Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рысбек Акмарал ПД(к)-101 ғылыми жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
73.03 Кб
Скачать

1.4«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени сипаты

Қ.Қаирбаева тілде мәңгілік ақиқатты көрсету үшін қолданылған мәдени символдардың көп өзгерістерді бастан кешіріп ұжымдық санадағы образдарға айналатынын айтады. Олар этностың дүниетанымын, өмір сүру ерекшелігін, талғам-танымын көрсететін рухани мәдениет негізі – салт-дәстүр, әдет- ғұрыптардан анық көрінеді .

Белгілі бір ұлттың дүниеге көзқарасын, өмір сүру ерекшелігін, талғам-танымын, ұлағат-өнегесін оның рухани мәдениет үлгілерінен – салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан көруге болады.

Тікелей «қазақ әйеліне» қатысты салт-дәстүрлер өте көп, олардың санына жете алмаспыз. Солардың ең негізгісіне тоқтала кетсек.

Қыз айттыру

Қыз айттыру бұл дәстүр. «Қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім деген ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді». Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойлатырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Бұл жолдың да түрлі ереже,тәртіптері бар.Егер балалар (ұл,қыз ) жас болса,тіпті іште жатса да ерте келіп сөз байласады. Олар алдымен іште жатқан балаларын бір-біріне (әрине бірі ұл ,бірі қыз болса) қосу туралы келіседі. «Атастыру» деген осы. Мұны « бел құда »дейді. Бесікте жатқан баларды атастыра «бесік құда» дейді .Кейде қыз алған құда енді сол үйге өз қызын беретін болса мұны « қарсы құда »дейді. Бұрын құда болған кісілер құдалықты тағы жалғастыратын болса оны «сүйек жаңғырту » деп атайды. Қыз бойжеткен, ұл ержеткен жағдайда екі жаста қосу «құда түсу » арқылы жасалады.

Қазақтың ертеден белгіленген заңы бойынша жеті атадан бері қыз алыспайды. Некелік ережеле әйел күйеуден 8 жас, еркек әйелден 25 жас үлкен болса қосылуға рұқсат етілмейді. Әрине әмеңгерлік жолда бұл шектеуге қарамайтын жайлар да бола береді. «Қыз айттыру», баталасу жас отаудың беріктігін, сенім мен сыйластықтың негізін [22, 6 б.].

.

Қалың мал

«Қалың мал» дәстүр, кәде. «Мен ат-тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой». Құда түсу ресімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл – қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесіне мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. Бұл істе әркім өз шама-шарқына дәрежесіне әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық[23, 12 б.].

Қазірі заманымызда ХХІ ғасырда қалың мал дәстүрін бүкіл Қазақстанның қалалары ұстамайды. Қазақстанның Республикасының Оңтүстік Қазақстан Облысына ғана тән болып есептелінеде.

Сәукеле кигізу

Сәукеле кигізу – салт. «Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар-жар-ау». Өмірде қазақ салт-дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде әйел киімдерінің қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол – бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші[24, 20 б.].

Сыңсу

Сыңсу – салт. «Халқымызда тұрмыс-салт жырларының ең көп тарағандарының бірі – сыңсу». Ұзатылған қыз босағасынан аттанар алдында ағайын-туғандарын аралайды. Былайша айтқанда қоштасады. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсіоудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді. Ондай өлең жолдарын сыңсу дейді.

Алтын да менің босағам,

Аттап бір шығам деп пе едім.

Күміс те менің босағам,

Күңіреніп бір шығам деп пе едім.

Базардан келген кеселер,

Шай суындай еселер.

Енді айналып келгенше,

Хош-есен бол, шешелер.

Қарадан қамзол пішіңдер,

Жібектен арқан есіңдер.

Енді айналып келгенше,

Хош-есен бол, шешелер.

Қаладан келген ақ мақта,

Бұлғақтап өстім оң жақта.

Айналайын, екем-ау,

Қолыңды жай бер бата[25, 11 б].–

деп өзінің өтінішін де айта жүреді.