Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.93 Кб
Скачать

23.Проблемаларды Ұтымды шешу және оның басты кезеңдері.

Проблемаларды Ұтымды шешу обьективті аналитикалық процесс негізінде қабылданады.Ұтымды шешу және оның басты кезеңдері:

  • Мəселенің диагностикасы. Мəселені шешу жолындағы алғашқы қадам анықтау немесе толық жəне дұрыс диагноз қою. Мəселені қарастырудың екі əдісі бар. Біріне сəйкес алға қойған мақсатқа жетпеген жағдайда ситуация мəселе болып саналады. Болатын жағдай болмаған жағдайда сіз проблеманы біле бастайсыз. Осылай істей отырып сіз нормадан ауытқуды түзейсіз.

  • 2. Альтернативаны анықтау. Мақсатта шыққан мəселенің себебін табу үшін барлық іс-əрекетті жасап мекеменің мақсатына жетуіне жағдай жасау қажет. Тəжірибеде басшы əр альтернативаны бағалап жəне қорытындылап шығуға уақыты да білімі де жетпеуі мүмкін. Өте көп альтернативаны қарастыру реалисті болса да шатысуға əкеледі. Сондықтан басшы қалаулы дейтін бірнеше альтернативаны қарастыруға қалдырып таңдаудың нұсқаларына шектеу қояды.

  • 3. Альтернативаны бағалау. Ықтимал альтернативаны тапқан жағдайда алдын-ала бағалау қажет. Зерттеу тұжырымды ойдың бағасынан алғашқы ойдың генерациясы бөлінген жағдайда альтернативалық ойдың саны да, сапасы да өсетінін көрсетті.

  • 4. Альтернативаны таңдау. Егер мəселе дұрыс анықталса , ал альтернативалық шешімдер түпкілікті таразыға салынып, бағаланса, талғам альтернативаны таңдайды. Бірақ егер мəселе қиын жəне көп мəселені ескеруге тура келсе, егер ақпарат пен қорытынды субъективті болса, бірде-бір альтернатива дұрыс талғамды болмауы мүмкін. Бұл жағдайда басты рөл тəжірибе мен пікірге беріледі.

  • 5. Тарату. Осыны іске асырғаннан кейін ғана шешімнің нағыз құндылығы белгілі болады. Альтернативаны таңдаумен мəселелерді шешу процесі аяқталмайды. іс-əрекеттің бағытына қарапайым таңдау жасау мекеме үшін құндылығы аз болып саналады. Қолда

бар мүмкіндіктен пайда табу немесе мəселені шешу үшін шешім таратылуы қажет.

24. Шешім қабылдау ортасы.Басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне әсер етуші факторлар. Шешім қабылдау д/з қажетті бір шараға байланысты қабылданатын адамның ойлау ісінің нәтижесі. Сонымен қататр басқару шешімі альтернативаны таңдау болып табылады.Шешім қабылдау сонымен бірге үдеріс ретінде де қарастырылады

. Шешім қабылданатын орта 3 түрге бөлінеді: 1. Анықталған орта 2 Тәуекелді орта 3 анықталмаған орта

  • Анықталған ортада шешімнің бірінші баламасын анықтап оны талдау негізінде шешім қабылдаймыз

  • Тәуекел ортада шешімнің екі ғана баламасы болуы мүмкін

  • Анықталмаған ортада мәселе бойынша ешқандай ақпарат,ешқандай шешім баламасы болмауы мүмкін

Басқару саласындағы шешімдердің сапасына қойылатын негізгі талаптар.

  • Ғылыми жағынан негізделуі: Шешім экономикалық және басқа әлеуметтік заңдардың әрекеттерін есепке алу және өндірістің нақты жағдайларына талдау жасау арќылы қабылдануға тиіс.

  • Бірлік. Белгілі бір міндетті шешер кезде әдетте басты міндеттер келіп туатын бірқатар қосалқы, екнші дәрежелі міндеттермен де айналысуға тура келеді. Олар шешім қабылданып отырған басты міндетке бағындырылуға тиіс.

  • Бағытталуы. Әрбір шешім нақты бір адреске бағытталуы және орындаушы адамдарға түсінікті болуы тиіс. Шешім тұжырымдамасы ойда айқын құрылуы керек және түрлі мағынада болмауға тиіс.

