Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рысбек Акмарал ПД(к)-101 ғылыми жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
73.03 Кб
Скачать
  1. 1.1Қоғамындағы «әйел» концептісінің сипатталуы

  2. Біздің қазіргі заманымызды алатын болсақ әйел үстемділігімен еркек үстемділігі бір, қатар жүреді. Осыдан бірер ғасыр бұрын әйелдердің міндеттері мен қызметтері өз бастарына жетерлік. Мысалы өткен ғасырдалдағы қазақ әйелдері мен қазіргі заманға сай қазақ әйелдерін салыстыра қарасақ, қазіргі әйедtлеріміз еркек шора деп айтсақ қателеспейтін сияқтымыз. Өйкені қазіргі заманға сай әйелдеріміз тәкаппар, өзімшіл келеді. Әйелдердің ауыздарынан темекі түспейді, шалбар киіп, еркектердің көліктерін астарына мініп еркектерден еш айырмашылығы жоқ. Иә, қазақ қыздары дамысын, әлемге өздерін паш етсін, бірақ өздерінің орындарын білу керек. Өйткені әйел болмысы еркектің аяғынан емес, еркектің басына емес, еркектің қабырғасынан жаратылған. Адамзат тарихында еркек пен әйел бір – бірлерін толықтыру үшін жаратылған.

  3. Біріншіден, әйел – әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы, өмірге әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, тәрбие беруші, дәстүрлі құндылықтарды өндіреді, соған орай әйел– ана, әйел – әдемілік, әйел – нәзіктік, әйел – сұлулық, әйел – сезімталдық, әйел – сыпайылық, әйел – әдеп, әйел – үйлесім, әйел – жарасым, әйел – тардымдылық, әйел – кішіпейілілік, әйел – инабаттылық, әйел – ақылшың, әйел – гүл, әйел – арың мен намысың... деп танимыз.

  4. Жақсы әйелдің сипаты:

  5. Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ,

  6. Қасыңа шақырғанда келсе зулап.

  7. Дауысы «әу» дегенде әрең шығып,

  8. Кеудесі еңкейгенде етсе бұғақ.

  9. Қара қас жазық маңдай, қара сөзді,

  10. Мінезі майдай еріткен қорғасындай.

  11. Келсе де ерте-кешті бір мінезді,

  12. Жүзінің ақ аралас,қызыл беті.

  13. Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті,

  14. Болған да тісі аппақ, пісте мұрын.

  15. Ауызы қалжың сөзге болса епті,

  16. Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды.

  17. Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған,

  18. Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,

  19. Тап-таза үйдің іші сыпырылған.

  20. Жігітке адал жүріп болар серік,

  21. Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.

  22. Білгізбей бар болса да , жоқ болса да,

  23. Ол бір марал тұрғыны қасын керіп .

  24. Екіншіден, әйел – төменгі әлемнің, күнәның, опасыздық пен жамандықтың, ретсіздіктің символы.

  25. Жаман әйелдің сипаты:

  26. Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,

  27. Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.

  28. Ілмелеп, салған жерден кекесін деп,

  29. Қылады ұрыс – жанжал сөздің артын.

  30. Кетеді таң атқан соң өсек бағып,

  31. Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,

  32. Жүреді теріс қарап жылмың қағып.

  33. Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап,

  34. Былшылдап ел көсінше байын талап.

  35. Таусылды қант пен мейіз, ет пен шәй деп,

  36. Қонағын қыстай келген бәрін салап.

  37. Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,

  38. Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып.

  39. Тазалық үй ішінде болмаған соң,

  40. Бойыңда қадір – баға қалар нағып.

  41. Орамал жерде жатыр кірі батпан,

  42. Салдырап аяқ – табақ қирап жатқан.

  43. Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа,

  44. «Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан.

  45. Шынында да барлық жаман істе, жақсы игілерде әйелдің қолында. Ер адамдарды құдайындай сыйлайтын болса, өзінің жақындарына теңдікпен, кішілікпен қарайтын болса бұдан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл жерде дәстүрлі қазақ дүниетанымында тұлғалықты, даралықты білдіретін төл категориялар бар. Осындай ұғымға «тектілік» жатады. Тектілік ерге де, әйелге де, байға да, кедейге де тән қасиет. Ол кез келген адамда болмайды.

  46. Әйел болашақ ана, сенің балаларыңның қамқоршысы, тәрбиешісі. Қандай рахат, жұмыстан келгенде тамағың тоқ, киімің бүтін, үйің таза болғанға не жетсін.

