Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.93 Кб
Скачать

9.Ұйым басқарудың обьектісі ретінде. Ұйымның сипаттамалары.

Ұйым дз алға қойылған мақсатқа жету барысында енбектің санаулы турде үйлестіретін адамдар тобы. Ұйымдар ресми,бейресми,жай және күрделі болып бөлінеді.

Ресми ұйымдар мақсатты орындауда басқару үдерісі жүйелі үйлестірілген нақты кұрылымға ие болатын,көбінесе басшылық еркімен кұрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден кұрылатын адамдар тобы.

Жай ұйымдар жай жүйе негізінде кұрылады яғни оның мақсаттары мен ішкі байланыстары санаулы.

Күрделі ұйымдар кұрылымымен максаттырының жан жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады

Ұйымның негізгі сипаттамалары ;

  1. ресурстар. Жалпы алғанда кез келген кызмет нәтижеге алдыға қойылған мақсатка қол жеткізу үшин ресурстарын тиімді пайдалану керек. Ұйым колданатын негізгі ресурстар адамдық,материалдық, каржылык,ақпараттық және технологиялық болып бөлінеді.

  2. Сыртқы ортамен байланыс. Ұйымның кызметімен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындағы экономикалық,саяси,нарыктық,халыктық,әлеуметтік тсс факторларға байланысты

  3. Енбек бөлінісі. Ол екіге бөлінеді тік және көлденең еңбек бөлінісі.

Өндіріс үрдісіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктеуді көлденең еңбек бөлінісі дейміз.

Тік еңбек бөлінісі басқару ісінің күрделі, жүйелі сипатта болуына туындайтын әрекет.

10. Г.Минцберг бойынша басқарушының рөлдері

Басшылардың атқаратын рөлін зерттеген Генри Минцберг. Оның тұжырымдамасы бойынша басшының рөлі былайша айқындалады:» нақты мекемеге немесе нақты лауазымдық қызметке сәйкес келетін мінез құлық ережесіне ие болу» Минцберг топ менеджерлердің бақылау рөлін 10 түрге бөліп, оны негізгі үш категорияға топтады.

Рөлі

Сипаттамасы

Қысқаша сипаты

1

2

3

Жеке адамдар арасындағы рөлі

Негізгі басшы

Оның міндетіне праволық н/е әлеуметтік сипаттағы жұмыстарды орындау жатады.

Рәсімдер,іс әрекеттер жасау, өтініш ету

Жетекші

Қол астындағы мотивацияларға ж/е белсенділігін арттыруға, жұмыскерлерді алуға, даярлауға, осыған бай/ты міндеттерге жауапты.

Байланыстырушы буын

Сыртқы байланыс жұмыстары мен мәлімет көздерін қамтамасыз етеді.

Басқа ұйымдармен хат хабар алысуға, мәжілістер өткізуге, басқа да жұмыстарға қатысады.

Мәліметтік рөлі

Мәліметтерді қабылдау

Арнайы мақсаттағы алуан түрлі мәліметтерді іздестіреді ж/е алады, әрі оны өз ісіне тиімді пайдаланады

Барлық хат хабарларды өңдейді, мәлімет алу мақсатына бай/ты жүзеге асырады

Мәліметтерді таратушы

Сыртқы көздерден н/е басқадай бағыныштылардан алынған мәліметтерді ұйым мүшелеріне таратады.

Мәлімет алу мақсатында ұйымдарға хат хабарлар жібереді.

Өкілдіктер

Ұйымның жоспарына, саясатына іс әрекетіне, жұмыс нәтижесіне қатысты мәліметтерді сыртқы ортаға таратады.

Мәжілістерге қатысады, почта арқылы хат хабар алысады, ауызба ауыз сөйлеседі.

Шешім қабылдауға байланысты рөлі

Кәсіпкер

Ұйымның өзінен ж/е одан тыс жерлерден мүмкіндіктер қарастырады, жетілдіру жөніндегі жобаны жасайды.

Мәжілістерде стратегияны, нақты жағдайды, жобаларды талқылауға ж/е жұмысты жетілдіруге қатысады.

Қателіктерді жою

Ұйым өрескел қателікке душар болған жағдайда, оны жою әрекеттеріне жауап береді.

Стратегиялық ж/е күнделікті меселелерді, соның ішінде проблемалар мен дағдарысты талқылауға қатысады.

Ресурстарды бөлуші

Ұйымның алуан түрлі ресурстарын бөлісуге жауапты.

Бюджеттерді жасауға ж/е орындауға қатысты график жасайды.

Келіссөз жүргізуші

Барлық келіссөздерге ұйым өкілі ретінде жауап береді

Келіссөз жүргізу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]