Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12 стр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
188.93 Кб
Скачать

3 Қазақстан республикасындағы антимонополиялық реттеу

3.1 Өндірісті демонополизациялау процесін реттеу – экономикалық өсудің негізі

Еркін бәсекедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің рыноктық қарым – қатынастарының қалыптасуы мемлекеттік меншік пен мемлекеттік басқару ұйымдарын реорганизациялау мен демонополизациялаусыз мүмкін емес.

Қазақстанға КСРО-ның жоспарлы экономикасынан мұраға өте монополиланған экономика қалды.

Түсті металдардың жеке түрлерін өндіретін кәсіпорындар бір – бірден десек қателеспейміз: Жезқазған және Балқаш тау – кен комбинаты, Өскемен титан – магний комбинаты, Ертіс химия металлургия, Шымкент қорғасын, Павлодар аллюминий заводттары, Белогор және Жәйрем тау – кен байыту комбинаттары.

Осындай жағдай машина жасау саласында да қалыптасқан: барлық кәсіпорындардың 2/3 бөлігі белгілі бір саладағы жалғыз өнім өндіруші кәсіпорын болып табылады.

Химия – орман кешеніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындарының 1/3 –і монополист болып табылады.

Бір жағынан, республикада осы ірі кәсіпорындар мен серіктестер экспорттық мәні бар, волюталық түсімдер беретін шикізат ресурстарының негізгі көлемдерін өндіреді. Екінші жағынан, экспорттық шикізатты өндіретін кәсіпорындардың көбісі бәсекелестік ортасы жоқ монополистер болып табылады. Халықаралық рынокта бәсекелестік күрес тәжерибелері жоқ. Республика біріншіден қайта өңдеуді және шетел капиталын таратуды қажет ететін шикізатты сатады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарым – қатынастарының қалыптасуы демонополизациялаусыз мүмкін емес. Сонымен қатар, мемлекесіздендіру мен жекешелендіру мәндерін түсіну қажет. Бұл процесс өздігінен еркін бәсекені қамтамасыз етпейді, өйткені мемлекеттік емес монополизм оны бақылудың қиындығына, күрделілігіне байланыста бәсекеге үлкен зиян келтіреді.

Қазақстанда табиғи монополия сферасына елесілер жатады:

  • Магистральді құбырлар арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасмалдау;

  • Құбыр арқылы газ және газ конденсатының тасмалдануы;

  • Электр және жылу энергиясын бөлу және жеткізу;

  • Темір жол магистральдарының эксплуатациясы;

  • Айрапорт, порт, аироновигация қызметтері;

  • Телекоммуникация қызметтері;

  • Су шауашылық және канализациялық жүйелердің қызметтері;

  • Пошта байланыстарының қызметтері т.б.

Қазақстан Республикасының экономикасының жеке салаларын демонополизациялау шаралары түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіне бірдей шарттар қойылып, бәсекелестік дамыту және монополизмнің басқа нысандары мен түрлерінің пайда болуына мүмкіндік бермеуді қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекет меншігінде келесі салаларды толығымен қалдыру көзделген: қауіпсіздік кешенінің негізгі кәсіпорындары, магистральді темір жол көлігі, ірі аэропорттар қызметі, магистральді құбырлар, базалық электростанциялар республикалық және халықаралық мәндегі автомагистральдар, сонымен қатар, қалааралық байланыс құралдары, пошта, халықтық білім беру кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары.

Қазіргі таңда елімізде монополиялық салалардың бірі – байланыс рыногы, яғни телекоммуникация монополисті «Қазақтелеком», АҚ Қазақстан Әлемдік Сауда Ұйымына өту үшін қажетті шаруалардың бірі – телекоммуникация либерализациясы. Телекоммуникация либерализациясы бізде жоспарлағандай аз уақытта жүргізіле алмайды, дамыған елдерде оған 10жылдықтар кеткен. «Қазақтелекомды» жекешелендіру – жоспарлаған. Болашақта, телекоммуникация кешенінде меншік формасын өзгертуіміз қажет. Өйткені, әлемдік Сауда Ұйымы мен басқа халықаралық институттар экспетрттері еркін рынок принципін талап етеді. Либерализация идеясы – ашық бәсекеге қабілетті рынокты мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз регуляторды көздейді. Алайда, біздің ұлттық ерекшелігіміздің өзі – бірншіден, Қазақстан ашық рынок мүлдем жоқ, екіншіден, біздің мемлекетте толығымен тәуелсіз деп атауға болатын ұйым жоқ.

Қазақстанда телекоммуникация саласының дамуы туралы үкімет бағдарламасына сәйкес, либерализация мақсаты – бәсекелестіктің дамуы, операторлар санының өсуі, нәтижесінде халықаралық және қалааралық байланысқа тарифтердің азаюы, сонымен қатар, қызмет спектрінің кеңеюі, олардың сапасының артуы. Мамандардың ойынша, саланың әрі қарай дамуын шектейтін мәселелер – ескірген нормативті база, жалпы қолданыстағы телекоммуникация желісіне монополия, ауылдық және қалалық байланыс қызметіндегі бағалық дисбаланс, сонымен қатар, радио жиілік секторының шектеулілігі т.б.

Телекоммуникация саласында рыноктік қатынастардың дамуына халықаралық және қалааралық байланыстарды демонополизациялау кезінде «Қазақтелеком» АҚ монополист болып қала беруі әсер етпейді ме? Қазақстан Республикасының информатизация және байланыс агенттігінің төрағасының орынбасары Асқар Жұмағалиевтің ойынша, телекоммуникация саласын либералдау – мықты бәсекелік рыноктің құрылуына мүмкіншілік береді. Өйткені қабылданатын шаралар қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ ие болған эксклюзивті құқықтарды жояды және барлық операторларға халықаралық және қалааралық қызмет көрсетуге рұқсат береді. Бірақ сонымен қатар, республиканың телекоммуникациялық қызметінің басты операторы бөлініске түспейді.

Келесі мәселе «Қазақтелеком» АҚ-н демонополизациялау қажет пе, яғни рынок субъекті ретінде? Бірақ жаңадан енгізулер мен «Қазақтелеком» АҚ – базалық құрамдасы болып табылатын мемлекет экономикасына зиян келтірмеу үшін, АҚ-ды тиіспейтін шешімге келеді. Мамандардың келісімі бойынша, жеке меншік операторларға рынокқа тез және зиянсыз енуіне қажетті шарттар жасау қажет. «Қазақтелеком» АҚ бизнс дамуы бойынша вице-президентті Асқар Бишигаевтің айтуынша, «Қазақтелеком» – қалыптастырушы компания, елдегі байланыстың бүкіл магистральді каналдарының 90% оның меншігі. Жене болашақта операторлар осы желіге жаңа тарифтер бойынша қосылуға мәжбүр болады.

Бұған қарамастан, «Қазақтелеком» мамандарының ойынша, қабылданатын реформалар рынокта бәсекелестіктің дамуын, жаңа компаниялардың пайда болуын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде толығымен салада, қазмет көрсету сапасында көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]