- •Мазмұны
- •Ғаламның тілдік бейнесіндегі ‘Қазақ әйелі’концепцісі
- •1 Ғаламның тілдік бейнесіндегі «қазақ әйелі» концептісі
- •1.1Қоғамындағы «әйел» концептісінің сипатталуы
- •Жақсы әйелдің сипаты:
- •Жаман әйелдің сипаты:
- •1.2«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени сипаты.
- •1.3«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты зергерлік бұйымдарды білдіретін лингвомәдени сипаты
- •1.4«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени сипаты
- •2.«Қазақ әйелі» концептісіне байланысты мақал мәтелдер мен қанатты сөздер
- •2.1М.Шахановтың өлеңдеріндегі «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі
2.«Қазақ әйелі» концептісіне байланысты мақал мәтелдер мен қанатты сөздер
Әйел адамына қатысты концептіні Абай атамыздың қанатты сөзімен бастағымыз келіп тұр. «Әйел адам - гүлмен тең», шынында да әйел адамы ол–гүл. Өзің гүде суырып, гүлдердегі жапырақтардың шаңын сүртіп тұрсаң, сіздің гүліңіз ешқашан солмайды. Өзінің ертен жемісін береді солай емес пе? Қызды гүлмен теңеу өте оырынды деп санаймыз. Қыз да гүл сияқты. Қызды туылғанынан ибалыққа, кішіпейілділікке, тәртіптілікке үйретсең ертен ол да өз балаларына сол тәрбиені береді. Гүл неге солады? Өйткені ешкім оған қарамаса, баптамаса, гүл солмағанда кім солады. Қыз да сондай. Егер оған ешқандай тәрбие бермесең, үлкенді құрметтей алмаса ол солған гүлмен парапар.
«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім»[26]. Әйелдің көзі шынында да тартымды. Әйелдің көзіне қарасаң оның қандай адам екенін, ойында қандай бақыт яким мұң барын білуге болады. Көздің қарашығына қарасаң көзің тоймайды, дүниені ұмытып кетесің. Оның қарашығына ештеңе тең келе алмайды.
« Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге - аю, балаға - қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын[27]».
Әйел таңдап алғанда ақылы көркіне сай болу керек. Ақылды әйел алсаң ол нұр үстіне нұр болар. Өйткені ақылды әйел сенің жеке кеңесшің, серігің, досың және егізің деуге болады. Ақылды әйел өз жарын құрметтеп, айтқан сөздерін екі етпесе, жары жағынан туысқандарына өз туыстарындай, жақындарындай қараса керемет қой. Бұл жерде мына мақалды еске түсіре кетсек: «Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді». Түсіндірмесе де анық деп ойлайсыз.
Бұндай жағдайлар қазіргі таңда өте көп кездеседі. Салыстыра қарасақ қазіргі қазақ әйелдерінің армандары, мансаптары, мақсаттары, өмірге деген көзқарастары. Ал осыдан 3-4 ғасырлар бұрындағы қазақтың нағыз әйелдерін алатын болсақ олардың міндеттері «Отбасы ошақ қасы» болған. Қазіргі жаһандару заманында әйелдер еркектерден биік болып кетті десек қателеспес едік. Өйткені әйелдер ең алдымен оқу дейді жарайды оқуна көндік әр адам мамандырылған, көзі ашық болу керек. Жоғарға оқу орынан кейін олар жұмыс істейік лауазымды адам болайық дейді. Жарайды оғанда көндік. Бір – екі жыл жұмыс істесін ары қарай отбасыла, балалы болу керек. Жоқ, олар ары қарай мансап қуып кетеді. Сондықтан 25- 30 астан қызды ешкім алғысы келмейді отырып қалған есебінде қалады. Қазақ әйелдерінің басты мақсаты – отбаса.
«Келін қайын енесінің топырағынан жаралады». Осы мақалдың астарында өте терең мағына жатыр. Қазіргі заманда бұл өте күрделі мәселе. Кайынене ол сенің екінші анаң. Оны анаңдай құрметтеу керек, сенің жан-жарыңның анасы, сенің жарыңды түниеге алып келген қасиетті ана. Сондықтан сен оны қастерлеп, құрметтеп, өз анаңдай аялауың қажет
« Әйел көркі –шүберек». Иә, бұл мақалмен келіспеуге мүмкін емес. Әйелді әйел қылатын, өзінің табиғи Алла тағаланың берген ажарына қосылған, сол көрікті жандандыратын ол – шүберек.