  • Мерзімнің нақтылығы. Басшы бағынышты адамға тапсырманы жєне оны орындау мерзімін көрсетпей бермеуге тиіс. Шешімде наќты іс-қимыл бағдарламасы баяндалып орындалуына жауапты адамдар жєне орындалу мерзімдері белгіленуі ќажет.

25. Шешім қабылдау әдістері: Төлем матрицасы және шешімдер бұтағы.

Шешім қабылдау – ақпарат алмасу сияқты кез келген басќару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған маќсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе.Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процедура, ол басќару процесінің кейінгі бүкіл барысын аныќтайды.Адамдардың есейе келе тәжірибе жүзінде шешім қабылдау процесін ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас ќабілеті сияқты шешім қабылдау қабілеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын ептілік. Біздің әрбіреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған шешімдерді қабылдаймыз.

Шешім қабылдау әдістері 2 түрге бөлінеді:

Төлем матрицасы мақсатқа жету жолында баламалардың ең ұтымдысын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс орын алатын жағдайдың ықтималдылығын анықтау нәтижесін шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

26. Шешім қабылдаудағы модельдері.

Модельдеу дегеніміз — нақты жүйеге ұқсас және осы жүйенің негізгі қасиеттерін сақтаған бірнәрсені құру. Модельдеу — шешім дайынау кезінде жүргізілетін аналитикалық іс-әрекеттерінің барлық түрлерін қамтиды. Модельдеудің әр түрі – бұл әлеуметтік-экономикалық процесстерді айқын бейнелеу және белгілі критерийлер арқылы оптималды шешім қабылдау тәсілі. Модельдер түрін жеке қолдануға және өзара бір-бірімен байланыстырып, модельдер жүйесі түрінде де қолдануға болады.

Модельдер физикалық, аналогтік және математикалық болады.

Физикалық модель дегеніміз — бұл зерттелетін объектінің немесе жүйенің үлкейтілген немесе кішірейтілген бейнесі.

Аналогтік модель — бұл өзін-өзі нақты объект тәрізді ұстайтын, бірақ оған ұқсамайтын объект.

Экономикалық,Математикалық модельдер – нақты жүйені символдық теңдікпен немесе теңсіздіктермен сипаттайды. Математикалық тілдің универсалдылығы математикалық модельдерді, объектіні зерттеуде қолайлы құрал болып табылады. Экономикалық-математикалық әдістердің түрлері. Сызықтық программалау айнымалылар арасындағы сызықтық тәуелділікті білдіреді және үлкен, әрі шағын жүйелердегі экономикалық мәселелерді шешу үшін қолданылады. Оларға өнім шығаруды фирма бөлімдері арасында тиімді бөлу, жаңа салынып жатқан объектілердің қуаттылығын анықтау, материалдарды ұтымды қиыстыруды жоспарлау, қолайлы қоспаларды белгілеу және тағы да басқалары жатады.

27.Жоспарлаудың мәні мен қағидалары.

Жоспарлау дегеніміз кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбат түседі. Өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылыр,тұтынушылыр,бәсекелестер ,банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті. Сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс.

Жоспарлау қағидалары:

  • орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру

  • Жоспар құруда жеке тұлғтарына емес ұжым мақсатына бағытталу

  • Жоспардың ғылыми негізделуі

  • Жоспардың икемділігі немесе бейімділігі

  • Жоспарлау ұйым қызметіне қажет етілетін ресурстардың типі мен көлемін анықтау қажет

Жоспарлау түрлері:

  • Мазмұнына байланысты экономикалық,технологиялық,әлеуметтік және мәдени

  • Маңыздылығы бойынша стратегиялық тактикалық оперативтік

  • Уақыт мерзімі бойынша ұзақ менрзімді және қысқа мерзімді

  • Бизнес жоспар көбінесе инвестиция тарту мақсатында құрылады. Оның құрамында ұйым сипаттамасы негізгі өндірілетін тауар түрлері нарықтық жағдайға талдау,өндірістік жоспар,қаржы жоспар,маркетинг жоспары және ұйымдық жоспар. заңнамалы жоспар және тәуекелге талдау көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]