Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.93 Кб
Скачать

19. Коммуникациялық процестің кезеңдері мен элементтері

Коммуникациялық процесс – бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Коммуникациялық процесс элементтері:

  1. Ақпарат жіберуші – идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші тұлға.

  2. Хабар – символдар көмегімен кодталған мәліметтер.

  3. Канал (арна) – мәлімет беру құралы.

  4. Алушы – тұлға, оған бағытталған және оны қызықтыратын мәлімет.

Коммуникациялық процесс кезеңдері:

  1. Жаңа идеяның туындауы немесе пайда болуы немесе мәліметтерді таңдау.

  2. Ақпаратты жіберу арнасын таңдау және шартты белгілерді анықтау.

  3. Ақпаратпен алмасу, яғни басқа тұлғаға идеяны жеткізу үшін мәліметті жіберу.

  4. Ақпаратты қабылдаушы мен қабылдау, яғни декодтау. Бұл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.

20. Тұлғааралық коммуникациялар және оларың алдындағы кедергілер

Тұлғааралық коммуникация процесінің тиімділігі барлық деңгейлердегі қарым-қатынас жолдары ашық болатынына тәуелді, егер олар жабық болса,коммун/ция дұрыс жұмыс істеуін тоқтатады. Тиімді коммун-ция басшылар мен бағыныштылар арасындағы аймақтық, семантикалық , акустикалық, т.б. сол сияқты көптеген кедергілер болады.

Тұлғааралық коммуникация жолындағы кедергілер:

  1. Кедергілер қабылдауымен байланысты. Адамның қабылдауына әртүрлі факторлар әсер етеді. Адамдар бірдей ақпаратты әр түрлі түсінуі мүмкін. Мұның себебі, олардың жасындағы, тәжірибесіндегі, өмірге көзқарасындағы, қоршаған ортадағы алатын орнына байланысты және т.б. ерекшеліктер болуы мүмкін.

  2. Семантикалық кедергілер. Семантика сөзбен берілетін ақпарат мәнін талқылауды зерттейді. Бірнеше мәні бар әртүрлі жағдайда өзгеше талқыланатын сөздер болады. Бұл сөздер коммуникацияда түсінспеушілікке әкеліп соғуы мүмкін, мұнда символдарды, сөздерді қол қимылдарымен мәліметтерді қолдану. Семантикалық кедергілер әсіресе көп ұлтты ортада жұмыс істейтін компанияларда орын алуы мүмкін.

  3. Вербалды емес кедергілер. Шартты белгілер, яғни көзқарастармен алмасу, бет әлпетімен ымдау арқылы болады.

  4. Түсініксіз кері байланыс немесе нашар кері байланыс. Ол арқылы сіз жіберген хабар алғашқы оған берілген түсінікте алушымен қабылданғанын анықтауға болады.

  5. Тыңдап білмеу. Коммуникацияның тиімділігін жоғарылатудың ең бір маңызды жағдайлары бұл адамдардың хабарларды жібергенде, не алғанда дұрыс.

21. Ұйымдық коммуникация және оның алдындағы кедергілер. Ұйымдағы коммуникацияларды жетілдіру

Ұйымдық коммуникация кәсіпорын қызметінің тиімділігіне едәуір ықпал етеді, сондықтан да, қандай кедергілер болғандығын, әрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге болатындығын білудің зор маңызы бар.

Ұйымдық коммуникациялар кедергілері:

  1. Ақпараттың бұрмалануы. Кәсіпорынның ішінде мәліметтің бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біреуі хабармен келіспегенде болуы мүмкін.

  2. Ақпараттың асып тасуы. Мұндайда басшы қажетті, қажетсіз мәліметтерді өңдеуге әуестенеді.

  3. Ұйымның құрылымының қанағатсыз болуы. Басшының қойылған міндетті жоспарлау және жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді.

Кәсіпорында мәлімет алмасуды жақсартуға болады, ол үшін кері байланыс жүйесі құрылуы, мәлімет тасқыны реттеліп отыруы, басқару әрекетінің белсенділігі арттырылуы, ұсыныс жинау жүйесі өрістетілуі, алынған мәліметтерді бастырып, ұйым ісінде пайдалануы, сондай ақ мәлімет алу үшін қазіргі технология жетістіктерін қолдануы тиіс.

Ұйымдағы коммуникацияны жетілдіру әдістері:

  1. Ақпараттық ағымдарды реттеу. Мында қабылдап алушы жақтың басшысы келіп түскен ақпаратқа байлаысты қалай шешім қабылдайтынына байланысты. Басшы сапалы ақпаратты бағалай білуі тиіс.

  2. Кері байланыс жүйесін жетілдіру. Кері байланыс өте маңызды, өйткені оның өзі сізің алған хабарыңыздың нақтылығын аықтауыңызға мүмкіндік береді. Басшылар тарапынан берілген хабарға қатысты кері байланыс болса жеке адамдар арасыда мәлімет алу тиімірек болады.

  3. Басқарушылық шаралар. Бұл тәсілде барлық іс-әрекет басшыға байланысты. Басшы ақпаратты төменне ала алады, сол бойынша өзі шешім қабылдай алады немесе сол ұйымда жұмыс атқаратын мамандарды шақырып, мәселені бірге талқылап шешім қабылдайды. Яғни бұл жерде өндірістік жұмыс нәтижесі басшының қабылдаған шешімінде.

  4. Ұсыныстар жинау жүйесін қалыптастыру.

  5. Қазіргі кезеңгі ақпараттық технологияларды қолдану.

  6. Ақпараттық бюлетендер немесе газеттер шығару.

22.Ұйымдастырушылық шешім.Ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдаудағы тәсілдер.Ұйымдық шешім дегеніміз лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндеттерді орындауы үшін таңдай білу қабілеттіліктерінің болуы. Оның мақсаты ұйымның алдында тұрған мәселелр қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп ќабылданған жєне орындалған мақсатты айтуға болады.

Ұйымдық шешімдердің жіктелуі.Ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп бөлуге болады.Бағдарланған шешім – математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбір қадам мен қимылдың белгілі бір сәйкестілігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Немесе іс-қимылдың айқын, белгілі бір ќисынға сәйкес, нєтижелі түрде жүзеге асырылуы.Мұнда альтернативаның мүмкіндік саны шектеулі және таңдаулар ұйымдар белгіленген бағыттарда жүзеге асырылады.Бағдарланбаған шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: ұйым мақсаттары қандай, өнімді қалай жақсартуға болады, бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіру ќажет, бағыныштыларды қалай ынталандыру керек.

Ұйымдастырушылық шешім тәсілдер..Интуитивтік шешім — бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім — бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.

  • Пайымдауға негізделген шешім — бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

  • Ұтымды шешім қабылдау тәсілі.Ұтымды шешімдер обьективті аналитикалық процесс негізінде қабылданады.Ұтымбы шешімдер қабылдау процестері:1)Мәселені диагностикалау 2)Шешімге қатысты шектеулер мен критэрилерді тұжырымдау 3)Баламаларды анықтау 4)Баламаларды бағалау .5)Ең ұтымды баламаны таңдау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]