Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции по ФРиП на каз.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
345 Кб
Скачать
☆

Тақырып 2. Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақшалай қаражаттарды бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл ойнайды. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.

Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функцияларын былайша анықтауға болады:

  • төлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушыладың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық;

  • коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;

  • есеп функциясы

Қаржы нарығына қатысушылардың арасындағы ақша айналымы пороцесінде мыналар арасындағы қатынастар пайда болады:

  • шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ондағы жұмыспен қамтылған халықтың;

  • кәсіпорын мен салалар ішіндегі бөлімшелердің;

  • жабдықтаушы мен төлеушілердің;

  • мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;

  • мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс қорлардың;

  • несие жүйесі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің және биржаның, сақтандыру ұйымдарының, мүліктік қорлардың және қаржы-несие жүйесінің басқа да құралдарының немесе буындарының;

  • халық пен мемлекеттің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен қаржы инфрақұрылымы құралдарының арасында

Бұлардың барлығы капиталдың қалыптасуын, олардың бөлінуін, экономикалық және әлеуметтік дамудың тиімділігін пайдалануды әрі бағалауды қоса қамтитын, қорларға ақша ресурстарының ауысу процесін бейнелейді.

Қазақстан Республикасының аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:

  • қолма-қол ақша (банкнот) табыстау;

  • чек беру;

  • векселдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;

  • төлем карточкасын пайдалану;

  • борыштық қолхаттардың айналымы.

Бүгінгі таңда ақша қаражаттарының негізгі айналымында қолма-қол ақша айналымының көп бөлігін алмастырған қолма қолсыз ақша айналымы орын алып отыр. Оларға:

  • төлем тапсырмасы;

  • төлем талап-тапсырмасы;

  • аккредитивтер;

  • Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген басқа да төлем құжаттары жатады

Тақырып 3. Депозиттік нарықтың қызмет ету ерекшеліктері

Ақша жинақтау функциясын орындай отырып, мәні бойынша халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және т.б жинақтары болатын депозиттерге трансформацияланады. Клиенттердің барлық салым ақшалары депозиттер болып табылады. Оған орналастырылған қаражаттардың көздері әр түрлі.

Қазақстанның банктік тәжірибесінде депозиттердің мынадай типтері бар:

1. Талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек депозиттері салымшыға міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді. Бұл түрдің қолайлылығы чектердің қауіпсіз болуымен және оны жазып беру арқылы төлемдерді орындаудағы қарапайымдылығымен түсіндіріледі, сондай-ақ ол алғашқы талап етумен ақшаны қолма қол өндіріп алуға мүмкіндік береді. Талап етілгенге дейінгі депозиттердің бір түрі ретінде контокоррент табылады. Ол банктің клиентпен болатын барлық операциялары ескерілетін біртұтас шоты.

2. Жинақ ақша салымы халықпен болатын операцияларда тараған және аса көп емес өтелетін салымға арналған. Оның талап етілгенген дейінгі салымнан тек төлемдерінде, ақшаны алу тәсілінде, пайыздарды кезеңдік есептеуде ғана айырмашылығы бар. Кейде онда пайыз бойынша салықтық жеңілдіктер болып тұрады.

3. Мерзімді салым – бұл тіркелген күні бар депозит, оларды мерзімінен бұрын жабу айыппұл төлеуге әкеліп соғады, ал ол бойынша сыйақы салымның мерзіміне және сапасына қарай есептеледі. Мерзімді салымның екі түрі бар: алып тастаусыз, алып тастау туралы алдын-ала хабарлаумен.

Депозиттік сертификат салымшының немесе оның құқығын иеленушінің мерзімі біткенде салым ақшаның сомасын немесе ол бойынша процентті алу құқығын айғақтайтын ақша немесе ол бойынша процентті алу құқығын растайтын ақша қаражаттарының салымы туралы банк-эмитенттің жазбаша куәлігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіруді (сақтандыруды) коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің Қазақстандық қоры» жүзеге асырады.

Қор мақсаты екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады.

Келесідей негізгі ұғымдар қолданылады:

1) банк-агент Қормен агенттік келісім негізінде салымшыларға орнын толтыру төлемдері бойынша шараларды жүзеге асыратын банк;

2) жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банкі – жеке тұлғалардың салымдарын қайтару бойынша міндеттемелері ережеге сәйкес кепілденетін, қатысушы куәлігі бар, банк (қатысушы-банк)

3) банк салымшысы (депозиторы) – қатысушы-банкте салымдары бар жеке тұлғалар

4) салым (депозит) бойынша орнын толтыру – Қормен төлеуге жататын ақша сомасы

5) Банк төлемдері – қайтару бойынша міндеттемелері кепілденетін, салымдар (депозиттер) сомасы мөлшерінде қатысушы-банкпен Қорға аударылатын ақша сомасы

Жеке тұлғалардың міндетті коллективтік кепілдендіру жүйесіне, банктің меншікті капиталынан жоғары мөлшерде жеке тұлғалардың салымдарын қабылдау құқығы бар банктер бола алады.