
- •3 Қазақстан Республикасындағы антимонополиялық реттеу....................23
- •1 Монополия табиғаты және экономиканы монополиядан тазарту
- •1.1 Рынок құрылымы ретінде монополияның сипаттамасы
- •Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
- •Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- •1.2 Экономиканы монополиядан тазарту, мемлекеттің монополияны реттеу мен оған қарсы саясаты
- •2.1 Монополияға қарсы реттеу мақсаттары мен тәсілдері
- •Монополиист зияны
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай және монополияға қарсы саясат
- •3 Қазақстан республикасындағы антимонополиялық реттеу
- •3.1 Өндірісті демонополизациялау процесін реттеу – экономикалық өсудің негізі
- •3.2 Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасы
Монополиист зияны
Орта
жиынтық шығындар
Реттелген Шектi шығындар
баға деңгейi
Сұраныс
Өнiм көлемi
Сурет-1 – Табиғи монополистiң өнiмiне шектеулi шығын қағидасы бойынша баға құру барысы
Келесi табиғи монополистi реттеу тәсiлi болып мемлекеттiң жеке меншiк монополист фирмаларды мемлекет иелiгiне өткiзуi болып табылады. Бұл саясат әсiресе Еуропа елдерiнде жиi кездеседi. Онда мемлекет табиғи монополияға жататын коммуналдық қызметтердi, яғни телефондар, электр жүйелерi және су құбырларын өз қолына алған. Ал АҚШ-та бұл саясат почталық байланыс саласында қолданылады. Ескерту: http://kz.government.kz/structure/org/m19
2.2 Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай және монополияға қарсы саясат
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макродеңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде. Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуiне байланысты рыноктың қызмет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi. Осындай басты рыноктық экономиканың элементтерiнiң бiрi бәсеке болып табылады. Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады. Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Осындай экономиканы ынталандырушы құрал бәсекені дамытуға кедергі болып табылатын нарықтық экономикада монополия болып табылады. Сондықтан Қазақстан Рсепубликасы үшін бүгінгі таңда антимонополиялық саясатты дұрыс жолға қойып, монополиялық жағдайды, олардың баға деңгейін және өнім сапаларын ылғи да қадағалап, реттеп отыруы керек.
Ескерту: http://newskaz.kz/economy/20101220/997634.html
Қазақстанда монополияның қалыптасуының алғышарттары ол бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінен сақталып келе жатқан құрылымдық жүйе болып табылады. Себебі, ол кезде негізгі кәсіпорындар мен негізгі өндіріс салалары ірі деңгейде құрылып, ол толықтай мемлекеттің бақылауында болып келген. Ал егемендік алып, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру барысында осындай экономикалық маңызды, ірі салалар мен кәсіпорындар меншікке өтуіне байланысты Қазақстанда ірі-ірі монополиялар қалыптаса бастады. Ол әсіресе кезінде негізі қалыптасқан негізгі экономикалық салалар мен ірі кәсіпоырындар негізінде, яғни экономиканың шикізат саласында және отын-энергетика салаларында көрініс тауып келеді. Ескерту:http://newskaz.kz/economy/20101220/997634.html
Қазақстанда монополияның кен етек алуына тағы да бір жол беріп отырған жағдайдын бірі жаңа қалыптасқан жас мемлекеттің және енді ғана нарықтық қатынасқа өте бастаған экономика салаларына байланысты заңдық-құқықтық қолдау мен реттеудің әлсіз болуынан, сонымен қатар елде сыбайлас-жемқорлықтың орын алуымен тікелей байланысты болып келді.
Республикада монополиялардың негізгі салалар мен кәсіпорындарда орын алуының себебі елге келіп жатқан инвестициялар мен қаржылардың басым бөлігінің экономиканың шикізат саласына ғана құйылуы себебінен болып отыр. Яғни, осындай қызмет көрсету және шикізат салалары монополияға айналып немесе өзара олигаполиялар құруға ынталы болды, осының негізінде олар еркін бәсекелестіктің дамуына тосқауыл қойып, отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін дамытуға жол бермей келуде.
