Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12 стр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
188.93 Кб
Скачать

3.2 Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасы

Монополияға қарсы заңнама – Қазақстандағы салыстырмалы жаңаша құбылыс. Заңнама үнемі жетілу, даму және толықтыру стадиясында. Қазіргі кезде ол заң актілер блогы ретінде көрініс табады:

  1. Қазақстан Республикасының конституциясы;

  2. Қазақстан Республикасының «Бәсекенің дамуы және монополиялық іс-әрекеттің шектелуі» туралы заңы 11.06.1991;

  3. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» заңы 09.07.1998;

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қалаулары мен қаулылары.

Қазақстан ТМД елдерінен бірінші болып, 1991жылы мамырда «Бәсекенің дамуы мен монополиялық іс-әрекеттің шектелуі туралы» заңды қабылдады. Он жыл бойы бұл заң практикалық тәжірибенің жинақталуымен толықтырылды, жетілді. Тиімді антимонополиялық саясатты құру үшін елімізге он жыл қажет болды, 2001 жылы қаңтарда 1991 жылғы заңның орнына жаңа «Бәсеке және монополиялық іс-әрекеттің шектелуі туралы» заң қабылданды.

Қабылданған құжаттардың барлығының мақсаты:

  • Бәсекені қорғау және қолдау;

  • Тауарлы рынокта маңызды экономикалық билікке ие болған шаруашылық жүргізуші субъектілерді бақылау;

  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

  • Шағын кәсіпкерлікке көмек көрсету.

  • Ескерту:http://law.delovoimir.kz/laws/tМонополияға%20қарсы%20заңдар

Мамандардың айтуынша, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы өзінің мақсаттары бойынша батыс еуропалық модельге жақын, «бәсекені шектейтіндіктен, монополияға қарсы бағытталған және сәйкесінше, оның мәселелері монополизммен күреске қарағанда кеңірек».

Қабылданған құжаттар кешені төмендегідей реттеулерді қамтамасыз етеді:

  • Нормативті реттеу, ол шаруашылық іс-әрекетті жүргізу ережелерінің нормативті-құқықтық актілерде тағайындалуда, сонымен қатар оны жүзеге асыруды бақылауда көрініс табады;

  • Ұйымдық реттеу, ол мемлекеттің сәйкесінше түрлі ұйымдық құрылымдарға өкілеттіліктерді беруімен құрылады, ол бірінші ретте экономикалық қатынастарға оңтайлы ықпал жасауға қабілетті, оның тиімділігін қамтамасыз етуші антимонополиялық ұйымдар;

  • Заңасты реттеу – қабылданған заңға сәйкес жүзеге асатын, рыноктік қатынастардың тиімділігін қамтамасыз ету, бәсекені қорғау мақсатымен тауарлы рыноктарда экономикалық іс-әрекетті жүргізу ережелерін орнататын мемлекеттік мақсатты бағытталған әрекет.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Клнституциясының 26-бабының 4-тармағында былай делінген: «кез келген азамат еркін кәсіпкерлік іс-әрекетке, өз мүлігін кез келген заңды кәсіпкерлік әрекетке пайдалануға құқылы. Монополялық әрекет заңмен бақыланады және шектеледі». Бұл жағдай бәріміз үшін бағалы, өйткені бәрімізге «кәсіпкерлік іс-әрекет еркіндігін» береді.

Экономиканы антимонополиялық реттеу жүйесі келесі элементтерден тұрады:

  • Монополист түсінігі, оның сапалық және сандық сипаттамалары;

  • Мемлекеттік реттеу аясындағы монополиялық іс-әрекеттің түрлері;

  • Тиым салынатын бәсеке нысандары;

  • Монополияға қарсы ұйымдар жүйесін, олардың міндеттері, қызметтері мен өкілеттіліктерін анықтау;

  • Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға баиланысты жауапкершілік шаралары1.

  • Ескерту:http://law.delovoimir.kz/laws/tags\Монополияға%20қарсы%20заңдар

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында орталық монополияға қарсы ұйым – Үкімет құрамына кіретін, табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау бойынша құрылған Қазақстан Республикасының Агенттігі. Бұл агенттік 1999 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен құрылды, бірақ оның алдында оның аты, ведомстволық қарастылығы, ұйымдық құрылымы және кейбір қызметтері өзгерістерге ұшырады. Экономиканы басқарудың иерархиялық құрылымына бұл ұйымның статусының өзгеруі, белгіленген қызметтердің тұрақсыздығы оның іс-әрекетінің тиімді және мақсатты бағытталуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде Агенттік өзінің іс-әрекеттерінің екі негізгі бағытын анықтады:

  • Біріншісі, монополияға қарсы заңнаманың, баға тағайындау , тұтынушылардың құқығын қорғау заңдарының іске асуын бақылау;

  • Екіншісі, табиғи монополия және шаруашылық жүргізуші субъект – монополистердің іс-әрекеттерін реттеу.

Бұл бағыттардың әр қайсысы бойынша нормативті, әдістемелік. Жеке практикалық тәжірибе бар, ТМД елдерінің басқа тәжірибелері жалпыланған. Сонда да принципті мәселелерді шешу үшін, заңдық, ұйымдық және материалды базаның әрі қарай жетілуіне қажеттілік бар.

