Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.93 Кб
Скачать

17. Ұйымға сыртқы ортадан жанама әсер ететін факторлар

Ұйымға жанама әсер ету ортасы – ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып не реттеп отыра алмайды. Бұл факторларды менеджерлер ескеруі қажет. Жанама әсер ету факторларына саяси, экон/лық, әлеу/к-мәдени, ғылыми-тех-қ, табиғи, халық-қ,ж/е т.б. факторлар жатады. Саяси: Ұйым қызметіне саяси тұрақтылық не тұрақсыздық, елдегі әлеу-к жағдай, экон-ға мем-тің кірісу дәрежесі ж/е бизнес дамуына жағымдвы көзқарасынан туатын шаралар, экон-ка секторларын мем/т меншігіне не жекешелендірушаралары, қоғамның демократизац-ның даму деңгейі ж/е т.б. жатады. Экон/қ жағдай: ұйым басқармасымен бағалануы тиіс. Себебі экон/ка циклдың қай стадиясында болуы, инф-ның болуы ж/е оның түрі, инв-р үшін тартымдылығы және т. б. Факторлар ұйым іс-әрекетінің нәтижесіне үлкен әсер жасайды. Әлеу/к фактор:Қоғамда қалыптасқан өмірлік құндылықтар, стеоретиптер, дәстүрлер, ережелер, жеке тұлғалар мен топтардың ұйым ішінде жүргізілетін іс әрекет әдістеріне айтарлықтай әсерін тигізеді, Мысалға: ТМД елдеріндегі орын алған заңсыз бюрократия қалдықтары. Технология ұйымның тек ішкі ортасының құрамдасы болмай, сонымен қатарсыртқы ортаның маңызды факторы б.т. Оның маңызы әсіресе бүгінгі ҒТП-ң ғасырында жаңалықтарды ашуж/е енгізу қарқыны жоғарылағанда зор боп бөлінеді. Қорыта келгенде аты аталған факторлар ұйымға жекеленіп емес, комплексті, бір-бірімен тығыз б/сты түрде әсерін тигізеді.

18. Ұйымдағы коммуникация түсінігі және түрлері

Коммуникация дегеніміз – екі немесе одан да көп адамдардың немесе адамдар тобының өзара ақпаратпен, мәліметтермен алмасуы. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады. Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым қатынас орнатуы қажет. Шет ел зерттеулерінің пікірінше тиімсіз қарым қатынас проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар бұлар тиімді қарым қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.

Ұйымдағы коммуникация түрлері:

  1. Ұйым мен сыртқы орта арасындағы коммуникациялар.

  2. Ұйым ішіндегі бөлімдер мен деңгейлер арасындағы коммуникациялар.

  • Деңгейаралық тік байланыстар. Ұйымда байланыстар тек жоғарыдан төмен ғана емес, төменнен жоғары байланыстар да болуы мүмкін. Жоғарыдан төмен қарай бұйрықтар, тапсырмалар берілетін болса, төменнен жоғары қарай ақпарат, есеп беру, түсініктеме, арыз, ұсыныстар т.б. берілуі мүмкін.

  • Бөлімшелер арасындағы байланыстар немесе көлденең байланыстар. Бөлімшелер арасында жұмыстарын үйлестіру мақсатында ақпаратпен алмасу орын алады. Көлденең қатынастар бөлімшелердің тепе тең қалыптасуына әсер етеді.

  • Басшылар мен бағыныштылар арасындағы байланыс. Бұл байланыс коммуникациялар ішіндегі негізгі компонент ретінде қарастырылады. Бұл қатынастар жан жақты және әртүрлі хабарлармен алмасу, мақсаттарды белгілеу, идеяны табу, мақсатқа жету жолында тиімді жұмыс ету үшін талқылау жасау, бағыныштылар қабілетін дамыту және т.б.арқылы жүзеге асады.

  • Басшы мен жұмыс топтары арасындағы байланыс. Бұл байланыс жұмыс жұмыс тобының жұмысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында оның тиімділігін арттыру мақсатында орын алады.

  1. Бейресми коммуникациялар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]