Осыған байланысты Қазақстанда монополияны реттеу және антимонополиялық саясатты жүргізуге байланысты шаралар бүгінгі таңда даму үстінде. Оның ең бірінші көрінісі оның құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, сондай-ақ «Монополиялық реттеу комитетінің» қызмет етуі және оның қызмет ету аясының жылдан-жылға дамуы болып табылады.
Ескерту: http://adamzat.kzmemleket/monopoliyaga-qarsy-retteu-zhane-onyn-qazaqstanda-qoldanyluy.html
Бiздiң мемлекетiмiзде табиғи монополияларды реттеу саясаттары елiмiз үшiн маңызды болып табылатын мұнай және газ саласына, электр энергиясына, байланыс салаларында, сирек кездесетiн металдарды өндiруде және маңызды өнiмдер болып табылатын уран өндiрiсiнде iске асуда.
Қазақстан республикасы XXI ғасырға жас мемлекет ретiнде, күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Елiмiздiң телекоммуникация саласы дамыған елдермен салыстырғанда әлi де артта болып келе жатыр. Әлемдiк тәжiрибе бойынша, бүгiнде елдiң байлығы шикiзат қорымен бағаланбайды. Ал бiздiң елiмiзде шикiзат көзi жетерлiк, осының арқысында елiмiзде соңғы жылдары экономиалық өсу мен азда болса әлеуметтiк-экономикалық жағдайының дамуы байқалды. Оның соңғы бiрнеше жылдағы көрсеткiшiне назар салсақ ЖIӨ-нiң өсуi жылына 10% шамасында болып отыр.
Бiрақ әлемдiк тәжiрибе керсеткенiндей, әлемде шикiзат экспорттаушы елдер даму жағынан артта қалған немесе дамушы елдерге тән экономика болып табылады. Ал елбасымыз халыққа жолдауында “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтан, елiмiз алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн тұрақсыз экономикалық дамуға әкелетiн шикiзат бағытынан қол үзiп, қазiргi заманғы жоғары дамыған ғылыми-техникалық экономикаға өтудi қажет етедi. Оның алғашқы қадамдары ұлттық экономикамызда жасалу үстiнде, яғни экономикамыздың шикiзат бағытынан ғылыми-техникалық шикiзат бағытына өтуi үшiн “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын” қабылдап, оны iске асыруда. Бұл стратегия алғашқы жылдан бастап экономикамызға оң нәтиже бере бастады.
Стратегияның негiзгi мақсаты - бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi индустриялық-инновациық қызмет болып табылады.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Ескерту: http://ekonom..kz/kz/index.php?Itemid=23&catid=14:2030-&option=com_content&view=article
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Осындай өңдеу өнеркәсiбiнiң iшiндегi кезек күттiрмейтiн, қарқынды даму жолына түсудi талап ететiн салалардың бiрiне жеңiл өнеркәсiбi жататындығн атап өтуге болады. Өйткенi, бүгiнде Қазақстанда монополиялық бәсеке рыногында тамақ өнiмдерiнiң бәсеке қабiлетi бiршама жақсы болғанымен жеңiл өнеркәсiбiнiң жағдайы әлi де болса дамуды, экономикалық қолдауды қажет етедi.
ҚР бойынша монополиялық жағдайын “Қазақтелеком” ААҚ мысалға алу арқылы зерттедiм. Табиғи монополия “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық масштабтағы қалааралық және жергiлiк телефон байланысында қызмет етедi. Ал интернет және жанұялық телефондар, сымсыз байланыс салаларында бәсеке жағдайында iс-әрекетте болып табылады.