Қазақстанда монополияны реттеу бойынша заңдар Республиканың барлық аймақтарында іске асады, республика рыноктарндағы бәсекелестікке әсекр ететін, қазақстандық және шетел заңды тұлғалары қатынасатын, сонымен қатар, билік және басқарушы органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары қатысатын қатынастарды реттейді.

Ескерту: http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=17435&Itemid=2

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе, монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз. Бұл рыноктағы фирмалар баға деңгейiне толық өзгертулер енгiзе алады. Ал бұл өз кезегінде нарықтық экономиканың қағидаларының бұзылуына, қоғамда әлеуметтік-экономикалық монополияның жағымсыз әсерлерін қалдаруға жол ашады. Сонымен қатар монополия шаруашылық өмірде экономиканың жолғарғы бәсекеге қабілетті болуына және бәсекелік ортаның дамуына кері экономикалық ықпалын тигізеді. Осыған байланысты монополияны мемлекеттік реттеудің және антимонополиялық саясатты жүргізіп отырудың қаншалықты маңызды екендігіне көзіміз жетеді.

Монополияның пайда болуының және оның басқа рынок құрылымдарынан ерекшелiгi өндiрушiнiң немесе тұтынушының жалғыз фирма болуы, рынокқа басқа фирмалардың енуiне тосқауылдардың болуы және монополист фирма баға саясатын өзi iске асыратын болуы тиiс.

Сонымен, монополияның пайда болуының негізі негізінен нарықта жалғыз ғана өндіруші ірі кәсіпорын мен барлық нарықты өз қолына алған тұлғалар болуымен сипатталады. Өз кезегінде монополия еркін бәсекелестіктің дамуына жол бермей, нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір мемлекет және экономика монополияға қарсы саясат жүргізуді қолға алуда. Ол негізінен монополияларды реттеу және монополиялық әрекеттерге жол бермеу немесе оларды қатаң қадағалау шараларын қолға алумен сипатталады.

Бүгінгі Қазақстанның нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты біз үшін экономиканың неғұрлым бәсекеге қабілетті, еркін болуы маңызды болып табылады. Сонда ғана ұлттық экономикамыз әлемдік экономикалық шаруашылықта өзінің тұрақты әрі бекем орнын таба алады. Алайда елдегі бұрыннан бері қалыптасып келе жатқан монополиялар, әсіресе табиғи монополиялар елімізде айтарлықтай экономикаға өз ықпалын жасап отыр деп айтсақ болады. Олар негізінен отын-энергетика, байланыс, өндіріс және маңызды экономикалық салаларда көрініс табады. Олардың қызметтері туралы ұлттық монополияны реттеу комитеті толықтай хабардар болып, олардың қызметтерінің экономикаға зиянын тигізетіндей шараларға баруына тосқауыл қояға әрекет етеді.

Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары әр түрлi тәсiлдермен реттеу саясаттарын яғни, антимонополиялық реттеу шараларын жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны реттеу саясаттарының тәсiлдерi өздерiнiң қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей төрт түрге бөлiнедi:

  • Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру;

  • Монополия жағдайын реттеу;

  • Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру;

  • Оларға әсер етпеу.

Бәрімізге белгілі Қазақстанда монополиялық нарық негізінен ірі шикізаттық салаларда, қызмет көрсету, әсіресе жылу беру мен электр тарату кәсіпорындарында орын алуда. Ал бұл өнеркәсіптер өз кезегінде ел экономикасына және халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететіні белгілі. Сондықтан мемлекетіміз антимонополиялық саясатты дұрыс жолға қойып, шикізат өндіру және өнеркәсіп салаларында бәсекелестікті дамыту, қызмет көрсету салаларында монополист компанияларды өз қадағалауына алу, бағаның әділетсіз көтерілуіне жол бермеу реттеу шараларын жүргізіп отыруы керек. Сонда ғана еліміз әлемдегі барынша дамыған, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосыла алады.

Ескерту:http://www.egemen.kz/?Қазақстандағы%20монополия%20нарығы

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.

  2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.

  3. Гальперин В.М. и др. - Макроэкономика. – СПб. - 1997г. - 630 с.

  4. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика / Пер. С англ. – М.: 1994.

  5. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.

  6. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.

  7. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. – Макроэкономика. - Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416с.

  8. Кузеков А.С. Управление локальными монополями в сфере информационный услуги (на примере ОАО “Казактелеком”). Афтореферат. – Караганда. – 2004 г.

  9. Жайдары Ж.Б. “Этапыдостижение конкурентспособности компании (на примере рынка телекоммуникации)”. // Аналитик. – 2006, №3.

  10. Мамутов Б.А. “Управление финансово-экономической деятельностью предприятие (на примере ОАО “Казактелеком”). // XXI ғасырдағы “Мемлекет және бизнес” халықаралық ғылыми-практика конференциялары материалдары. – Алматы, 2003. 2 бөлiм.

  11. Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр.

  12. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

1 Э.Жилкибаева «Антимонопольное законодательство РК» Алматы 1999г

25

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]