
- •4) Ғылыми басқару мектебі және оның негізін қалаушылардың басқару теориясына қосқан үлесі. (1856- 1920).
- •6) Басқарудың адамдық қатынастар мектебі және оның басқару теориясына қосқан үлесі. (1930-1950)
- •7) Басқару теориясының мінез-құлық мектебі және оның басқару теориясына қосқан үлесі. (1930-1950)
- •8. Басқару ғылымы мектебі (сандық тәсіл) және оның басқару теориясына қосқан үлесі.
- •9.Ұйым басқарудың обьектісі ретінде. Ұйымның сипаттамалары.
- •10. Г.Минцберг бойынша басқарушының рөлдері
- •11.Басқарудың мәні. Басқару деңгейлерінің жіктелуі: дәстүрлі ж/е Парсонс бойынша
- •12) Ұйым түсінігі және түрлері. Олардың басты сипаттамалары.
- •13.Ұйымның ішкі ортасы ж/е оның өзгерістерінің сипаттамалары.
- •14.Дж. Вудворд және Томпсон бойынша технологиялар классификациялары.
- •15. Ұйымның сыртқы ортасы. Сыртқы орта сипаттамалары
- •16. Ұйымға сыртқы ортадан тікелей әсер ететін факторлар
- •17. Ұйымға сыртқы ортадан жанама әсер ететін факторлар
- •18. Ұйымдағы коммуникация түсінігі және түрлері
- •19. Коммуникациялық процестің кезеңдері мен элементтері
- •20. Тұлғааралық коммуникациялар және оларың алдындағы кедергілер
- •21. Ұйымдық коммуникация және оның алдындағы кедергілер. Ұйымдағы коммуникацияларды жетілдіру
- •23.Проблемаларды Ұтымды шешу және оның басты кезеңдері.
- •28. П.Лорандж бойынша стратегиялық жоспарлау аясындағы қызметкер түрі
- •29.Стратегиялық жоспарлау процесі. Басты кезеңдері:
- •30. Ұйым мақсаты және миссия. Мақсаттарға қойылатын талаптар
- •1. Стратегиялық баламаларды зерттеу стратегиялық жоспарлау ретінде кезеңі ретінде: шектеулі өсу стратегиясы және өсу стратегиясы.
- •2.Стратегиялық баламаларды зерттеу стратегиялық жоспарлау кезеңі ретінде: қысқарту стратегиясы және байланыстыру стратегиясы.
- •3.Стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды басқару: тактика,саясат,процедура,ережелер.
- •4.Өкілеттілікті делигерлеу. Жауапкершілік. Сызықтық өкілеттілік.
- •6. Әкімшілік аппараттың типтері.
- •7. Ұйымдық құрылым түрлері мен типтері.
- •8.Ұйымның сызықтық және функционалдық құрылымы.Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •9. Ұйымның сызықтық функционалдық құрылымы.Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •10.Ұйымның матрицалық құрылымы .Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •11.Ұйымның дивизиондық құрылымы.Артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •12. Мотивация – менеджмент функциясы ретінде.Мотивациялау теорияларының эволюциясы.
- •13. Мотивацияның мазмұндық теориялары. А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы.
- •14. Мотивацияның мазмұндық теориялары. Мак Клеландтың қажеттіліктер теориясы.
- •15. Мотивацияның мазмұндық теориялары. Ф. Герцбергтің қос факторлы теориясы
- •17. Әділеттілік теориясы мотивацияның процессуалдық теориясы ретінде.
- •18. Мотивацияның процессуалдық теориялары. Портер-Лоулердің моделі.
- •19. Бақылау қызметінің мәні мен қажеттілігі. Басқарушылық бақылаудың негізгі түрлері.
- •20. Бақылау үрдісінің мәні мен кезеңдері. Рұқсат етілетін ауытқулар көлемі (масштабы)
- •21. Тиімді бақылау сипаттамалары
- •22. Топ түсінігі мен түрлері. Топтың тиімді жұмыс істеуіне әсер ететін факторлар.
- •23. Бейресми топтарды басқару. Хоманс моделі. Адамдардың бейресми топтарға кіру себептері.
- •24. Билік және ықпал ету түрлері. Билік балансы.
- •25.Мәжбірлеуге және марапаттауға негізделген билік нысандары. Олардың кемшіліктері.
- •26. Сараптау, эталонды және заңды билік нысандары. Олардың кемшіліктері
- •27. Басқару стилі: автократиялық, демократиялық және либералды
- •28) Көшбасшылық. Көшбасшылыққа қолданылатын тәсілдер
- •30. Жанжал түсінігі. Жанжалдық жағдайларды шешудің құрылымдық әдістері мен тұлғааралық стилдері.
1.Басқару ғылымының мәні мен әдістері. Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын(саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б) қамтиды.Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны- бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс.Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады.Қорытындысында адамдардардың бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатындар болса, басқа біреулері – басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бұл қарым-қатынастар яғни, қоғамдық байланыстар мен олардың өзара ықпалдасуының жиынтығы басқару субьектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады. Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің – басқарушы мен басқарылушының бірлігі ретінде қарастырылады. Оның алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын –мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, кәсіпорынды және т.б білдіреді. Басқару –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы. Басқару әдістері- бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі. Ғылыми басқаруда төмендегідей әдістер қолданылады:
Ойын теориясы әдісі- бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін қолданылады;
Имитациялық модельдендіру әдісі- бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады.Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын модельдейді, бәсекелесінің іс-әрекетінің экономикалық жағдайын қарастырады.