Ескерту:http://azk.gov.kz/data/filedat/default/Progrkaz.doc Бәрiмiзге белгiлi ел аумағында телекоммуникация саласында аймақаралық және жергiлiктi телефон байланысында монополист компания болып табылатын және ақпарат пен интернет, сымсыз байланыс желiлерiнде жоғары бәсекеқабiлеттi компания болып табылатын жалғыз ұлттық компаниямыз бұл “Қазақтелеком” ААҚ.
Осы компанияның iшкi және әлемдiк рынокта бәсекеқабiлетiнiң артуы бұл ұлттық экономикамыздың тiрегi болмақ. Өйткенi, ендiгi жерде елдер арасындағы бақталастықта ақпарат бiрiншi орында болмақ. Сондықтан, соңғы бiрнеше жылдан берi “Қазақтелеком” ААҚ өз алдына екi басты қызметтi мiндеттедi: ол телекоммуникация саласында өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және телекоммуникациялық қызметiн халықаралық стандарттарға енгiзу. Яғни, осы қызметтердi орындау барысында ұлттық компания даму стратенгияларын iске асыруда.
Анализ көрсеткенiндей, телекомуникация саласында басты табиғи монополия телекоммуникация жүйелерi мен каналдары арқылы құрылады. “Қазақтелеком” ААҚ бәсекелестiк рынокта басты элементi бұл қызмет көрсетуде инновация мен техниканы жоғары дәрежеде, халықаралық стандартарға сәйкес дамыту болып табылады.
Мысалы, Қазақтелеком АҚ 2011 жылғы жылдық есеп беру есебі бойынша оның табыс салығының салыну барысын және оның жалпы пайдадағы үлесін анықтау үшін келесі кестені көре аламыз.
Кесте1 - Қазақтелеком АҚ пайдасына табыс салығы
Жылдар |
2011 |
2010 |
Салыққа дейінгі пайда |
41 555 355 |
31 888 078 |
Табыс салығына пайыздық қойылым |
20,9 % |
22,7% |
Табыс салығының шығыны |
8 709 141 |
7 246 008 |
Таза пайда |
32 846 214 |
24 642 070 |
Көзі: «Қазақтелеком» АҚ / Жылдық есебі
Ескерту:http://www.telecom.kz/download/000docs/02-11-2011_GO__30102012(kaz).pdf
Бұл кестені зерттей келе кәсіпорынға салынатын табыс салығының пайыздық қойылымы өзгеріп отыратындығын көре аламыз. Табыс салығына пайыз 2010 жылдан қарағанда 2011 жылы азайғандығы байқалады.
Енді Қазақтелеком АҚ 2011 жылғы есеп беруі бойынша пайдасы мен шығындарының құрамына тоқталатын болсақ:
Кесте 2 - Қазақтелеком АҚ пайдасы мен шығындарының құрамы
Көрсеткіштер |
Қаржылық есеп бойынша алдын-ала белгіленген сомма |
Әлеуметтік міндеттемелер |
Салықтың үлесі |
Кәсіпорынның нақты жұмсалған қаражаттары |
Таза пайда |
25 307 703 |
264 397 |
79 320 |
24 642 070 |
Көрсетілген қызметтің өзіндік құны |
46 045 554 |
187 722 |
- - - |
46 273 276 |
Жалпы және административ шығындар |
11 028 073 |
76 675 |
--- |
11 104 748 |
Инвестиция бойынша табыс |
8 770 710 |
--- |
--- |
8 290 154 |
Жоспарланбаған табыс салығы |
1 042 536 |
--- |
79 320 |
963 216 |
Табыс салығы бойынша барлық шығындар |
7 325 328 |
--- |
79 320 |
7 246 008 |
|
|
і |
|
«Қазақтелеком» АҚ-ның корпорациялық табыс салығы
Ескерту:http://www.telecom.kz/download/000docs/02-11-2011_GO__30102012(kaz).pdf
Көзі: «Қазақтелеком» АҚ / Жылдық есебі