Бұл жерде жаман әйелді қанша сынасаңда, қанша үйретсеңде, миына тоқып берсеңде сенің сөзіңді елемес. Адамға ең керегі – сана. Ең бірінші қасиет адамды хайуаннан айратын ол – сана. Бұл тұлғаның әлеуметтену үдерісінде қалыптасады. Сана индивидтің әлеуметтенуіне және қоғамның әлеуметтік өміріне қатысуы үшін қажетті білім, тәжірибе, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, мінез‑құлық қалыптарын игеруге мүмкіндік береді. Екіншісі, кең мағынадағы еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы-тұрмыстық қызмет түрлері.Сондықтан жаман әйелдің санасы болмаса ол ангімені ары қарай жалғастырудың қажеті шамалы. Санасыздық надандыққа алып келеді. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

1.2«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени сипаты.

Киім – денені ауа райының, сыртқа ортаның зиянды әсерлерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы.

Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайы мен этникалық ортасы туралы мағұлмат беретін әтно мәдени белгі.

Ұлттық киім – бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет – ғұрып, салт – дәстүр, халықтың хал – ахуалынан кең көлемде жан – жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешумен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді.

Киімдердің етек – жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою – өрнек элементтерінен салу, үкі тағу, жын – перілерден, пәле – жаладан, ауру – сырқаудан қорғайды, магиялық күш әсер етеді деген сенімен туған.

Қазақтың киімінің тәуірін ежелден қыз – келіншектер киген, әшекейдің де ең асылын осылар таққан. Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпент, қамзол, қынама бел киімдер, бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар бастарына кәмшат бөрік, сәндеп өрнектеген ақ шыт орамал тартқан.

Әсіресе ұзатылатынқызды үлдемен – бүлдеге ораған. Гр Андреев өзінің 1915 жылдары жазған «Киргизский той» деген еңбегінде былайша суреттеген:  «Киімнің ең жақсысы қалыңдықтың үстінде. Желбіршекті жібек көйлекпен, барқат қамзолдың сыртынан кигені жібек көк бешпент, иығына жамылғаны парша шапан. Қос бұрымында сылдыраған күміс шашбау, басына майда күміс теңгелермен әшекейленіп, төбесіне үлбіреген үкі қадалған«қыз қалпақ». Қыздың ұзатыларда киетін киімі қымбат маталардан тігілді. Асыл тастармен, моншақталған желегі бар сәукеле – қыздың он жақта отырғандағы баскиімі. Күйеуінің ауылына жеткен соң басына жаулық салынады».

Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киген. Жас келін үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегіменкөлегейлеп, яғни иба көрсеткен. Бірнеше балалы болып, әлеуметтік статусы бекіп болған соң кимешек, шылауыш киген. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе, күйеуі барлығын,ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсеткен. Шылауышты кимешектің үстінен тартқан. Әйелдер ьері бұлғары мәсі, кебіс киеді. Қыста әйелдер ішік киген. Қазақ әйелі ұзын жең, кең етек көйлек кигенімен бет – жүзін тұмшаламаған. Әйел киімдерін әшекейі мен ажары жағынан қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деген төрт топқа арнап тіккен[4, 8-13 б].

Әйелдердің баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық,желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі, қасаба, бүркеніш,шылауыш және тағы басқасы.

Қазақ әйелдерінің баскиімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бір – біренен көп ерекшеленіп отырған. Жаздыгүні қыздар түрлі түсті жібек, барқат, мақпалдап тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тақия кисе, қыс маусымында ауқаттылар кәмшат бөрік киген.

Сораба – қыздар киетін тақия тәріздес баскиімі. Кәдімгі тақиядан айырмашылығы артында салпыншағы бар, қабырғасының айналасына шашақ тағылады, бақсылардың баскиіміне, күләпараға, сәукелеге ұқсас солардың элементтерін қамтыған баскиім. Қыздарға көз сұқтан сақтану үшін «ырымдап» кигізеді. Содан да: «Қыздар киер сорабы, салбыратып шашағын, жаман жігіт бүлдірер өз отбасын, ошағын», деген халық өлеңінен үзінделер кездеседі.

Бөрік – аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп,жұқа жү не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін бас киім. Оның жазғы, қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жеңіл етіп тігіледі. Қыстық бөрік астарына жүн, мақта сыпырып салып, барқат, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады.

Қазақтың жар – жар, сыңсыма айту, т.б. ғұрыптарында қыздардың айтатын:

Бөркім, бөркім, бөркім – ай!

Басыма киген көркім – ай!

Ертен жатып кеш тұрған,

Үйдегі менің еркім – ай!

жолдарынан бөрікті тұрмыс құрмаған жас қыздар да кигендігін байқатады[5, 72-73 б].  

Жарасқан келбетіне қарқарасы

Сұлуға әркімнің-ақ бар таласы.

