Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции по ФРиП на каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
345.09 Кб
Скачать

Тақырып 4. Несие нарығы, оның мәні және мазмұны

Несие нарығы – бұл қаржылық құралдарды қажет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қатынасын және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі шарттармен қаражаттарды ұсынуды жүзеге асыратын қарым қатынастар механизмі.

Несие нарығына тән келесідей функцияларды бөліп алуға болады:

  • несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;

  • ақша корларын ссудалық капиталда тікелей шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;

  • мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қуатты қаржы-өнеркәсіп топтарының қалыптасуына ықпал ету.

Нарықтық экономикадағы жаңа, немесе ұмытылған, немесе көп қолданбайтын түсініктер мен категорияларды зерттеудің кілті – нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарын саяси экономикалық талдауды терең жүргізу. Әрбір экономикалық категорияны өндіріс тәсілінің нақты тарихи даму кезеңімен байланыстыру қажет.

Несиелік ресурс ұғымы туралы сұрақты актуалды деп санауға болмайды. Өйткені бұл түсінік бүгінгі күні экономикалық теорияда, қаржы теориясында, банк ісінде және тағы басқаларында қолданылады, бірақ әртүрлі ғылымның өкілдері – экономистер, қаржыгерлер несиелік ресурстардың түсінігін олардың мазмұнын қысқарту арқылы түсндіреді.

Әлі күнге дейін «несиелік ресурстар» түсінігі, оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер, ресурстардың даму факторлары туралы нақты қалыптасқан бірыңғай көзқарас жоқ. Несиелік ресурстардың экономикалық табиғатын ұғыну олардың қызметтері мен мәселелерін жете түсіну болып табылады.

Экономикалық қызметтегі адамдардың жиынтық қатынастары бірқатар критерилер бойынша жүйелендіріледі, ал сол критерилердің біріне ресурстар мен өнімдердің өндірістен тұтынуға дейінгі қозғалысы жатады. Экономикалық қатынастар бұл аспектіде өндіріс, қайта бөлу, айырбас және тұтыну игіліктері ретінде қарастырылады. Ұдайы өндірістің бірыңғай әрбір сатысында бұл қатынастар әртүрлі формаға айналады, ал қатынастарға күнделікті жаңа субъектілер еніп отырады.

Несиелік ресурстарды банктік ресурстар деп те атайды. Г.Белоглазова несиелік ресурстарға былайша анықтама береді: «Банктік ресурстар – банктердің пассивті операциялар жүргізуі нәтижесінде қалыптасатын және банктің пассивінде көрсетілетін қаржы көзі. Банктік ресурстарға банктің жеке қаражаттары, қарыздық және тартылған қаражаттар жатады. Пассивті және активті операциялар бір-бірімен тығыз байланысты: пассивтердің құрылымы мен сипаты көбіне банктің активті операциялар жүргізу мүмкіндігін анықтайды, сонымен қатар несиелеу облысындағы банктің саясатын өзгерту ресурстардың сипатына ықпал етуі мүмкін». Мұндай ұйғарым ерекше көңіл аударады. Ол шаруашылық жүргізудің қазіргі кездегі жағдайында несиелік ресурстарды қолданудың кең мүмкіндіктерін анықтайды. Несиелік формада өндірістің барлық сатысының экономикалық қатынастары жүзеге асады, сонымен қатар қоғамдық өндірістің біртұтастылығы қалыптасады [1, 26 б.].

Несиені экономикалық категория ретінде қарастыра отырып ресейлік зерттеушілер былай санайды, несие – бұл қарыздық капиталдың қозғалысы. Қарыз капиталы – бұл қайтарымдылық, төлемділік шарттарымен және пайыз түрінде берілетін ақша капиталы, капиталдың ерекше тарихи формасы.

Несие – тауарлы-материалды қатынастар бар барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға, өндіріс әдістеріне, экономика типіне, өркениетті жүйелерге, технологиялық укладтарға және тағы басқаларға қатысты экономикалық категория.

«Несие» деген сөздің өзі латынның «кредитум» (қарыз, «кредо» - сенемін) деген сөзінен шыққан. Несие экономикалық қатынас ретінде – бұл әрқашан тәуекел және де несиегер мен қарыз алушының сенімі. Сенім нақты психологиялық мағынаны білдіргенмен, субъектінің, не объектінің, не несиені қамтамасыз етудің түсінігіне негізделген.

Бұл категорияның мәні құнның қайта оралу қозғалысымен түсіндіріледі. К. Маркс былай жазған: «құн қозғалысы – қайтару шарты – берілетін немесе алынатын қарыздың қозғалысы».

Несие – бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастар саласын сипаттайтын қоғамдық қатынастардың бір түрі. Оның материалдық негізі болып құнның қозғалысы табылады. Құн несиені басқа категориялармен біріктіреді, экономикалық құбылыстардың негізіне жатады. Сонымен қатар, несие экономикалық категория ретінде басқа құн категориларынан ерекшелейтін өзінің сипаттамалары бар. Мұндай сипаттамаға құнның қайтарымдылық негіздегі қозғалуы жатады. Қайтарымдылық несиегер үшін де, сонымен бірге қарыз алушы үшін де маңызды болып табылады.

Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. Ол экономикалық категория ретінде әртүрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.