен қалған деп ойлайды. Бірақ біздің пайымдауымызша бантик ешқаншан сеәннен қалмайды, керісінше қыздың ең сәнді киім үлгісі болып табылады.
Қорытынды
Сонымен, зерттеу жұмысы бойынша мынадай қорытындыға келуге болады:
Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай «концепт» терминіне берілген анықтамалар да алуан түрлі.
Концептінің не екенін білеміз. Концепт – қарапайым тімен айтқанда ұғым деген мағынаны білдіреді. «Концепт» терминін тіл аясындағы мәселелерге қатысты пайдалануды өткен ғасырдың бірінші жартысында тұңғыш рет орыс философы С.А.Аскольдов ұсынған. Ол «Концепт и слово» атты еңбегінде концептіні былайша ұғындырады: «...мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли неопределенное множество предметов одного и того же рода».
Осымен сабақтастырып, В.З.Демьянков, Ю.С.Степанов ұғым мен концептінің аражігін ажырата қарастырады. Осы тектес концепт туралы пікірлердің ішінен қазіргі кезде көптеген ғалымдар тарапынан қолдау тауып, ғылыми тәжірибеде қолданылып жүрген – А.Вежбицкаяның анықтамасы. Ғалым концептіні адамның әлем туралы тиянақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде таниды.
Ал мәңгілік зерттеудің шегіне жетпейтын ауыз толтырып айта беретін, өшпейтін концепттің бірі – әйел. Қазақ әдебиетінде көркем шығармаларда әйел концептісін зерттеп көрсеткен. «Қазақ әйеліне» келетін болсақ бұл жерде «әйел» сөзінің концептцісін анықтадық. «Әйел ибалы, инабатты,шыдамды, көркіне көз тоймайтын, еңбекқор, парасатты, суйіспеншілігі мол, қайратты, ертеңін ойлай білетін, кішіпейіл, саң ғасырлық рухани құндылықтарымызды, бесік жырымен туған тілімізді аялаулы ақ сүті арқылы берілген аса қадірлі де қамқоршымыз, ақ жаулықты аналарымыз. Біріншіден, әйел – әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы, өмірге әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, тәрбие беруші, дәстүрлі құндылықтарды өндіреді, соған орай әйел– ана, әйел – әдемілік, әйел – нәзіктік, әйел – сұлулық, әйел – сезімталдық, әйел – сыпайылық, әйел – әдеп, әйел – үйлесім, әйел – жарасым, әйел – тардымдылық, әйел – кішіпейілілік, әйел – инабаттылық, әйел – ақылшың, әйел – гүл, әйел – арың мен намысың».
Қорыта айтқанда, ақ жаулықта аналарымызды, жарқын жүзді әйелдерімізді, бойжеткен қыздарымызды қадірлей білейік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
http://genhis.philol.msu.ru/article_120.shtml
Аханов «Тіл біліміне кіріспе» 38 бет
Байғұтова Ақлима Мархабатқызы Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 7-8 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 8 – 13 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 72 – 73 бет
Шығармалар жиынтығы. І том, 326 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 76 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 88,106 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 178,182,192 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 264, 266 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 336, 338 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 340 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 341 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 341 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 342 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 344-346 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 347 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 348 бет
«Қыз Жібек»,1963 8-б.
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 350 бет
Хинаят Б., Сужикова. Қазақ халқының ұлттық киімдері 2007 жыл 351 бет
С. Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 2007 жыл 6 бет
С. Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 2007 жыл 12 бет
С. Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 2007 жыл 20бет
Ұ. Асылов, Т. Жұмажанов, Ғ. Бейсенбаев «Қазақ әдебиеті хрестоматия»Алматы «мектеп» 2005 жыл 9 сынып 11 бет
http://kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6558&Itemid=36
http://kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6558&Itemid=36
М. Шаханов «Жаңа қазақтар» Алматы «Білім» 2000 жыл 38 бет
М. Шаханов «Жаңа қазақтар» Алматы «Білім» 2000 жыл 69-72 бет
М. Шаханов «Жаңа қазақтар» Алматы «Білім» 2000 жыл 201 бет
