Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
103.93 Кб
Скачать

1. Стратегиялық баламаларды зерттеу стратегиялық жоспарлау ретінде кезеңі ретінде: шектеулі өсу стратегиясы және өсу стратегиясы.

Стратегия әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі. Стратегия кәсіпорынның (фирманың, компанияның, партияның, т.б.) ұзақ кезең бойына алдына қойылған міндетгерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданылады.

Шектеулі өсу стратегиясы. Көптеген ұйымдар шектеулі өсу болып табылатын стратегиялық баламаларды ұстанады. Бұл стратегияға ақпаратты ескеру арқылы түзетілген әрі қол жеткен межеден мақсаттарды белгілеу тән. Шектеулі өсу стратегиясы негізінде өз жағдайында қанағаттанатын тұрақты технологиялы өнеркәсіптің кемеліне келген салаларында қолданады. Ұйымның бұл баламаны таңдау себебі,ол ең оңай,әлдеқайда қолайлы әрекет етудің қатері аз тәсілі. Егер фирма шектеулі өсу стратегиясын ұстану арқылы өткен шақта пайдаға кенелген болса, онда сол стратегияның жолымен жүреді.

Өсу стратегиясы. Өсу стратегиясы жыл сайынғы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттардың деңгейін өткен жылдағы көрсеткіштердің деңгейінен елеулі асыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл стратегия жиі таңдап алынатын екінші балама болып табылады. Ол технологиясын жылдам өзгертіп отыратын динамикалы дамитын салаларда қолданылады. Өсу стратегиясында ішкі және сыртқы өсу болады. Ішкі өсу- тауарлардың ассортиментін кеңейту жолдарымен болуы мүмкін. Сыртқы өсу-сатылас немесе деңгейлес өсудің формасындағы шектес салаларда болуы ықтимал.

2.Стратегиялық баламаларды зерттеу стратегиялық жоспарлау кезеңі ретінде: қысқарту стратегиясы және байланыстыру стратегиясы.

Стратегия әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі. Стратегия кәсіпорынның (фирманың, компанияның, партияның, т.б.) ұзақ кезең бойына алдына қойылған міндетгерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданылады.

Қысқарту стратегиясы. Басшылар сирек таңдайтын әрі соңғы құралдың стратегиясы деп жиі аталатын балама кеміту стратегиясы болып табылады. Мақсаттардың деңгейі өткен шақтағы қол жеткен межеден төмен белгіленеді.Шындағанда көптеген фирмалар үшін кеміту операцияларды оңтайландыру мен қайта бағдарлаудың сенимді жолын білдіреді.

Қысқарту баламаларының аясында бірнеше нұсқалар болуы мүмкін:

  • Тарату. Қысқартудың ең ұйымды нұсқасы ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толық көтере сату болып табылады.

  • Артықтарды алып тастау. Фирмалар өзінің бірқатар бөлімшелері мен қызмет түрлерін өзінен бөліп тастауды пайдалы деп есептейді.

  • Қысқарту және қайта бағдарлау. Тоқыраған экономикадағы көптеген фирмалар пайданы көбейтуге талпынғанда өз қызметінің бір бөлігін қысқартуды қажет деп санайды.

Қысқарту стратегиясы көбінесе компания қызметінің көрсеткіштері нашарлауын тоқтатпағанда,экономика құлдыраған немесе ұйымды құтқару үшін жүгінеді.

Байланыстыру стратегиясы. Ол барлық баламаларды ұштастыруды ұйғарады. Оны ең алдымен бірнеше салаларды белсенді әрекет ететін ірі фирмалар қолданады. Байланыстыру стратегиясы -шектеулі өсу,өсу және қысқарту –үш стратегияның кез келгенін біріктіруді білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]