(Халық әні)

Қазақта сирек те болса кездесетін баскиімнің ерекше түрі – қарқара. Ш. Уәлиханов еңбегінде: «Қыздардың басында төбесіне құс қауырсыны қадалған сұлтан киетін баскиім болыпты», дейді. [6, І том 326 б.]. Атау тек баскиімге ғана емес, қазақ тұрмысындағы басқа заттарға, атауларға қатысты көп айтылады: нарға теңделетін көркем жүксандық; таулар ішінде ерекшеленіп тұратын шоқы, биік сұңғақ адам, зат. Оны тек қыздар ғана емес, сұлтан, төрелер, сондай-ақ хан балалары да өзге жұрттың балаларынан ерекшеленіп жүру үшін қадаған. «Ол сол асқа су төгілмейтін жорға таймен хан баласы киетін қарқаралы бөркін киіп сәнденбек еді»[7].

Қазақ әйелдеріне тән ерекше киім – кимешекті ақ мата, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп, сан алуан түрмен әшекейлеп дайындайды. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер киеді. Салт бойынша кимешекті келіншек балалы болғаннан кейін киеді. Бұған келіншек өзі де дайындық жасайды. Кимешек негізінен екі бөліктен тұрады. Төменгі бөлігі – кимешек, кимешектің жоғарғы бөлігіне жаулық оралады.

Кимешектің әшекейі әйелдердің жас ерекшеліктеріне қарай біртіндеп өзгеріп отырған. Бірнеше баланың анасы болған әйелдердің кимешегінің бет жақтауларына күміс құймалар, маржан, меруерт сияқты асыл тастар сирек салынып, көзқарастар мүлдем алынып тасталып, олар зерлі таспа, оқамен алмастырылған. Бірте – бірте әдемі кестесі де қарапайымдала берген. Егде әйелдердің кимешектері мүлдем кестеленбеген. Кимешек те қасиетті киімге жатады. Кимешектің ана мен баланың тазалығы үшін маңызы зор, көшпенділік өмірге бейімделіп жасаған. Әйел денесінің жылы, кіршіксіз ұсталуы үшін де пайдасы көп. Әйелдердің көркін келтіретін киімдердің бірі.

Жас әйел бала емізген кезде денесін төңірегіндегі кісілерге көрсетпеуі керек. Ондай қылықты қазақтар салақтыққа, әдепсіздікке жатқыызған. Кимешек сондай кезде кеудесін көлегейлеп, жат көзден қалқалауға мүмкіндік береді. Бұл келіншектің әдеп пен иба сақтауға беделін көтереді. Кимешек шаң-тозаңнан қорғайды, желге қақтырмайды, күн өткізбейді.

ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кимешек қоланыстан шығып, оеы тек егде жастағы әйелдер ғана киетін болған[8, 88, 106 б.].

Қазақ киімдері қолдану аясына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі ішкиімдер. С. Қасиманов ішкиімдерге – көйлек, дамбал, желетке,қамзол, кәзекейлерді жатқызған.

Кеудеше – жеңсіз, ойма жеңмен тігіледі, етегі шолақ келеді. Тігілуі қамзолға ұқсас. Кеудешенің беліне қима, танас түсірілмейді. Кудешені әйел, еркек демей, еңкейген қариядан еңбектеген жасқа дейін киеді.

Сырткиімнің астынан жылылық үшін суықта тон, шапан астынан киетін, қимылдауға қолайлы, жанынан немесе алдынан түймеленетін жеңсіз кеудеше. Күрдекшенің астарына мақта салып, сырылып, қалың матадан тігеді.

Көкіреше - көбіне жас балалар мен тұрмыс құрмаған жас қыздар киетін, алды мен арты тұйық, бір жақ қырынан тігіліп, екінші жағынан түймеленетін немесе байланатын кеуде киімі.

«Қос етек, бұраң бел,

Қуалай соғар самал жел...»

Бұл өлең шумақтары әйелдер мен қыздардың бүрмелі көйлектері туралы айтылған сияқты[9, 178,182,192 б.].

Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әоі әсем баскиім. Жалпы қазақтар сәукелені, басқа да баскиімдерді сәндік үшін ғана кимеген. Олардың әрқайсысы ұлтымыздың парасатын, тәрбиесін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсететін мән-мағынасы болған. Ұлы дала заңы бойынша көшпенділер адам баласын фәниге келтіретін, ошақ отын қорғаушы ретіндеәйелдері құрмет тұтқан.

Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән-салтанатының, салт-дәстүрінің, мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысымен қатар киелі деп есептеоген. Сонымен бірге қазақтың қыздарына деген қөзғарысының бір белгісі.

«Көріп алсаң көріктіні,

Таңдап алсаң тектіні.

Сонда көңілің толмай ма?» - деп

Абай атамыз айтқандай, тектілікке аса мән берген халқымыз қалыңдықтың шыққан тегін, дәрежесін осы сәукелесіне қарап бағалаған, анықтаған. Әрине, мұндай бағалы баскиімді байлар мен ауқатты адамдардың қыздары ғана киген[10, 264, 266 б.].