Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.93 Кб
Скачать

3.Стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды басқару: тактика,саясат,процедура,ережелер.

Стратегияны құру кезеңінде оны жүзеге асыру,іс әрекеттерін анықтау қажет. Стратегияны жүзеге асыру барысында негеізгі төрт компонентке көңіл бөлеміз,яғни тактика,саясат,процедура,ережелер.

  • Тактика: Ұйымның жалпы мақсатына сәйкес келетін орта мерзімді жеке мақсаттарды анықтайтын құрал. Оларды басқаша қысқаша стратегия деп те атайды. Тактикалық жоспар сипаттамалары: 1.Тактика стратегия шеңберінде құрастырылады. 2. Тактика орта буын басшылығы деңгейінде құрылады 3. Стратегияға қарағанда қысқа мерзімге бағытталған4 тактикалық жоспар нәтижелері стратегиялар нәтижеге қарағанда неғұрлым тезірек орын алады және нақты іс әрекетпен үйлеседі

  • Саясат: Мақсатқа жету үдерісін жеңілдететін басқару шешімін қабылдау және іс-әрекеттерді анықтау үшін құрылатын жалпы басшылық.

  • Процедуралар: Нақты жағдайды қажет етілетін іс әрекеттерді анықтайды. Басқаша айтқанда процедура стандарттық қайталанатын жағдайда қажет етілетін іс әрекеттердің алдын ала бағдарланған тізбегі

  • Ережелер: Спецификалық жағдайда қажет етілетін іс әрекеттер жиынтығы.

4.Өкілеттілікті делигерлеу. Жауапкершілік. Сызықтық өкілеттілік.

Жалпы өкілеттілік туралы айтып кететін болсақ өкілеттіліктер- ұйымның ресурсын пайдалану құқығын шектеу және кейбір қызметкерлердің күш –жігерін белгілі бір міндетті орындауға бағыттау болып табылады.

Менеджментті жалпы жөнге қоюда тиімді пайдалану ұйымдастырудың негізгі элементтерін: табыстау,жауапкершілік пен өкілеттікті ең жайлы үйлестіруді көздейді.

Делигерлеу(табыстау)-басқару теориясында олардың орындалуы үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайтын тұлғаға міндеттер мен өкілеттіктерді беруді білдіреді. Өкілеттіктерді делигерлеу бағыныштыларға шешім қабылдау мен қандай да бір іс әрекеттерді жүзеге асыруда билік беруді білдіреді

Өкілеттіктерді делигерлеу мынадай болады:

  • Толық-бағынышты жұмысты орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды. Бастық бұл жұмысқа тартылмайды.

  • Шектеулі-бағынышты жұмысты бастықпен бірлесіп орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды.

  • Нөлдік-бағынышты жұмысты орындайды,бірақ ол үшін жауапкершілікті бастық көтереді.

  • Керісінше табыстау-бағынышты жұмысты бастыққы қарай ауыстырады.

Жауапкершілік-мойында бар міндеттемелерді орындау және оларды қанағаттандырарлықтай шешуге жауап беру деген сөз. Міндеттеме ретінде жеке тұлғадан ол ұйымда белгілі бір қызмет атқаратын болса,нақтылы жұмыс талаптарын орындау күтілетінін түсінген жөн. Іс жүзінде жеке тұлға белгілі бір сыйақы алу үшіносы қызмет міндеттерін орындауға арналған мәміле жасайды.

Жауапкершілік еңбеккердің өзіне өкілетін беретін адамның алдындағы міндеттерін орындау нәтижелері үшін жауап беретінін білдіреді.

5. Аппаратық өкілеттіліктер.

Аппараттық(штабтық) өкілдіктің алуан түрі болады. Бұған жататындар:

  • Линия басшылары консультативтік аппарат кеңес сұрағанда оның білім дәрежесі қажет болғанда ұсынылатын өкілеттілік;

  • Линия басшысы әрекет етуге тиісті жағдайды штабтық аппаратпен талқылау қажет болған кездегі міндетті келісу;

  • Қосалқы өкілеттілік,мұндағы мақсат билікті жетілдіру және өрескел қателерге жол бермеу үшін бақылау жүйесін орнату. Бұл үкімет ұйымдарында кеңінен қолданылады

  • Функционалдық өкілеттілік барлық практикалық істер линиялық және штабтық міндеттерде айырмашылық болуына жол бермейді. Мұндай өкілеттілікке ие болған аппарат өз компетенциясы саласындағы кез келген әрекетті ұсынуға да тыйым салуға да қақысы бар

Сызықтық өкілеттіліктікелей басшыдан,оның қарамағындағыларға,әрі қарай бағыныштыларға беріледі. Линиялық өкілеттілік басшыға берілген заңдастырылған билік,сол арқылы ол қарамағындағыларға алған қойған мақсатты орындауды талап етеді. Линиялық өкілеттілікке ие болған басшы сонымен қоса,белгілі бір шешім қабылдауға,нақты мәселелерді шешуді өзінін жоғары басшының келісімен күтпей ақ дербес әрекет етуге қақысы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]