
- •3 Қазақстан Республикасындағы антимонополиялық реттеу....................23
- •1 Монополия табиғаты және экономиканы монополиядан тазарту
- •1.1 Рынок құрылымы ретінде монополияның сипаттамасы
- •Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
- •Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- •1.2 Экономиканы монополиядан тазарту, мемлекеттің монополияны реттеу мен оған қарсы саясаты
- •2.1 Монополияға қарсы реттеу мақсаттары мен тәсілдері
- •Монополиист зияны
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай және монополияға қарсы саясат
- •3 Қазақстан республикасындағы антимонополиялық реттеу
- •3.1 Өндірісті демонополизациялау процесін реттеу – экономикалық өсудің негізі
- •3.2 Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасы
2.1 Монополияға қарсы реттеу мақсаттары мен тәсілдері
Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi. Атап айтқанда осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi. Яғни, бұл өз кезегінде монополияның әлеуметтік жағымсыз салдары болып табылады.
Монополиялық биліктің немесе монополиялық жағдайдың жалпы келгенде қоғамға тигізер оң және теріс жақтары да болады. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары негізінен монополияның экономикаға, ұлттық шаруашылыққа, халыққа тигізер кері әсерлерінен көруге болады. Жалпы әлеуметтік және экономикалық шығындарға келесілерді жатқызуға болады:
Монополитяның болуы жалпы нарықтық экономиканың заңдылықтарына кері әсерінің болуы;
Әлеуметтік және экономикалық ортада монополиялық биліктің өз үстемдігін жүргізуі;
Монополиялық өнімдердің бағаларының салыстырмалы түрде бәсекелік фирмалар шығырған өнім бағаларынан әлдеқайда жоғары болуы;
Монополиялық кәсіпорындар тауардың сапасын жақсартуға, өнімді ылғи да жаңартып отыруға ынталы болмайды, бұл өз кезегінде барлық шаруашылықтың артта қалушылығына алып келеді;
Тауар нарығында және өнеркәсіпте бәсекенің болмауы жалпы инновация мен индустрияның дамуына кері әсерін тигізеді;
Әлеуметтік салада монополиялық билік қызметкерлер мен жұмысшыларға төмен жалақы төлейді, жалпы адам капиталының дамуына аз көңіл бөледі;
Халық монополиялық тауарларды жоғары бағаға сатып алуға мәжбір болады, бұл тұтынушылардың тұрмыс деңгейіне әсер етеді.
Ескерту: http://www.bnews.kz/kk/conferences/view/monopoly sayasati/
Сонымен қатар, монополияның болуының қоғамға тигізер оң жақтары да болады. Бұл әсіресе экономиканың ұлттық мақсаттарын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Яғни, ұлттық ірі табиғи монополиялардың болуы ұлттық экономиканың қауіпсіздігін, дербестігін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе шикізат саласында, байланыс саласында кен көрініс табады. Мысалы, ұлттық маңызды өнеркәсіптердің (уран өндірісі) монополиялық өнеркәсіп болып табылуы немесе еліміздің байланыс саласының «Қазақтелеком» ААҚ ұлттық монополиялық компания болуы жалпы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және мемлекеттік деңгейде ұлттық мүддені қорғайды. Ал жеңіл өнеркәсіп, басқа да өнеркәсіп салалары жетілген бәсекелі болып келгені қоғамға қолайлы болып табылады.
Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi. Атап айтқанда осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi. Ескерту: http://www.bnews.kz/kk/conferences/view/monopoly sayasati/
Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары әр түрлi тәсiлдермен реттеу саясаттарын яғни, антимонополиялық реттеу шараларын жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны реттеу саясаттарының тәсiлдерi өздерiнiң қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей төрт түрге бөлiнедi:
Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру;
Монополия жағдайын реттеу;
Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру;
Оларға әсер етпеу. Осы монополияны реттеу саясаттарының iшiнде мемлекеттiң табиғи монополияны реттеуi монополия жағдайын реттеу және жеке меншiк монополистердi мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру болып табылады.
“Монополия жағдайын реттеу” саясатын мемлекет монополистердiң тауарларына баға белгiлеу арқылы реттеп отырады. Мысалы, электрмен қамтамасыз ету, су тарату немесе жылу беру салалары бағаларын белгiлеуде мемлекет өзінің үстемдігімен оларға жетекшiлiк етiп араласып отырады. Баға белгiлегенде мемлекет бағаның шектi шығындарға тен болатын көлемiн белгiлейдi немесе антимонополиялық санкциялар қолдану арқылы бағаның алдын-ала белгілі бір көлемнен аспауын қадағалайды.
Бағаны шектi шығындар арқылы реттеу жүйесi өзiнiң қызмет етуiнде келесiдей тәжiрибелiк мәселеге жолығады. Табиғи монополияның ауқымнан үнемдеу анықтамасы бойынша олардың сұранысының ылдилы болуы себебiнен орта жиынтық шығындардан шектi шығындардың төмен болуы табиғи монополист фирманы зиян шегуге алып келедi. Мұндай кезде монополист фирма өзiнiң қызметiн тоқтатуы да мүмкiн. Ал бұл болса қоғамдық игiлiктердi және монополиялық өнiмдердiң тапшылығын тудырады. Сондықтан мемлекет бұл мәселенi шешу үшiн монополистiң шеккен шығындарын өз мойнына алу болып табылады. Оны келесi 1-ші суреттен көре аламыз. Ескерту: http://www.bnews.kz/kk/conferences/view/monopoly sayasati/
Суреттен көрiп отырғанымыздай монополист фирма мемлкеттiң баға белгiлеуде шектi шығындарға тең деп алған кезде олардың зиянының пайда болуын көрсетiп тұр. Яғни, табиғи монополист зиянының аумағы суреттегi боялған аумаққа тен. Бұл саяатты мемлекет iске асырғанда осы зияндарды өз мойнына алады. Ал бұл саясаттың тиiмдiлiгi қоғамға тиедi, яғни тұтынушылар үшiн бұл саясат дұрыс болып табылады. Бiздiң елiмiзде осындай табиғи монополияларды мемлекеттiң ретеу арқылы саясат жүргiзуiн көруге болады.
Баға