Бұтақты ағаш тәрізді щешімдір әдісі- бұл әдісте мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.
Болжау әдісі- баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін қолданылатын әдіс.
2) Басқару тәсілдері және олардың сипаттамалары. Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі үш тәсілде жүреді.
Бірінші тәсіл- мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші роль атқарады. Басқарудың мақсаттылығы- кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерін ұйымдастыру үшін жіктеу. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе кооперацияны енгізу т.б шараларды орындау үшін қолданылады.
Екінші тәсілі- бағдарламалық басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бһлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып табылады.
Үшінші тәсілі- жағдайға қарай басқару. Бұл мақсатты айқындалған әрі сирек өзгеретін, тұрақтанған, толық меңгерілген өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет- туындаған қолайсыз жағдайдан, өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылдайды.
3) Жүйелік тәсілдің негіздері. Жүйе түсінігі, түрлері және қасиеттері. Жүйелік- табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінді өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элеметтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталған.
Жүйе дегеніміз- тұтасай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элеметтердің жиынтығы. Жүйенің жалпы қасиеті иерархиялығы (төменнен жоғарыға бағыну тәртібі), яғни жүйе неғүрлым күрделі құрылымға енгенде оның элементіне айналуы және керісінше жүйе элементі дербестік ала отырып, өзі де жүйеге айналады.
Жүйенің негізгі екі түрі болады: жабық және ашық жүйе. Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, оның іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар-бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер.
4) Ғылыми басқару мектебі және оның негізін қалаушылардың басқару теориясына қосқан үлесі. (1856- 1920).
Ең алғаш Ф.Тэйлордың есімімен байлан-лып аталды.Оның негізгі еңбектері: «Кәсіпорынды басқару», «Ғылыми басқару принцип-рі».Ол еңбек өнімділгін арттыру қожайынға да жұмысшыға да мол пайда алып келеді деп ұйғарған.Оны «менеджмент ғылым-ң атасы деп санады.Ол тұжырым-ң нег.ережелерін бөліп көрсетті:ғылыми критери-ің негізінде жұмысшы-ды іріктеп,оларды іріктеп,оларды жаттык-у,әкімшілік пен жұмысшы-ың ара-ғы ынтым-тык.
а)Міндетті орындаудың таңдаулы әдістерін анықтауда ғылыми таңдауды пайдалану;б)мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулып отыруды қамтамасыз ету;в)қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.г)еңбек өнімділігін арттыруда материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану. Бетлехем стильде ғылыми менеджментті 4 стильде дамытады: 1)нормалау; 2)уақыт және міндетті зерттеу; 3)ұдайы сұрыптау және баулу; 4)ақшалай ынталандыру. Тейлор концепцияларының негізгі қағидалары: 1)Бұрыннан қалыптасқан ескі дәстүрлі жұмыс тәсілінің орнына ғылыми іргетасты құру оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерртеу; 2)Қызметтерді ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру; 3)Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ұйымдастырылған жүйесін тәжірибегеенгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық. 4)Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
5. Басқарудың классикалық (әкімшілік) мектебі және оның басқару теориясына қосқан үлесі (1920-1950). Келесі өкілі А.Файоль пікірі бойынша әкімшілік өзіне мына функцияларды құрайды: өндірістік, коммерциялык, қаржылық, несиелік, есептік бухлік,әкімшілік.
а)Басқару қағидаларын дамыту; б)Басқару функциясын бейнелеу; в)Ұйымды басқарудағы жүйеленген әдіс. Файоль әкімшілік басқару көрнекті өкілі. Файоль өзінің негізгі «жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік» (1916) атты еңбегінде капиатлисттің әкімшілік қызметіне жалпы көзқарасын қарастырып, осының негізінде әкімшіліктің етудің кейбір қатаң міндетті принциптерін тұжырымдайды. Файоль пікірінше әкімшілік ету жан жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және техникалық, коммерциялық, ақша қаражаттарын іздестіру, қорғаныстың, бухгалтерінің әкімшілік салаларын қамтиды. Файоль әкімшілікбасқарудың бірқатар принциптерін ойластырып мұның өзі оның пікірінше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Оның менеджменттерге арналған 14 қағидаларына басқарушының қызмет міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді: 1)жұмысты бөлісу, 2)билік, 3)тәртіп, 4)дара басшылық, 5)бағыт билігі, 6)жеке мүддені жалпы мүддегебағындыру, 7)ақы төлеу, 8)орталықтандыру, 9)ерархиялық тізбек, 10)Реттілік, 11)Әділеттілік, 12)Қызметшілердің тұрақтылығы және қызмет лауазымына бөлу мерзімі, 13)ынта ықылас, 14)ерекше рух. Әкімшілік функцияныталдай отырып Файоль оның 5 элементін бөліп көрсетті: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау.